30 –
ТАРАУ
Зор денсаулыққа алып келетін тамақтану ілімі
«Күшті сақтау үшін жеу керек» - деген көзқарас қалыптасып қалған.
Осының санаға сіңіп қалғаны сонша, біз күніне 3 қабат тамақтануымыз қажет
екеніне өте сенімдіміз. Біз тәбеті жақсы, ашқарақ адамдарды денсаулығы
мықты адамдар деп есептейміз. Біз сауығу үшін тамақты көп жеуін
қолдаймыз.
Әр түрлі тағамдарды ұзақ зерттеуімнің нәтижесінде, бұл жәй әдет емес
екені туралы көзқарас қалыптастырдым. Аштықты басу үшін, дене асқазанын
не болса сонымен толтырып алады. Бірақта тамақтың бір түрімен мықты, сау,
күшті жас клеткалар жасауға болады, ал екінші түрімен әлсіз, ауру, ағзаның
жұмысын қалыпты қамтамасыз ете алмайтын клеткаларды құруға болады. Біз
«жақсы» тамақтанатын адамдарды жиі көреміз, бірақта олардың жағдайлары
жақсының ауылынан алыс. Ас қорту жүйесіне тамақ молынан барып жатса
да, терісінің түрі нашар, бұлшық еттері болбыраған, қуаты төмен.
Адам өзінің тамағын өңделмеген қалпы тікелей табиғаттан алып тұрған
заман болған. Ол уақыттарда адамның, өзінің денсаулығына қажетті тамағын
табиғи түрде іріктей алатын мүмкіншілігі болған. Не жеу керек екенін ішкі
даусы айтып тұрды. Осы дауысты болмыс немесе басқа деп атауға да болады,
бірақта адамның көне дәуірінде осы керемет көмектескен.
Адам тропикалық белдеуде адам болып қалыптасқанына мен сенімдімін,
себебі онда табиғат адам денесіне қуатты күн шуағын сіңіріп, тұратын үй
жасап берді. Адам денесінің терісіне күн шуағынан пайда болатын Д
витамині қажет. Теріге сондай – ақ А витамині де қажет, бірақ қазіргі
адамның ағзасы соншалықты өзгеріп маңқа мен уларға толып кеткендіктен,
ол күн көзінде көп жүре алмайды. Көп адамдар күн өтіп кетсе, бәлесін күнге
жабады.
Адамның терісі сабынды көп қолданғандықтан өзгеріп кеткен. Мен ұзақ
жылдар бойы сабынды мүлдем қолданбаймын. Тек қырынған уақытта және
қолымның кірі суға кетпесе ғана сабынның көпіршігін қолданамын.
Адамның суық ауа райына қоныстануына және киімді ойлап табуына
байланысты, күн шуағына дайындалған тамақпен және тікелей күн
сәулесімен байланысын үзіп алды. Өркениетті адам өзін ауыр киіммен
тұншықтырып тастады.
101
Мен сенімдімін, адамның шыққан жері – бұл тропикалық жұмақ, оның
тамағы шикі көкеністер, жеміс – жидектер, жаңғақтар мен дәндердің неше
түрлері болды. Осындай тамақпен 900 жыл өмір сүруге болатынына мен
сенімдімін. Оның шығару жүйесі табиғи мәзірге мүлтіксіз сәйкес келген.
Тропиканы мекендеген алғашқы адамдардың ет жемейтіндер болғанына мен
сенімдімін. Қазіргі адамдардың ет жемеуге толық жағдайы бар деп айта
алмаймын. Осыдан бес мың немесе алты мың жыл бұрын өмір сүрген
адамдар мен қазіргі адамдардың айырмасы жер мен көктей. Ол кезде адамдар
табиғи тамағы мол, дала мен ормандарда өмір сүрген. Біз бүгін үйлерде
тұрамыз, өз денемізді таза ауадан қорғаймыз, кірмен демалып, химиялық
өңделген суды ішеміз, дене қимлынан мүлдем айрылып қалдық.. Бүгінгі
Америкадағы адамның орта жасы 68, егер табиғи тамақпен тамақтанса 900
жыл өмір сүре алатынын тағы да қайталаймын.
Сілтілік тағамдар денсаулықты түзейді
Сіз, осы тақырыпты тамақтануыздың бағдарламасы етіп алуыңызды
қалар едім. Бұл бағдарламаның сізге жақсы денсаулық беруге мүмкіншілігі
бар. Шикі көкөніс пен жемістерден тұратын тағамдар – тазалағыш. Көкөніс
пен жемістер, тек қана витамаиндер мен минералдарға және басқа да
қоректік заттарға ғана бай емес, ол қышқылдықты түсіретін сілтілік әрекет те
береді.
Тамақтану мәселелерімен әуестенетін адамдар, әр түрлі пікірлердің
көптігінен, кей кездері милары да ашып кетеді.
Кейбіреу белогы жоғары тамақты, енді біреуі төменгі көміртекті,
үшіншісі шикі көкөністерді немесе өсімдік - сүт аралас мәзірлерді ұсынады.
Әркім өзінікін мақтайды. Мен өз басым, осы пікірлердің бәрімен санасамын.
Осы мәзірлердің бір де біреуін мүлтіксіз сақтау мүмкін еместігіне мен
сенімдімін. Қазір мөлшермен 200 түрлі азық – түлік бар. Осылардың санына
сәйкес тамақ дайындауға болады. Біз ашыққан уақытымызда өз ағзамызды
тазалаймыз, тазаланғаннан кейін ол өзіне қажетті тамақты таңдайтын болады.
Ең бастысы – тамақ құрамынан қазіргі өркениеттің жексұрын тамақтарын
алып тастау. Олар, өзіңіз жейтін тамақтың санымен салыстырғанда онша көп
емес. Мен осы кітапта қашып құтылатын тамақтардың тізімін бердім.
Мынадай көне мақал бар: «40 жасқа жеткенде адам өзіне өзі дәрігер,
немесе ақымақ». Егер адам 30 жасқа толғанда өзі ішетін тамақтарды таңдай
алмаса, келешекте қатты кеселге ұрынады.
Біздің денелік және ақыл – ойлық іс әрекетіміз өмірлік күш қорымызбен
қоректенеді, бірақта әркімнің сұранысы әртүрлі. Мысалы, мен дене қимылын
жақсы көремін, себебі тынымсызбын. Маған ой өрістің де тынымсыздығы
ұнайды. Бәріне күмәнданғанды, шырғалаңды шешуді жақсы көремін. Бірақта
ақыл – ойдың тоқырауын, дененің қимылдамауын, өмірдің жеңіл болғанын
жек көремін. Дененің қимылына басқа қуат, ақыл – ойға одан басқа қуат,
рухани дамыуға тіптен басқа қуат қажет.
Тамақтану маманы сіз үшін тамақ ішіп қорта алмайды, бірақта қандай
болмасын кеңес бере алады. Менің жегенім сізге мүлде ұнамауы мүмкін.
102
Әрбір адам, жапалақтап жауған қар суретінің бірін бірі қайталамайтыны
сияқты, ол да әртүрлі. Мен сіздерді тамақтың белгілі бір түрімен ғана
тамақтан деп үгіттемеймін, егер сіз мықты денсаулыққа ие болғыңыз келсе,
аса сапалы тамақ ішіңіз. Мен сіздерді тек қана шикі көкеніс, ет жеме, өсімдік
пен сүт аралас тамақ қана ішіңіз деп үгіттемеймін. Сіз ашығуды өткізіп
тазаланып алғаннан кейін ішкі даусыңыз, болмысыңыз не жеу керек екенін
өзі айтады. Сіз жоғары жансыздандырылған өлі тамақтан, бірден 50 – 60
пайызы көкөніс пен жемістерден тұратын табиғи тамаққа секіре аласыз деп
ойлай алмаймын. Табиғат бірден секіргенді жақтыртпайды. Сіз ұзақ жылдар
бойы белгілі бір тамақпен тамақтандыңыз, ас қорту және басқа да
мүшелеріңіз осыған бейімделген. Сіз біртіндеп асықпай, белгілі мерзімде
ашығу арқылы ағзаңызды тазалап, көмекке табиғаттың 9 дәрігерін шақырып
барып көшуіңіз керек, олар менің және басқа да жүздеген адамдардың
өзгерулерімізге себеп болғандай, сізге де себеп болады. Бұл болмысыңызбен,
табиғи тамақты біртіндеп таңдауға көмектеседі.
Сіз бір күні жақсы салат жеп, келесі күні крахмалы бар лағманға лықа
тойып алуыңызға болмайды. Сізге бір күн жеміс жеп, келесі күні шұжық пен
самсаға көшуге болмайды. Сіздің тамағыңыз біркелкі болуы керек. Енді
осыны түсіндірейін. Егер сіз ет жесеңіз, аптасына 3 қабаттан артық жемеуге
кеңес беремін. Егер жұмыртқа жесеңіз аптасына 4 қабаттан артық жемеңіз.
Егер сүт ішсеңіз, басқа да сүт тағамдарымен қоса біртіндеп тамақ құрамынан
алып тастаңыз. Тіршілік иелерінің ішінде, тек адам ғана, емшектен
шығарғаннан кейін сүт ішеді.
Табиғи тамақты тепе теңдікте ұстауға тырысыңыз
Дұрыс тамақтанудың бағдарламасын жасау баспалдақпен жоғарлау
сияқты. Бірінші баспалдақ – барлық витамині жоқ өлі тамақтардан кофе, шәй,
ішімдік т.б. бас тарту. Сондай – ақ жануарлардың өнімі еттен, сүттен бас
тарту. Осылардың орнын біртіндеп шикі көкөністермен, жемістермен 50 - 60
пайызға жеткенше толтыру. Витамині жоқ өркениеттің өлі тамақтарынан,
шикі көкөніс пен жемістерге біртіндеп көшуді өтпелі кезең дейді.
Көптеген адамдар бала күнінен бастап, ағзаға қышқылдық әкелетін
тамақтармен тамақтанады. Қышқылдық тамақтар ағзаның өзінен өзі
улануына әкеледі, аурудың, зардап шегудің, мезгілсіз қартаюдың себепкері
болатын уларды шоғырландырады. Егер сіз негізінен пісірілген ет,
жұмыртқа, әр түрлі нан, макарон сияқты тамақтармен тамақтансаңыз, бірден
көп мөлшерде көкөністерді қоспаңыз. Әрбір апта сайынғы ашығудан кейін,
неге ынтық бола бастағаныңызды өзіңіз сезетін боласыз.
Сеніммен өткізген 3 айлық апталық ашығудан кейін, сіз қалыпты
тамағыңыздың құрамының 40 пайызын көкөніс пен жемістерге алмастыра
аласыз. Шикі көкеністер мен жемістер өзіндік тазалағыш екенін
ұмытпаңыздар. Олар шоғырланған удың астына кіріп алып, ағзадан шығуына
себепкер болады, тамаша денсаулыққа жету үшін ең керекті осы. Өзіңіз
байқағандай, егер ішкі тазалыққа қол жеткізгіңіз келсе, тамақтың құрамы
үнемі өзгеріп тұруы тиіс.
103
Адамдар жетілген мәзір беруді жиі сұрайды. Бұны мен істей алмаймын,
себебі тамақтану әркімнің жеке ісі. Адамның ұнататыны да, ұнатпайтыны да
көп, егер адамның соңғы 5 жылда қалай тамақтанып жүргенін білсем ғана
кеңес бере аламын.
Тамақтану бір бірімен байланысып жатқан шынжыр сияқты. Егер осының
бір қоспасы үзілсе, қалғаны түкке жарамайды. Адам тамағының құрамында
ең керекті 40 қоспа бар, егер осының біреуі жетіспесе, тамағыңның
қажеттілігінің жартысын жоққа шығарады. Ұзақ уақыт біреуінің немесе
бірнешеуінің жетіспеуі ауруға, кей кезде өлімге алып келеді. Бір қоспаның
жетіспеуі осал клетканы ауруға ұшыратады. Әрбір тамақтың түрінде
қоспалар түгелдей болуы міндет емес, себебі біздің ағзамызда керекті
қоспалардың қоры әрқашанда бар. Бірақта осы қорлар ерте ме, кеш пе
міндетті түрде толықтырылып отырылуы керек.
Сіздің апталық тамағыңыздың құрамын құрайтын тамақпен
таныстырайын. Сіз күніне бір, не екі, не үш қабат тамақ ішумен
шектелуіңізге болады, Мен өзім таңертең тамақ ішпейтінімді айтып кеттім.
Егер жаңа жұлынған жеміс таңғы асқа есептелсе менің тамағым осы. Мен
осы әдетті қабылда деп ешкімге нұсқау бере алмаймын. Кейбір адамдар
таңертең тоя ішіп, түсте аздап ішкенді ұнатады. Әркімнің әдеті әртүрлі.
Көкөніс пен жемістер – ең сау тағам
Мен өз тізімімді жаңа жұлынған жемістерден бастаймын, жемістерді
адамның бағалы тамақтарына жатқызамын. Жаңа және кептірілген
жемістерді жеке де, басқа тамаққа да қосып жеуге болады.
Алма (6 сорты), абрикос (жаңа жұлынғаны және кептірілгені)
Банан, голубика, шие, құлпынай, діңке.
Фигалар (жаңасы немесе кептірілгені).
Лимон (4 сорты), авакадо.
Манго, апельсин (3 түрі).
Өріктер (кептірілгені не жаңасы).
Алмұрт (6 сорты) жаңасы не кепкені.
Ананас (жаңасы), құрма.
Слива (3 сорты) жаңасы, кепкені.
Чернослив 3 түрі) жаңасы не кепкені.
Қой және сиыр бүлдіргендері (4 сорты), қауын.
Грейпфрут (3 сорты), бал татыған діңке, жүзімдердің (7 сорты).
Көкеністер тазалағыш және қорғағыш
Осы тізімдердің ішінен шикі көкеністерді салатқа таңдап алуыңызға
болады. Таңғы тамаққа бір көк, бір сары көкөністің болғаны жөн. Осылардың
ішінен пісіруге басқа 2 түрін таңдап алуыңызға болады.
Брюссель капустасы, артишок, жамбас бұршақ, капустаның (5 сорты).
Памидордың (3 сорты), баклажан, у сармысақ, көк бұршақ.
Кольраби, бөрттірілген бидай тұқымы, спаржа, свекла, көк пияз, салат –
латук.
104
Сәбіз, гүлді капуста, сельдерей, пияз, жүгерінің (6 түрі)
Пастернак, картофель, көк бұрыш, редистің (3 сорты).
Шпинат, асқабақ, қауашақ, турнепс.
Жаңғақтар мен дәндер
Жаңғақтар мен дәндер өте жоғары сапалы майлар мен белоктарға бай. Сіз
өзіңіздің таңғы асыңызға осылардың 2 түрін қосуыңызға болады. Егер сіз ет
жесеңіз аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Ал қалған күндері жаңғақтар
мен дәндер жақсы белоктық тамақ болады.
Миндаль, бразилия жаңғағы, кешью жаңғағы, каштандар.
Кокс жаңғағы, арахис, грек жаңғағы.
Барлық аталған тағамдарды тұз қоспай, шикілей жеңіз.
Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер – тамақтың көне түрлерінің бірі, олардың
құрамында өсімдік белогы көп болғандықтан, аптасына бірнеше рет жеуге
болады.
Бұршақтардың (9 сорты), чечевица, құрғақ бұршақ.
Жармақталған бұршақ, соя бұршақтары.
Майлар
Мен ұсынып отырған майлардың құрамында тұз жоқ, тамаққа пайдалануға
болады. Май сатып алғанда этикеткасына мұқият қараңыз, егер құрамында
химиялық қоспалар бар болса алмаңыз.
Жүгері майы, соя майы, күнбағыс майы.
Грек жаңғағының майы, оливканың майы.
Табиғи тәттілер
Осы жерде айтылатын табиғи тәттілер, аса жоғары қанықтырылған тамақ
болғандықтан аз мөлшерде қолдану керек.
Таза шикі қант, сары қант, финиктелген қант, бал.
Үйеңкі шырыны, тазаланбаған патока (қант қызылшасының шырыны).
Ірі ұнтақталған табиғи дәнді дақылдар
Егер сіз ауыр қара жұмыс істемесеңіз, дәнді дақылдардың өнімдерін
аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Осы өнімдерге жоғарыда аталған табиғи
тәттілерді қосуға болады.
Арпа, қара күріш, гречиха, ірі ұнтақталған ұн (қоңырқай және ақ)
Кендір тұқымы, тары, бүтін бидай, бүтін қара бидай, жүгері.
Ет өнімдері
Сиырдың, қойдың, тайыншаның еттерін аздап жеуге болады. Қан
құрамыңыздағы холестеринді бақылап отырыңыз.
Майлы жерін, қабырғаның етін, тілді, үйректің етін жеуге болмайды,
себебі құрамында май мен холестерин өте жоғары деңгейде, сондай – ақ:
105
Консервленген ет, шұжық, шошқа етін, тауық еті, сүрленген етті.
Сосискалар, ливер шұжығы, ысталған шұжық, шошқа майы.
Осы ет өнімдерді ұзақ сақталуы үшін маймен қанықтырылып, көп
тұздалған. Сақтауға шыдау үшін осы ет өнімдеріне улы химиялық қоспалар
қосылған. Егер сіз ет жесеңіз аптасына 3 қабаттан артық жемеңіз. Қалған
уақытта белоктың орнын толтыру үшін жаңғақты, жаңғақтың майын және әр
түрлі дәндерді қолданыңыз.
Есіңізде болсын, өндіріске жіберетін ет өнімдерін өсіргенде, салмағын
көбейту үшін малдардың тамағына гармондар қосады. Бұл улы зат. Ет
құрамында ағзадан шығарылуға тиіс улы кіші дәрет қышқылы болады. Етте
малды сойған кездегі улардың бәрі болады.
Балық
Тағамға жарамды балықтардың 25 түрі бар. Балықта холестерин аз және
майлары қанықтырылмаған. Ол аптасына 2 – 3 қабат жеуге болатын тамаша
белоктық тамақ. Тұздалған және ысталған балықты жемеңіз, себебі
құрамында тұз бен холестерин көп. Тамаққа су тасбақасын, шаянын т.б.
жеуге болады. Олардың құрамындағы холестерин 100 граммына миллиграм
есебімен берілген. Устрицаларда – 325, Креветкаларда – 150, Шаяндарда –
200, Крабтарда – 150.
Нан
Менің ойымша, нанның қандай түрін болмасын байқап қолдану қажет,
әсіресе ұнға бүтіндей тартылғанын. Осыған бәрі бірдей шыдай алмайды.
Арықтағысы келген адамға нанды мүлдем қолданбағаны жөн болар еді. Егер
осылай істеу қиын болса, онда нанды кептіріп барып жеу керек. Отырып
жұмыс істейтін адамдар, нанды аз жеуге тырысуы керек. Күніне 2 тілім нан
жетіп жатыр. Тек қана, таза ауада ауыр жұмыс істейтін адамдар ғана қанша
жеймін десе өз еріктері.
Мөлшерлі тамақ мәзірі
Күніне 3 мезгіл тамақтануға дағыланған адамдарға:
№1 мәзір
Таңғы ас
Жаңадан жұлынған көкөністен дайындалған тамақ, бал жағылған қара нан,
шөптен қайнатылған бал қосылған шәй.
Түскі ас
Шикі жеміс салаты. Қуырылмаған ет, балық не құс еті, 1 не 2 бұқтырылған
жеміс. Шөптен қайнатылған шәй.
Кешкі ас
Шикі жеміс салаты немесе жаңа жұлынған жемістер. Еттің қандай
дайындалған түрлері болмасын, балық, құс еттері буландырып, бұқтырып,
асып пісіргендері, екі қайнатылған жеміс, тәттіге – жаңа үзіп алынған алма
т.б. шөптен қайнатылған шәй.
106
№2 мәзір
Таңғы ас
Жас және кептірілген жемістер, 1 қатты қайнатылған жұмыртқа, қара нанның
кептірілген 2 тілімі, шөптен қайнатылған шәй.
Түскі ас
Шикі жеміс салаты. Қақталған сиыр еті, буға пісірілген картофель,
қайнатылған бұршақ тұқымдастар, бал қосқан алма қойыртпағы, шөптен
қайнатылған шәй.
Кешкі ас
Авокадодан, памидордан, қиярдан жасалған жеміс салаты, қызылша салаты
(майонез, өсімдік майы не лимон қосса болады), күріш араластырған көк
бұрыш, қалауыңша қайнатылған жеміс, құрма, шөптен қайнатылған шәй.
№3 мәзір
Таңғы ас
Жаңа немесе қайнатылған жеміс, жарқышақ бидайдан пісірілген бал
қосылған тоқаш, шөптен қайнатқан шәй.
Түскі ас
Шикі жеміс салаты, собығымен асылған жүгері, ыстық картошка, тәттіге –
алма, шөптен қайнатқан шәй.
Кешкі ас
Жаңа жеміс не жидек салаты, еттен, балықтан, құс етінен дайындалған тағам,
пісірілген жұмыртқа, баклажан, көк горчица, бұқтырылған памидор, тәттіге –
жаңа жұлынған алма т.б. жидектер, шөптен қайнатылған шәй.
Табиғи тамақ әр түрлі болуы керек
Жоғарыда көрсетілген тамақ тізімдерінен әркімнің жанына жағатын
мәзір дайындау мүмкін емес. Осы тағамдарды негізге ала отырып өз
мәзіріңізді дайындап алыңыз. Біздің әрқайсымызда белгілі бір тамақ түріне
дағдыланғанбыз, осыдан көбінесе бас тарта алмаймыз. Бірақта есіңізде
болсын, табиғи тамақтарды неғұрлым мол пайдалансаң, денсаулығың
соғұрлым мықты болады. Ашығу бағдарламасын ұстап, осы тамақтарды
қолдансаңыз, өмір бойы сыңғырлаған денсаулыққа ие боласыз.
Денсаулықтың он қағидасы
Сен өз денеңді өмірдің керемет құбылысы ретінде құрметтеуің керек.
Сен қоздырғыш ішімдіктерден, барлық табиғи емес, өлі тамақтан бас
тартуың,
107
Сен өз денеңді өңделмеген, тек табиғи, тірі тағаммен қоректендіруің,
Сен өзіңнің денсаулығыңа қалтқысыз қызметіңді ғұмыр бойы арнауың,
Сен дұрыс іс әрекетің, нағыз демалысың арқылы өз денеңнің саулығын
сақтап арттыруың,
Сен өз жасаушаларыңды, бұлшық етіңді, қаныңды таза ауамен, күн
шуағымен тазалауың,
Сен өзіңнің тәнің мен санаң өзін жаман сезіне бастағанда, қандай болмасын
тамақтан бас тартуың,
Сен өз ойыңды, сөзіңді, мінезіңді әрқашан байсалды да, асқақ қалыпта
ұстауың,
Сен табиғат заңдылықтары туралы біліміңді тұрақты түрде толтырып
отыруың,
Осыны өмірінің мағнасына айландырып, өз істеген еңбегіңе қуануың керек.
Сен табиғат заңына бағынуың керек. Денсаулық сенің құқың, осыны
пайдалана біл!
31 –
Тарау
Табиғат аяуды білмейді
Бұл кітаптың мақсаты – сіздің табиғи заңдылық жолымен жүруіңізге
жәрдемдесу. Егер біз, өзіміздің өмірімізді және денсаулығымызды
табиғаттың басқаратын заңымен жүргізе білсек, керексіз бейнеттен
құтыламыз, денсаулығымыз мықты, ұзақ ғұмыр, тамаша өмір сүруге қол
жеткіземіз.
Біз ішкі тазалығымызды сақтауға тиіспіз. Өз ағзамызға ауру тудыратын
уларды және зиянды қалдықтарды жинауға тиіс емеспіз. Осы кітапта
айтылатын, қайталанатын ашығу бағдарламасын ұстансақ, ағзамызды
тазалауды үйренеміз. Өзіңді сақтау – табиғаттың керемет заңы. Егер біз
бақытты, зор денсаулық пен ұзақ өмір сүргіміз келсе, біз табиғатқа қарсы
келмей, онымен бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Егер сіз заңдылықты бұзуға
әрекеттенсеңіз, онда ол сізді бұзады. Табиғат заңдылықтары ақиқат
заңдылық! Егер біз осымен жүрсек, тамаша денсаулықпен марапатталамыз!
Ағзаның ішкі тазалығын қалай да сақтау керек, өз денеңді таза сақтаудың
төте жолы: дүркін – дүркін ашығу.
Сіз қандай адамсыз
Дүниеде адамны екі түрі ғана бар. Сіз қайсысына жатасыз? Нағыз адам
өзі үшін - өзі ойлайды, ал екіншісі өзі үшін біреулерге ойлаттырады. Өз
өміріңмен ғұмыр кешу үшін, қажымас ерлік керек. Ашығу мен салауатты
бағдарламаны іске асыру үшін, мына уланған әлем мен ауру орта ерлікті
қалайды. Өзіңізге жоғары тұрмыс деңгейін жасаңыз! Сыңғырлаған
денсаулыққа ұмтылыңыз! Өзіңізді жасық адамдардың деңгейіне түсірмеңіз.
Қуатты да күшті болыңыз! Ұзақ өмір сүріп, ширақ, тың қалпыңызды
жоғалтпаңыз! Осы кітап ұзақ және деніңіз сау өмір сүру жолында
тәрбиелеушіңіз болсын. Осы кітаптан жинайтын білім мен даналық, сізді
108
жаңа өмірге: қиналудың зардабын шекпейтін, жастыққа толы жарқыраған
саналы да, қуанышты өмірге жетелеп жеткізсін.
Осы кітапты оқып шықсаңыз, бұл кітап сіздің ағзаңызды қайта түзеуге
көмектеседі. Денсаулықты тілеп қана қоймаңыз, бүгіннен бастап әрекет, тағы
да әрекет етіп, іске кірісу керек!
Қорытынды:
Бұл кітапта баяндалатынның бәрі ғылми дәлелдерге негізделген. Осы
кітап авторы, міне 50 жылдан артық уақыт осында жазылған табиғи өмір
сүру әдісін ұстанады. Бұл әдістің өзіне қауіпсіз екеніне, басқаларға да баға
жетпес көмек көрсетеріне автор сенімді, алайда оның ойынша, біреуге
жараған келесі адамға жарамауы, осы әдіс бәріне бірдей әсер етпеуі мүмкін.
Сондықтан да бұл басылым әр адамның пікіріне дәл келеді деп автор
міндетіне алмайды. Кітапта аурулардың дәрісі көрсетілмеген. Поль Брэгг бұл
жерде дәрігер емес, ол ұстаз.
Достарыңызбен бөлісу: |