Национальной академии наук республики казахстан


Kolosov, YM Existing international law. - M., 1968.- T. 3. - P. 58



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58

 
Kolosov, YM Existing international law. - M., 1968.- T. 3. - P. 58. 
[2]
 
Hermida, J. Legal basis for a national space legislation. - Dordrecht Boston: Kluwer Academic, 2004. - 273 p. 
[3]
 
Gal, G. Space Law Imprint. - LeydenSijthoff, 1969. - 132 p. 
[4]
 
 Brownlie,  I.  A  Survey  of  International  Customary  Rules  of  Environmental Protection  //  13 nat.resourses  J.  -  London, 
1973. - P. 179. 
[5]
 
 Kolosov, YM The struggle of the USSR for the peaceful use of outer space 1957-1985. - M., 1985. - T.1-2. - 430. 
[6]
 
 Patricia, B., Boyle, AE International Law and the Environment // Printed in Great Britain, 2002. Second Ed. - Oxford, 
2002. - 930 p. 
[7]
 
Korovin, EA About neutralization and demilitarization of space // International Affairs. - 1959. - №11. - P. 118. 
[8]
 
Korovin, EA On the international regime of outer space // International Affairs. - 1959. - №1. - P. 79. 
 
ПОНЯТИЕ И ОСОБЕННОСТИ МЕЖДУНАРОДНО ПРАВОВОЙ ОХРАНЫ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ ОТ 
НЕГАТИВНЫХ ПОСЛЕДСТВИЙ КОСМИЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
Кабанбаева Гулбакыт Борибековна
1
 
1
Доктор PhD. И.о. доцента кафедры таможенного, финансового и экологического права юридического факультета 
Казахского национального университета имени аль-Фараби. г.Алматы, Казахстан. 
 
Ключевые  слова:  космическая  деятельность,  международное  экологическое  право,  негативные  последствия, 
экологическая безопасность, космическое право.  
Резюме.  В  настоящей  статье  всесторонне  и  комплексно  рассмотрено  одно  из  наиболее  актуальных  вопросов 
международного  космического  права  и  международного  экологического  права  касательно  экологической 
безопасности  космической  деятельности.  Исследовано  содержание  международного  и  национального 
законодательства.  В  данной  статье  исследованы  принципы  международно  правовой  охраны  окружающей  среды  от 
негативных  последствий  космической  деятельности,  а  также  исследованы  вопросы  ответственности  за  загрязнение 
окружающей  среды  и  космического  пространства.  В  ходе  исследования  подготовлены  рекомендации  по 
совершенствованию текущего законодательства а также теоретические заключения.  
Методологическую  основу  статьи  составили  сравнительно-правовой  метод,  формально-логический,  системно 
структурный  анализ,  научная  абстракция,  единство  обьективного  и  субьективного  в  процессе  развития  правовых 
процессов, экспертной оценки, контент – анализ документов и материалов.  
Автор,  изучая  вопросы  международно-правовой  охраны  от  негативных  последсвий  космической  деятельности 
приходит  к  заключению  что  усиление  эффективности  правотворческой  и  правоприменительной  деятельности  ООН, 
показывает  возможность  создания  и  роли  международной  организаций  по  охране  окружающей  среды  от  негативных 
последствий космической деятельности.  
 
Сведения об авторах: 
Кабанбаева  Гулбакыт  Борибековна,  -  Доктор  PhD.  и.о.  доцента  кафедры  таможенного,  финансового  и 
экологического права юридического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби. г.Алматы, 
Казахстан. gulbaht@mail.ru 
 
Поступила 18.04.2015 г. 
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
84  
 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDK 336.741.28 
 
To a question of concept of state regulation  
of legal relations in the subsurface use sphere 
 
B.Kalymbek
 
b_kalymbek@mail.ru 
 
Kazakh national university named after Al-Farabi, Almaty, Kazakhstan 
 
Key  words: a subsurface,   a state administration, a protection of environment, a state regulation, government 
bodies, an  investor. 
Abstract.  In this scientific article the opinion of scientists on concept of public administration,  essence of the 
state  in  the  subsurface  use  sphere  is  considered.  The  general  content  of  public  administration  and  state  regulation, 
their interrelation and legal problems is characterized. Also classification of government bodies, their system in the 
sphere of protection of subsurface use and environment is considered. Carrying out the review on function of state 
regulation in subsurface  use, the offer on their development is offered. Defining a role from the different points of 
view of regulation of the state, its special importance is specified. 
 
ӘОК 336.741.28 
 
Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласында құқықтық 
қатынастарды мемлекеттік реттеудің мәселелері 
Қалымбек Б. 
b_kalymbek@mail.ru 
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы. Қазақстан. 
       
Тірек  сөздер:  мемлекеттік  басқару,  жер  қойнауын  пайдалану,  қоршаған  ортаны  қорғау,  мемлекеттік 
реттеу, мемлекеттік органдар, инвестор. 
Аннотация.  Бұл  ғылыми  мақалада  жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы  мемлекеттің  мәні, 
мемлекеттік  басқару  ұғымына  қатысты  ғалымдардың  пікірлері  айтылады.  Мемлекеттік  басқару  мен 
мемлекеттік реттеудің жалпы мазмұны, өзара байланысы және құқықтық мәселелері сипатталады. Сондай-ақ,  
жер  қойнауын  пайдалану  мен  қоршаған  ортаны  қорғаудағы  мемлекеттік  органдардың  жіктелуі,  жүйесі 
таныстырылады.  Жер  қойнауын  пайдаланудағы  мемлекеттік  реттеу  функцияларына  шолу  жасау  арқылы 
олардың жетілдіру ұсыныстары қарастырылады. Мемлекеттің аталған саладағы реттеу ролі әр түрлі тұрғыда 
айқындалып, оның маңыздылығы көрсетіледі. 
 
Жалпыға  мәлім,  мемлекет  бұл  –  тарихи  және  күрделі  даму  үстіндегі  қоғамдық-саяси  құбылыс. 
Мемлекеттің жалпы ұғымына, оның негізі мен қоғамда алатын орнына қатысты қоғамда әртүрлі ойлар 
қалыптасқан.  Қоғамның  ұйымдасқан  нысаны  ретінде  мемлекет  оның  тиісінше  басқарылуы  мен 
біртұтастығын  сақтауға  және  қоғамның  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған  функцияларды 
орындауға міндетті. Мемлекет бір жағынан жалпы ұлттық және қоғамның мүдделерін қорғауда тәуелсіз 
болса,    екінші  жағынан  құқықтық  қатынастың  тең  тарабы  ретінде  азаматтық  құқықтық  қатынастарға 
дербес  қатысу  құқығына  ие.  Мемлекет  бүкіл  қоғамда  және  өзінің  қызметінде  заңдылық  принципін 
басшылыққа алады.  
А.А.  Матюхин  «мемлекеттің  қызметінің  заңдылығы  неге  байланысты  болады?»  -  деген  сұрағына 
мынадай  жауап  береді:  «мемлекет  қызметінің  заңды  болуы  оның  бөлек  тұлғалардың,  қоғамдық  және 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
85 
саяси институттардың заң алдында жауапкершіліктерін белгілеп қана қоймай, өзінің де жауапкершілігін 
белгілеу болып табылады». Мемлекет өзін құқық аясында қызмет ететін, өзін осы құқықпен шектейтін  
институт ретінде көрсетеді [2, 187 б.].  
Қоғамның бірқалыпты сақталуы және тәртіптілік пен заңдылықты орнату мақсатында, сондай-ақ, 
мемлекеттің одан әрі дамуы үшін әрбір мемлекет өзіне тән басқару қызметін жүзеге асырады. Басқару 
қызметінсіз мемлекет өмір сүре алмайды. 
Бүгінде  мемлекеттік  басқару  ұғымына  қатысты  ғалымдардың  әртүрлі  ой-пікірлері  бар.  Мысалы, 
ғалым  О.С.  Колбасовтың  пікірінше,  мемлекеттік  басқару  ұғымына  нақты  мемлекеттік  органдардың 
қызметін  жатқызу  керек  [3,  8  б.]. Ал, Г.В. Атаманчук  мемлекеттік  басқару  ұғымына  анықтама  берген 
кезде  биліктік  ықпал  ету  принципін  ерекше  атап  өтеді.  Ғалымның  ойынша,  мелекеттік  басқару  бұл  – 
қоғамдық жүйеге мемлекеттің  ғылыми  негізделген, жоспарлы,  тұрақты  және биліктік әсер  етуі  болып 
табылады. [4, 19 б.]. 
 
Келтірілген  анықтама  мемлекеттік  басқару  ұғымынң  толық  анықтамасын  бермейді.  Қоғамды 
реформалау,  республиканың  экономикалық  және  әлеуметттік  салаларында  демократиялық 
тенденцияның артуы «басқару» терминін одан әрі кеңінен түсінуге мүмкіндік береді.   
 
Біздің  ойымызша,  ғалым Н.Б.  Мұхитдиновтың ұстанған  позициясы жаңашыл болып есептеледі. 
Ғалымның ұсынысы бойынша, мемлекеттің басқару  белсенділігін көрсету үшін  «ықпал ету» терминін 
«атқару-билік  ету  қызметі»  ұғымымен  ауыстырған  жөн.  Оның  пікірі,  біздің  ойымызша,  басқару  тек 
қоғамдық қатынасқа қатысушыларға ғана әсер етіп қоймай, олардың арасындағы өзара байланысын да 
реттейді деген дәлелмен тұспа-тұс келеді [5, 27 б.]. Жалпы түсінгеніміздей, мемлекеттік басқару тек бір 
ғана  қоғамдық  қатынастарды,  яғни  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  және  құқықтық  қатынастарды 
реттеумен шектелмейді, ол бүкіл қоғамның, мемлекеттік  
органдардың тиісті дәрежеде қызмет атқаруына басшылық жасайды. 
Қазіргі таңда мемлекеттің тұрақты дамуын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи 
ресурстарды  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  етудің  бірден-бір  кепілі  мемлекеттік  басқару  арқылы 
жүзеге асырылады.  
Жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері мемлекеттің басты назарында 
болатын бағыттардың бірі. 
Жер  қойнауын  пайдалану  қатынастары  саласындағы  мемлекеттік  басқару  пайдалы  қазбаларға 
меншік  құқығы  мен  мемлекет  билігінің  бүкіл  аумақта  қолдану  құқығы  негізінен  туындайтын  өкілді 
және  атқарушы  органдардың  функциялары  болып  табылады.  Жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы 
мемлекеттік  реттеудің  басты  мақсаты  экономикалық,  әкімшілік  және  құқықтық  іс-әрекеттер  арқылы 
қоршаған ортаны қорғау мен жер қойнауын ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету болып есептеледі. 
Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  басқару  бұл– 
қоғам  мен  қоршаған  ортаның  өзара  байланыс  негізінде  экологиялық  тәртіпті  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  мемлекеттік  органдардың  атқарушылық  биліктік  қызметтерінің  бірі.  Экология 
саласындағы  мемлекеттік  басқару  органдарының  қызметі  ұлттық  заңнама  аясында  реттеледі,  бұл 
мемлекеттің экологиялық саясатының қалыптасуына ықпал етеді.  
 
 
Бүгінде  жер  қойнауын  пайдалану  қатынастары  құқықтық  қатынастардың  бір  түрі  болып 
табылғандықтан, оның тараптарының бірі ретінде міндетті түрде мемлекет қатысады, дәлірек айтқанда, 
мемлекет  бұл  қатынастарға  жер  қойнауының  қорғалуын,  ұтымды  және  нысаналы  мақсатта 
пайдаланылуын қамтамасыз етуді, заңдылықты сақтай отырып жүзеге асыратын  құзыретті мемлекеттік 
органдар  арқылы қатысады.     
Қазіргі  кезде  заң  әдебиеттерінде  жер  қойнауын  пайдалану  кезінде  қоршаған  ортаны  қорғаудағы 
мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік  реттеу  терминдерінің  өзара  байланысы  бар  екендігі  анық.  Егер  де 
мемлекеттік басқару ұйымдастырушылық қызметті көрсететін болса, жер қойнауын пайдалану қатынастарын 
мемлекеттік  реттеу  сол  қызметтің  мазмұнын  білдіреді.  Сондықтан  да,  бұл  ұғымдарды  бөліп-жарып 
қарастыруға болмайды.  Жер қойнауын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау қатынастарын мемлекеттік 
реттеудің  мазмұнына:  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  қорғауға  арналған  ұйымдастырушылық,  экономикалық, 
құқықтық  алғышарттарды  құру  және  қамтамасыз  ету;  жер  қойнауын  пайдалану  кезінде  қоршаған  ортаны 
қорғау  кезінде  мемлекеттік  бақылауды  жүргізу;  жер  қойнауын  пайдалану  қатынастары  субъектілерінің 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау;  жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы  құқық  бұзушылық  жасаған 
тұлғаларды заңды жауапкершілікке тарту жатады [6, 412 б.]. 
  Мемлекет  барлық  шараларды  ұйымдастырушы  ретінде  жер  қойнауын  ұтымды  пайдалану  мен 
қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы құқықтық құралдар мен әдістермен бақылау жүргізе 
алады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «бақылау» деген сөзге анықтама 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
86  
береді. Бұған сәйкес, бақылау – белгілі бір объектіні арнайы қадағалап қарап, зерттеп, қабылдап  түсіну 
әдісі. Ал, жер қойнауын пайдалану мен қорғауды бақылау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 
басқарудың элементі ретінде өзіндік мақсат пен міндеттерге ие, олар: мемлекеттік органдардың, жеке 
және  заңды  тұлғалардың  жер  қойнауын  ұтымды  пайдалану  мен  қорғауына  қатысты  талаптарды, 
нормаларды  және  басқа  да  шараларды  тиісті  түрде  орындауды  қамтамасыз  ету;  Қазақстан 
Республикасы  жер  қойнауы  туралы  заңдарының  бұзылуын  анықтау  және  жою;  азаматтар  мен  заңды 
тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру; жер қойнауын пайдалану ережелерін, жер қойнауы 
кадастры  мен  жер  қойнауы  мониторингісін  жүргізудің  дұрыстығын  сақтау;  жер  қойнауын  ұтымды 
пайдалану мен қорғауға қатысты шаралардың орындалмау фактілерін анықтау болып табылады. 
 
Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қоршаған  ортаны  қорғаудағы  мемлекеттік  органдарды  үш  топқа 
жіктеуге  болады:  1)  жалпы  өкілетті  органдар;  2)  ведомствалық  өкілетті  органдар;  3)  арнайы  өкілетті 
органдар [7, 86 б.]. Жоғарыда қарастырылған пікірлерді саралай отырып, олардың әрқайсысының өмір 
сүруге құқығы бар деп есептеуге толық болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені шешуде 
басты  сұрақ  болып  белгіл  мемлекеттік  органдардың  қандай  орын  алатындығы,  одан  кейін  қандай 
өкілеттіктері  бар  екендігі,  қандай  қызметтерді  атқаратындығы  табылады.  Қазақстан  Республикасында 
жер  қойнауын  ұтымды  пайдалану  мен  қорғауды  қамтамасыз  ететін  экономикалық,  құқықтық, 
ұйымдастырушылық мәселе ретінде сипаттай келе, қандай органдардың тек жалпы немесе тек арнайы 
және басқа функцияларды атқаратындығын анықтау өте қиын.  
 
 
  «Жер қойнауын  және жер қойнауын пайдалану» заңына сай, жер қойнауын мемлекеттік басқару 
жүйесіне және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын 
мемлекеттік  уәкілеттік  органдардың  құрамына  мыналар:  1)  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  (16-
бап);  2)  Құзыретті  орган  (17-бап);  3)  Мұнай  мен  газ  саласындағы  уәкiлеттi  орган  (18-бап);  4) 
Индустриялық  саясатты  реттеу  саласындағы  уәкiлеттi  орган  (19-бап);  5)  Жер  қойнауын  зерттеу  және 
пайдалану  жөніндегі  уәкілетті  орган  (20-бап);  6)  Пайдалы  қазбаларды  барлау  мен  игеру  жөнiндегi 
орталық комиссия және кең  таралған пайдалы         қазбаларды  барлау  мен  игеру  жөнiндегi  өңiраралық 
комиссиялар  (21-бап);  7)  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  уәкілетті  орган  (25-бап);  8)  Жер 
қойнауын  пайдалану  саласындағы  өзге  де  уәкілетті  органдар  (26-бап);  9)  Облыстың,  республикалық 
маңызы  бар  қаланың,  астананың  жергілікті  атқарушы  органдары  (27-бап)  жатады  [1].  Жер  қойнауын 
пайдалану  саласындағы  көрсетілген  мемлекеттік  уәкілеттік  органдардың  құрылысының  соншалықты 
күрделігіне  қарамастан,  оның  тиімді  қызмет  атқаратындығында  күмән  туындайды.  Мемлекет 
экономикасының осындай маңызды саласындағы қатынастарды реттеуді жүзеге асыратына, осыншама 
мемлекеттік органдардың болу себебінен өз қызметтерін тиісінше қамтамасыз ете алмайды. Қазақстан 
Республикасының  экономикасының  даму  кезеңдерінде  аталған  мемлекеттік  құрылым  бірнеше  рет 
өзгертілген болатын, алайда бұған қарамастан мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 
әлі де дау-дамайлар толастамай жатыр.  
 
  
Жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы  мемлекеттік  реттеу  функцияларын  жетілдіру  үшін,  біздің 
ойымызша,  мынадай  маңызды  іс-әрекеттер  атқарылуы  тиіс.  Біріншіден,  ұқсас  жүргізу  пәніндері  бар 
мемлекеттік  органдардың  функцияларының  қайталануы  мен    өкілеттіктерінің  түйісулерін  қысқарту 
қажет.  Екіншіден,  мемлекеттік  органдардың  бақылау-қадағалау  іс-шараларына  бөлінетін  қаржыны 
азайтуымыз  керек.  Үшіншіден,  ведомсвтолар  арасындағы  кедергілер  мен  жер  қойнауын 
пайдаланушыларға  ықпал  ету  аясын  ұлғайтуға  бағытталған  күресті  жоюуымыз  тиіс.  Төртіншіден, 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілерді  (жер  қойнауын  пайдаланушыларды)  тексеру  жүргізумен 
алаңдатуды  азайту  керек.  Бұл  ұсыныстардың  барлығы  Қазақстан  Республикасы  экономикасының 
тұрақты  дамуының  және  экономикалық  тәуелсіздігі  мен  қауіпсіздігінің,  жер  қойнауын  игеру 
қатынастарын құқықтық реттеудің сенімді құқықтық механизмдерін жасаудың маңызды шарты болып 
саналады.  Мұндай  бағыт  жер  қойнауы  учаскелерінің  тізімі  бойынша  конкурс  өткізу,  жер  қойнауын 
пайдалану  құқығын  беру,  жер  қойнауы  учаскелерін пайдалану  келісім  шарттарын жасасу  мен  өзгерту 
кездерінде сыбайласу мүмкіндіктерін азайтуға және жоюға өз ықпалын тигізеді.  
Жер  қойнауын  пайдалану  кезінде  қоршаған  ортаны    қорғауда  мемлекеттік  реттеудің  негізгі 
функцияларына: жер қойнауы мониторингі мен кадастрын жүргізу, экологиялық сараптама, қорашаған 
ортаны  қорғау  мен  жер  қойнауын  пайдалануды  мемлекеттік  бақылау  жүргізу,  жер  қойнауын 
пайдаланғаны  үшін  ақы  төлеу,  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемақыны  белгілеуді  жатқызуға 
болады.  Бұл  функциялардың  барлығы  нормативтік  құқықтық  актілерде  көрініс  тапқан.  Кеңес  Үкіметі 
ыдырағанға дейін жер қойнауын пайдалану антропогендік қызметтің саласы ретінде мемлекеттің ғана 
қолында  болған.  XX  ғасырдың  90-жылдарының  бірінші  бөліктерінде  Қазақстанда  жер  қойнауын 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
87 
пайдалану  объектілері  (жер  қойнауы  учаскелері,  пайдалы  қазбалардың  кен  орындары,  инфрақұрылыс 
және т.б.) бірте-бірте жеке компаниялардың, соның ішінде шет елдік компаниялардың иеліктеріне өте 
бастады. Жеке  жер  пайдаланушыларға  шаруашылық жүргізу  функциясы, инвестициялау,  геологиялық 
барлау  жұмыстарын  жүргізу,  кен  орындарын  табу,  пайдалы  қазбаларды  барлау  мен  минералдық 
шикізаттарды  қайта  өңдеу  жұмыстарын  жүргізу  артылды.  Мемлекеттік  шаруашылық  субъектілерінің 
шектеулі  қатысуымен  жеке  секторға  жер  қойнауын  пайдалану  және  пайдалы  қазбалар  мен  өзге  де 
минералдық шикізат ресурстарына билік ету құқықтары берілді [8, 12 б.].   
Бұның негізінде жеке шаруашылық жүргізу субъектілері, соның шет елдік компаниялардың үлесі 
бар  комапниялар,  мемлекеттің  меншігі  болып  табылатын  жер  қойнауын  пайдалану  объектілерін 
әкімшілік-шаруашылық  еркіндігін  және    одан  түске  пайданы  иеленді.  Ал,  мемлекет  өз  кезегінде  жер 
қойнауын  пайдалану  талаптарын  белгілеу  мен  оларды  жер  қойнауын  пайдаланушылар  тарапынан 
орынадауын қадағалауға бағытталған реттеушілік және қадағалу функцияларын  қалдырды.  
Заң әдебиеттерінде экономика саласындағы қатынастарды мемлекеттің реттеудегі рөлі әр түрлі тұрғыда 
қарастырылады.  Мысалы,  жер  қойнауын  пайдалану  қатынастарындағы  мемлекеттің  рөлін  ғалымдар  Л.Н. 
Нұрсұлтанова    және  С.З.  Зимановтың  мемлекеттің  шет  ел  инвесторларымен  шарттық  қатынастарындағы 
рөліне арналған теориялық идеяларын негізге ала отырып, мынадай қорытындыға келеді: 
-  мемлекет  жер  қойнауын  пайдаланушы  инвесторлармен    шарттың  аясында  теңдей  серіктес  және 
талаптардың  орындалуына  жауапты      бола  отырып  Қазақстан  Республикасының  уәкілетті  органы 
арқылы  инвесторлармен  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  шарт  жасасады,  сол  арқылы  өзінің 
конституциялық  және  функционалдық  құқық  қабілеттігін  жүзеге  асырады,  мемлекеттің  қауіпсіздік 
мүдделерін білдіреді; 
-  мемлекеттің  мұнай  кен  орындарын  игеру  жобасына  қатысты  акциялардың  бір  бөлігін  иелену 
құқығын мемлекеттің саяси-құқықтық статусы және ең бірінші құқығы деп қарастыру  керек; 
-  мемлекеттің  сатуға  шығарылған  жоба  пакетіндегі  бөлігін  иелену  мемлекеттің  басты  құқығы 
болып есептеледі; 
- мұнай саласына қатысты шарттық қатынастарда мемлекет пен инвесторлардың мүдделерін кезең-
кезеңімен қанағаттандырудың тұрақты факторы әрекет етеді; 
-  мемлекет  пен  инвесторлар  арасындағы  шарттық  қатынастарда  құқықтық  аспектілермен  қатар, 
өнімді бөлу жөніндегі келісімде моралдық аспектілер де басты рөлге ие; 
- мемлекеттің мүмкіндігі мен оның қызметінің нәтижелігі мемлекеттің Қазақстан халқы үшін өзінің  
ұлттық мүдделерін қорғау мен қамтамасыз етумен бағаланады; 
-  шарттық қатынастарда  мемлекет екі рөлді  қатар  алып жүреді-  біріншіден, тең құқықты субъекті 
ретінде,  екіншіден,  республиканың  экономикалық  және  саяси  қауіпсіздігін  қаматамасыз  ету 
функциясын иеленуші ретінде[9, 11 б.]; 
Жер  қойнауын  пайдалану  саласында  мемлекеттің  алатын  орны  мен  рөлін  өзара  жақындату 
мақсатында  мынадай негізігі ережелер заңнамада көрініс табуы тиіс. 
Біріншіден,  жер  қойнауын  пайдалану  қатынастарын  реттеу  кезінде,  жер  қойнауына  мемлекеттік 
меншікте  екендігін  басшылыққа  ала  отырып,  басымдықты  мемлекеттік  және  қоғамдық  мүдделерге 
беруіміз  тиіс.    Алайда,  аталған  басымдықтар  жария-құқықтық  бастаулардың  жеке  құқықтық 
бастаулармен балансын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының заңнамаларына негізделуі тиіс.  
Екіншіден, жария қатынастардың тәуелсіз субъектісі ретінде, ал азаматтық-құқықтық қатынастарда 
тең құқылы субъект ретінде  мемлекеттің өкілеттігін бөліп қарастыруымыз керек.  
Үшіншіден,  елдің  ұлттық  қауіпсіздігі  мен  егемендігі  үшін  маңызы  зор  жер  қойнауы  ресурстарының 
стратегиялық және сирек түрлерімен (стратегиялық минералды ресурстар, ірі кен орындары) Қазақстанның 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер қойнауының мемлекеттік қорынан жеке жер қойнауы учаскелерін 
(пайдаланылатын және пайдаланылмайтын) белгілеп, оларға стратегиялық маңызды нысан мәртебесін беру 
керек.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  стратегиялық  жер  қойнауы  учаскелер  тізімін 
бекітіп  қойғанымен,  бұл  тізімге  стратегиялық  маңызы  бар  жер  қойнауы  учаскелерімен  қатар  ұсақ  жер 
қойнауы  учаскелері  де  еніп  кеткен.  Мұның  өзі  аталған  нормативтік-құқықтық  актінің  сапасын  түсіріп, 
мемлекеттік  маңызды  объектілерді  анықтау  ынтасын  төмендетіп  жіберді.  Тізімдегі  стратегиялық  жер 
қойнауы  учаскелер  санын  қысқартып,  тек  шынайы  стратегиялық  маңызды  жер  қойнауы  учаскелерін 
қалдыруымыз керек, сондықтан да бұл тізімді қайта қарастырған жөн 
Мемлекетте  қаржылық  және  технологиялық  мүмкіндіктер,  шет  елдік  инвестициялар  болмаған 
кезде,  болашақта  ұлттық  және  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  көмірсутек  шикізаты 
кен  орындарының  бірқатарын,  мысалы,  Каспий  теңізінің  солтүстігіндегі  оффшорлық  аймақтағы  кен 
орындарын  резервтік  кен  орындарының  республикалық  қорына  енгізіп  қою  дұрыс  қадам  болып 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
88  
саналады.  Ал,  ұсақ  және  орташа  кен  орындарды  стратегиялық  жер  қойнауы  учаскелер  тізімінен 
шығарып, оларды негізінен  әлеуметтік  маңызы  бар жер қойнауы  учаскесі  ретінде  игеріп, мемлекеттің 
ішкі  қажеттіліктерін  өтеуге  арнауымыз  керек.  Оларға  қатысты  мемлекеттік-құқықтық  реттеудің 
стратегиялық объектілерге тән ерекше ережелер қолданылмауы тиіс.  
Жалпы, жер қойнауын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің реттеу функциясы 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  реттеу  өте  күрделі  процесс  болып  табылғандықтан,  оны 
толығымен түсіну үшін оның жекелеген қызметтерін қарастыру қажет.  
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет