Бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ 
 
Барлық педагогикалық мамандықтар үшін 
«Отбасында балаларға ұлттық тəрбие беру»  
элективті курсының  
БАҒДАРЛАМАСЫ 
Авторлары: Бөлеев Қ., Ибраимова Л.Н. 
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім беретін мектептерде зияткер, дене бітімі жəне 
рухани  дамыған  азаматты  қалыптастыру  қажеттігі,  ол  үшін  «Білім  беру  ұйымдары  мен 
отбасыларда  адамгершілік-рухани  мəдениеттің  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізілетін 
болады» деленген. 
Əр халықтың отбасында бала тəрбиелеу бойынша сан ғасырлық жинақталған халықтық 
тəлім-тəрбие  жүйесі  бар,  ол – халық  педагогикасы.  Қазақ  халқы  жас  ұрпағын  өзінің 
халықтық  педагогикасының  құралдары  арқылы  тəрбиелеп, «Сегіз  қырлы,  бір  сырлы» 
азамат етіп өсіруді армандаған.  
Қазақ халқында отбасылық ұлттық тəрбие беру ана құрсағынан басталып, адамды 
өмір  бойы  жəне  оны  о  дүниеге  шығарып  салумен  аяқталатын  əдет-ғұрыптар  мен  салт-
дəстүрлер  негізінде  үздіксіз  жүргізіліп,  іс-əрекеттер  мен  қарым-қатынастар  арқылы 
тұрақты  жүзеге  асырылған.  Осыдан  келіп  қазақта  отбасылық  тəрбие  бір-бірімен  тығыз 
байланысты алты кезеңде жүргізілген: 
1)
 
Құрсақ тəрбиесі; 
2)
 
Бесік тəрбиесі; 
3)
 
Қыз бала тəрбиесі; 
4)
 
Келін тəрбиесі; 
5)
 
Ұл бала тəрбиесі; 
6)
 
Ер жігіт тəрбиесі. 
Бүгінгі  таңда  қазақ  мектептері  алдындағы  ең  басты  міндет – қазақ  этнопедагогикасы 
материалдарын  үздіксіз  білім  беру  жүйесіне  ендіру,  əсіресе  сынып  жетекшілері  мен  ата-
аналарды  отбасылық  тəрбие  беруге  даярлауда  оны  пайдалану  ерекше  көкейкесті  мəселе 
болып  отыр.  Сол  мақсатта  оларды  аталған  мəселені  шешуге  жəне  оны  жүзеге  асыруға 
дайындау қажет. Ол үшін қазақ отбасылық тəрбиесі бойынша бағдарлама құру мəселесін 
шешу керек болды. 
Көп  жылғы  облыстық  мұғалімдер  білімін  жетілдіру  институтында,  педагогтік 
институтта,  университетте  мұғалімдер  мен  болашақ  мұғалімдерді  оқушыларға  ұлттық 
тəрбие  беруге  дайындау  іс-тəжірибемізге  сүйеніп,  қазақ  мектептерінің  мұғалімдері  мен 

78 
 
ата-аналарын  ұлттық  тəрбие  беруге  дайындау  қажеттігі  бізге  «Отбасында  балаларға 
ұлттық  тəрбие  беру»  атты  элективті  курсының  бағдарламасын  жасауға  жəне  оны  іске 
асыруға себеп болды. 
Курстың мақсаты – болашақ мұғалімдерді қазақ отбасылық тəрбиесін беруге даярлау.  
Бағдарламаның міндеттері: 
1.
 
Болашақ  мұғалімдерді  халқымыздың  сан  ғасырлық  жинақталған  отбасылық  тəрбие 
дəстүрімен қаруландыру; 
2.
 
Ата-аналар мен мұғалімдер бірлігімен отбасылық тəрбиенің əсерін күшейту арқылы 
балалардың отбасылық ұлттық тəрбиелілігін арттырып, оның тиімділігін дəлелдеу. 
Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері мен құрылымы. 
1-тақырып. Қазақ отбасының тəлімгерлері.Ана, əке, ата, əже, ағалар, əпкелер, туған-
туыстар, ауыл адамдары. 
2-тақырып. 
Орта 
ғасыр 
ойшылдары 
Қорқыт 
атаның, 
əл-Фарабидің, 
Ж.Баласағунидің,  А.Жүйнекидің,  А.Ясауидің,  Кайқаустың  т.б.  отбасылық  тəрбие  туралы 
ой-пікірлері. 
3-тақырып.  Қазақ  ағартушылары  Ш.Уəлихановтың,  А.Құнанбаевтың,  ағартушы-
педагогтары 
Ы.Алтынсариннің, 
А.Байтұрсыновтың, 
Ж.Аймауытовтың, 
М.Жұмабаевтың,  М.Дулатовтың,  Х.Досмұхамедовтың  шығармашылықтарындағы 
отбасылық тəрбие беру туралы ой-пікірлері. 
4-тақырып. Құрсақ тəрбиесі. Екі қабат болысымен əйелге ерекше қамқорлық жасау: 
оның  сүйген  жерік  асын  тауып  беру, «Құрсақ  тойын»  жасау,  пəле-жаладан,  тіл-көзден 
сақтау шараларын істеу, екі қабат əйелге ауыр жұмыс істетпеу, оның көңіл-күйін əрдайым 
жоғары, жақсы ұстау. 
5-тақырып. Бесік тəрбиесі. «Бесік салар» ырымы, бесікке салу, «Бесік тойын» жасау, 
бесік  жабдықтары,  олардың  мəні,  бесікке  салушыларға  сый-құрмет  жасау,  бесіктің 
тазалығы,  бесікке  бөлеу  əдістері,  бесіктің  құрылысы,  оның  жасалуы,  бесікті  қару  əдеті, 
бесікке  бөленген  бала  шошымау  үшін  жасалатын  ырымдар,  бесіктегі  баланы 
тамақтандыру, ойнату, оның тілін шығаруға жасалатын əрекеттер. 
6-тақырып. Қыз бала тəрбиесі. «Қыз» деген сөздің мəні, қазақ ауыз əдебиетіндегі қыз 
балаға берілген сипаттамалар, қыз баланы еңбекке баулу, қыз балаға адамгершілік, ақыл-
ой,  эстетикалық,  экологиялық,  отбасылық  тəрбие  беру,  оны  отбасылық  өмірге  даярлау, 
бойжеткен  қыздың  сипаты,  қызға  құда  түсу,  қалыңдық  беру,  қыз  ұзату. «Қыз  сынын» 
өткізу. 
7-тақырып.  Келін  тəрбиесі.  «Келін»  деген  сөздің  мəні,  келін  түсіру,  келін  тойы, 
келінді жаңа отбасында тəрбиелеу. «Келін сынын» өткізуге даярлық. 
8- тақырып. Ұл бала тəрбиесі. «Ұл» деген сөздің мəні, ұл балаға еңбек, дене, кəсіби, 
ақыл-ой, эстетикалық, экологиялық, ұлтжандылық тəрбиелер беру, оны отбасылық өмірге 
даярлау. 
9-  тақырып.  Ер  жігіт  тəрбиесі.  «Жігіт»  деген  сөздің  мəні,  жігіттің  кескін-келбеті, 
қабілет-икемі,  қадір-қасиеті,  асыл-қасиеті,  асыл-мінезі,  ажырамас-серігі,  төрт  құбыласы 
тең ер жігіт. «Жігіт сынын» өткізу. 
10-  тақырып.  Отбасылық  өмірге  дайындау.  Үйлену  жəне  үй  болуға  байланысты 
салт-дəстүрлер,  құда  тұсу,  жаушы  жіберу,  құдаларды  қарсы  алу,  есік-төр  көрсету,  ұрын 
келу,  ілу  тойы,  қалыңмал  мен  кəделер,  жасау,  келін  түсіру  тойы,  той  ойындары,  қонақ 
келсе – құт. 
11-  тақырып.  Қазақтың  туысқандық  қарым-қатынастары.  Адамның  өз  жұрты, 
төркін  жұрты,  нағашы  жұрты,  қайын  жұрты,  туысқандық  қатынастар  туралы  даналық 
сөздердің мəні. 
Кесте 1. «Отбасында  балаларға  ұлттық  тəрбие  беру»  элективті  курсының 
тақырыптық үлгі жоспары  
 

79 
 
№ 
Тақырыптардың аттары 
Сағат саны 
лекция 
семинар, 
практ. 
1. 
Кіріспе. Курстың мақсаты, міндеттері мен 
құрылымы 
 


2. 
Қазақ отбасының тəлімгерлері  


3. 
Орта ғасыр ойшылдарының отбасылық тəрбие 
туралы ой-пікірлері 


4. 
Қазақ ағартушылары мен ағартушы-
педагогтарының шығармашылықтарындағы 
отбасылық тəрбие беру туралы ой-пікірлері 


5. 
Құрсақ тəрбиесі 


6. 
Бесік тəрбиесі 


7. 
Қыз бала тəрбиесі 


8. 
Келін тəрбиесі 


9. 
Ұл бала тəрбиесі 


10. 
Ер жігіт тəрбиесі 


11. 
Отбасылық өмірге дайындау 


12. 
Қазақтың туысқандық қарым-қатынастары 


 
Барлығы: _30__сағат 
15 
15 
«Отбасында балаларға ұлттық тəрбие беру» бағдарламасына қажетті əдебиеттер тізімі, 
рефераттардың,  баяндамалардың,  əңгімелердің,  тəрбиелік  іс-шаралардың,  курстық  жəне 
дипломдық  жұмыстардың  тақырыптары,  тестілік  сұрақтар  жасалынды,  мұғалімдер  мен 
ата-аналар  үшін  «Қазақ  халқының  отбасылық  тəрбиесі»  атты  оқу-əдістемелік  құрал 
баспадан шығарылды. 
 
Семинар сабақтардың тақырыптары 
 
1. Қазақ халқының бала тəрбиесіне байланысты салт-дəстүрлері. 
2. Сүйінші жəне шілдехана тойы. 
3. Бесікке салу жəне бесік тойы. 
4. Тұсау кесу жəне атқа мінгізу тойы. 
5. Сүндетке отырғызу жəне сүндет тойы. Тілашар тойы. 
6.Қазақ халқының үйлену жəне үй болуға байланысты салт-дəстүрлері. 
7. Некелесу əдет-ғұрпы. 
8. Қалың мал беру.  
9. Жасау беру. 
10. Қыз ұзату тойы.  
11.Үйлену тойы. 
12.Беташар тойы. 
13.Қазақ халқының туыстық қарым-қатынастарының тəрбиелік мəні. 
14.  Туыстық  ұғымына  сипаттама.  Туыстық  қарым-қатынастардың  өзара 
сабақтастығы. 

80 
 
15. Адамның өз жұрты. Адамның нағашы жұрты.Ер адамның қайын жұрты. Əйел 
адамның қайын жұрты. 
 
Студенттердің оқытушымен өзіндік  
жұмыстарының тақырыптары 
1.  Сенің  отбасың  жəне  оның  дəстүрлері.  Достық  жəне  сыйластық  туралы.  Көңіл 
ашар сиқырлы сөздердің тəрбиелік мəні. 
2.  Ұлттық  ойындардың  тəрбиелік  мəні.  Табиғатты  қорғаудың  халықтық 
дəстүрлері. Зиянды əдеттерден аулақ болу. 
3.  Өзіңді  өзің  сыйласаң,  сені  басқалар  да  сыйлар.  Қандай  адамгершілік 
қасиеттерді ұнатасың? Ата-ана алдында борыштарың қандай болу керек? 
4.  Халықтың  бірін-бірі  сыйластық  ережесі.  Өзара  көмектесудің  халықтық 
дəстүрлері. 
5. Тұрмыстық салт-дəстүрлердің мəні. Ауылдағы сыйлы, құрметті кісілер. 
6. Салт-дəстүрлер – тəрбие негізі. Еңбек етудің халықтық дəстүрлері. 
7. Ауыз əдебиеті – даналық көзі. 
8. Қазақ халқының сұлулық дəстүрлері. 
9. Қазақ халқының отбасын құру дəстүрлері. 
10. Ата-ананы, туған-туыстарды, үлкен кісілерді құрметтеу дəстүрлері. 
11. Халықтың кəсіби тəрбие беру дəстүрлері. 
12. Ақылды жəне білімді адам туралы халық ойлары. 
13. Тəрбиелі қыз, ұл, келін ұғымдары туралы. 
14. «Сегіз қырлы, бір сырлы азамат» деп кімді айтамыз? 
15. Қазақтың туыстық қарым-қатынастарының тəрбиелік мəні. 
 
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары 
 
1. «Шілдехана тойының» сценарий үлгісін жасау. 
2. «Бесік тойының» сценарий үлгісін жасау. 
3. «Сүндет тойының» сценарий үлгісін жасау. 
4. «Тілашар тойының» сценарий үлгісін жасау. 
5. «Туған күн тойының» сценарий үлгісін жасау. 
6. «Қыз сынын» өткізудің сценарий үлгісін жасау. 
7. «Жігіт сынын» өткізудің сценарий үлгісін жасау. 
8. «Келін сынын» өткізудің сценарий үлгісін жасау. 
 
«Отбасында балаларға ұлттық тəрбие беру»  
элективті курс бойынша рефераттар тақырыптары 
 
1. Қазақтың дəстүрлі отбасы. 
2. Қазақ отбасылық қарым-қатыныстары. 
3. Қазақ халқының некелесу дəстүрі. 
4. Қазақтың қалыңмал жəне жасау беру дəстүрі. 
5. Қазіргі отбасының ерекшеліктері. 
6. Қазіргі некелік қатынастар. 
7. Құрсақ тəрбиесі. 
8. Бесік тəрбиесі. 
9. Қыз бала тəрбиесі. 
10. Келін тəрбиесі 
11. Ұл бала тəрбиесі. 
12. Ер азамат тəрбиесі. 
13. «Толық адам» тəрбиесі. 

81 
 
14. Қазақтың туыстық қарым-қатынастарының тəрбиелік мəні. 
15. Қазақтың бала тəрбиесіне байланысты салт-дəстүрлері. 
16. Қазақ халқының тұрмыстық салт-дəстүрлерінің тəрбиелік мəні. 
17. Қазақ халқының мəдени салт-дəстүрлерінің тəрбиелік мəні. 
18. Қазақ халқының табиғат қорғау салт-дəстүрлерінің тəрбиелік мəні. 
19. Қазақ халқының шешендік өнерінің тəрбиелік мəні. 
20. Азаматтық жəне діни мерекелердің тəрбиелік мəні. 
21. Жаңа заман салт-дəстүрлерінің тəрбиелік мəні. 
22. Қазақ халқының сəндік-қолданбалы өнерінің тəрбиелік мəні. 
23. Қазақ халқының əн өнерінің тəрбиелік мəні. 
24. Қазақ халқының би өнерінің тəрбиелік мəні. 
25. «Наурыз» мерекесінің тəрбиелік мəні. 
26. Қазақ бата-тілектерінің тəрбиелік мəні. 
27. Қазақ тиым-ырым сөздерінің тəрбиелік мəні. 
28. Қазақ жұмбақтарының тəрбиелік мəні. 
29. Қазақтың батырлық жырларының тəрбиелік мəні. 
30. Қазақ ертегілерінің тəрбиелік мəні. 
31. Қазақ тойларының тəрбиелік мəні. 
32. Ортағасыр ойшылдарының отбасылық тəрбие туралы ой-пікірлері. 
33. Қазақ ағартушы-педагогтарының отбасылық тəрбие туралы ой-пікірлері. 
 
Əдебиеттер 
1.
 
Абайдың  тəлімгерлік  тағылымдары / Құраст.  Ə.Дайырова,  Г.Құрманбаева. – 
Алматы: Рауан, 1996. – 136 б. 
2.
 
Аймауытов Ж. Тəрбиеге жетекші. – Орынбор, 1924. 
3.
 
Айсариева Б. Босағаң берік болсын. – Алматы: «Білім» қоғамы, 1990. -16 б. 
4.
 
Ақ бата / Құраст. А. Тұрлыбаева. – Алматы: Өнер, 1992. – 64 б. 
5.
 
Ақпанбеков  Ғ.  Қазақтардың  дүниетанымы. – Алматы:  Қазақ  университеті, 
1993. – 56 б. 
6.
 
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – Алматы: Білім, 2003. – 120 б. 
7.
 
Аралбаев Ж. Жаңа дəстүр, жаңа салт. – Алматы: Білім, 1972. – 48 б. 
8.
 
Арғынбаев X. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б. 
9.
 
Асанов Ж. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы 
мен практикасы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 227 б. 
10.
 
Ата салтың – халықтық қалпың / Құраст. А.Қ. Зəкірианов, М.М. Молдабаева. – 
Алматы: Рауан, 1995. – 168 б. 
11.
 
Ахметов С. Қуыр-қуыр, қуырмаш: (Балалар ойындары). – Алматы: Өнер, 1993. 
– 128 б. 
12.
 
Ахметова З. «Кəусар бұлақ» бағдарламасы. – Алматы: Кəусар бұлақ, 1994. – 32 
б. 
13.
 
Əбілғазы Б. Түрік шежіресі. –Алматы; Ана тілі, 1992. - 280 б. 
14.
 
Əбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы: КЭТУ, 1998. – 261 
б. 
15.
 
Əленұлы Ш. Халықтық тəрбиенің тағылымдары. – Алматы: РБК, 1998. – 112 б. 
16.
 
Əлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тəлімдік ойлардың дамуы (XV-XVIII 
ғғ.). – Алматы: Ғылым, 1999. – 198 б. 
17.
 
Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Наука, 1972. – 430 б. 
18.
 
Əлімбаев М. Халық – ғажап тəлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. – 144 б. 
19.
 
Əлімқұлова  Б.,  Əбдіраманов  Е.  Күйеу  келтір,  қыз  ұзат,  тойыңды  қыл. – 
Алматы: Рауан, 1994. – 49 б. 
20.
 
Əуезов М. Əдебиет теориясы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
21.
 
Байжанова Ж. Қызым, саған айтам... – Алматы: Қазақстан, 1976. – 56 б. 

82 
 
22.
 
Байжанова Ж. Семья бақыты. – Алматы: Қайнар, 1990. – 561 б. 
23.
 
Байтас  Т.С.  Мұхаммед  пайғамбардың  əйел  жəне  отбасы  туралы  өсиеттері. – 
Шымкент: Жібек жолы, 2000. – 32 б. 
24.
 
Байтұрсынов  А.  Ақ  жол.  Шығармалары,  өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер. – 
Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 
25.
 
Байтұрсынов А. Тəні саудың – жаны сау. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 128 б. 
 
 
ЖАМАН БАЛА ЖОҚ, ЖАМАН АТА-АНА БАР 
 
Қымбат Əбділдəқызы -  
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лаурияты, 
Қазақстан республикасының мəдениет қайраткері, 
«Құрмет» белгісінің иегері, Дүниежүзі əйелдерінің 
 «Жыл əйелі» кітабына енген, 
«Айгөлек» балалар журналының авторы, əрі редакторы 
 
Ең əуелі ұлттық тəрбие турасындағы пікіріңізді білсек? 
-  Ұлттық  тəрбие  дегеннің  өзі  бір  жағынан  күрделі,  бір  жағынан  қиындығы  жоқ 
қарапайым  мəселе.  Мысалы,  біз  бала  күнімізде  төрт  бала  бір  көрпеде  жататын  едік, 
құшағымыз  айқасып,  аяқтарымыз  бірінің  үстінде  бірі  жататын,  қазір  соларымыз  бір-
бірімізге  жанымызды  беруге  даярмыз,  ал,  кейінгілер  есеппен,  екі  баласы  бір  төсек  емес, 
бір  бөлмеде  жатпайды.  Міне,  бұл  ұлттық  тəрбиеге,  ағайындыққа,  бауырмалдыққа  қарсы 
əдет,  осылай  қазақы  туыстық  қарым-қатынас  салқын  тартып  бара  жатыр.  Ал,  үлкен 
жақтан  айтатын  болсақ,  Қазақстанда  пəленбай  ұлт  бар  деп  айтады,  мен  оған  аса  қуана 
қоймаймын,  жалпақшешейлік  мінезбен  айтқан  сөз.  Сол  ұлттардың  барлығын  қазақтың  
меймандостығынан,  қонақжайлылығынан,  өзі  жемегенін  солардың  аузына  тосқанынан 
бүгінгідей  жақсы  өмірге  жетіп  отыр,  осыны  баса  айту  керек,  Міне,  бұл  ұлттық  мінездің 
керемет қасиеті арқылы жеткеніміз. 
Балаларға заманға сай ұлттық тəрбие беру турасында айтып өтсеңіз
- Мен ол үшін ұлттық тəрбие турасында мектепте, балабақшада көптеген іс жүрсе деп 
ойлаймын.  Ал,  өз  салам  бойынша  айтатын  болсам,  мен  «Айголек»  журналының 
концепциясын өзім жасап, осы жұмысқа саналы түрде келдім. Қазақ радиосында 16 жыл 
балаларға  арналгған  хабарлар  жүргіздім,  сол  арқылы  бала  жанын  таныдым.  Оларда 
тазалық бар, үлкендер сияқты қуланып, саясаттанып, жақсылығын асырып, жамандығын 
жасырмайды.  Қазақта  «балалы  үйдің  ұрлығы  жатпайды»деген  ұлағатты  сөз  бар,  осыдан 
шыққан.  Солай,  балаларға  не  керек  екенін  білдім,  ойлана  келе,  микрафонға  қарағанда 
газет-журнал тасқа қашалған жазумен бірдей екенін түсіндім, хатқа түссе ерте ме, кеш пе 
бір  оқылады.  Осыны  саралай  келе, «Айгөлекті» 2000 жылы  аштым,  ол  кезде 
«Балдырғаннан» басқа балаларға арналған журнал жоқ болатын.  Мысалы, бізде журналда 
«Ойландарған 15 сұрақ»  деген  айдарда: «отбасыңда  ұлттық  ерекшелік  бар  ма?»  деген 
сұрақ  бар,  соған  əртүрлі  жауаптар  келеді,  əр  аймақ  əртүрлі,  дəстүрді  біреулер  ұстайды, 
біреулер  ұстамайды,  кей  балалар: «біз  соғым  сойғанда  көршілерді  шақырып  қонақасы 
береміз, басқа ұлттық дəстүрді орындамаймыз» деп шынын айтады, кейбіреулері: «ұлттқ 
дəстүрдің  несі  бар,  бəрін  ұстанамыз  деп,  мысалымен  келтіріп  айтып  береді».  Отбасында 
ұлттық дəстүрге мəн бермейтіндер, баласының жазғанын көріп ойланады, осылай, газет-
журнал арқылы да балаларға ұлттық тəрбие беруге болады. 
Бүгінгі ата-ана бала тəрбиелеуде қандай қателіктерге жол беріп жүр? 
-  Қазіргі  ата-аналардың  кемшілігі,  балаларға  ақшамен  тəрбие  орнаттық  деп  есептейді, 
қосымша  сабақтар  алғыздық,  курстарға  қатыстырдық,  компютер  үйретіп  жатырмыз 
дегенді  айтады,  ал,  кемшілік  бала  мен  өзінің  арасында  байланыс  жоқ,  баланың  жан 
дүниесіне үңілу жоқ, жаман бала жоқ, жаман ата-ана бар, ата-ана баласына не керек екенін 

83 
 
білуі керек, менің қарыным ашатыны, ақшасы бар ата-аналар газет-журналға жазылмайды, 
кітап  дүкеніне  бармайды.  Егер  ата-ана,  мақал-мəтел,  жаңылтпаштар,  ертегі  кейіпкерлері 
арқылы  сөздік  қорын  байытатын  болса,  көп  сөздің  орынына  бір  мақалды  қолданып  елді 
сүйсіндіріп  тасташы  дейтін  болса,  жаман  болмайды,  өздері  үлгі  болмса,  бала  көшеге 
қарайды, ал, көше бізге қазақ бол деп тұрған жоқ, көше қазақтың тəуелсіздігіне, қазақтың 
мықтылығына  тілектес  емес,  көше  болашаққа  жұмыс  жасап  жатқан  жоқ,  міне  ата-
аналардың  қателігі,  балам  аман  отырса  болды,  тəрбиешіге  беріп  қойдым,  үй  күтушісіне 
қаратып  қойдым,  онан  қалса,  мектепке  беріп  мұғалім  жаман  екен  дейді,  мектеп  əр 
баланың  болашағына  жауап  бермейді,  сабағына  жауап  береді.  Сондықтан  баланың 
соңында жүріп, жақсы кітап оқытып, шығармашылық байқауларға қатыстырып, қатарына 
қарап  өсіуге  зекіп,  ұрысып  емес,  дос  бола,  сырласа,  ойнап  отырып  тəрбиелеу  керек. 
Əрине, ата-ананың бəрі жаман дегеннен аулақпын.  
Балалардың бойынан қандай кемшіліктер байқайсыз? 
- Балалардың бойында менмендік бар, кішкентай кезінен бастап қалыптасқан. Жағдайы 
бар  ата-аналар  балаларының  барлық  тілегін  орындап,  өздерінің  жасап  жүрген 
жұмыстарына  кедергі  келтірмеу  үшін,  барам  деген  жеріне  апарып,  алам  дегенін  алып 
беріп, тек амандығына жауап беретін адамға беріп қояды. Ал, бала жүрген жерде тыйым 
болмаса  қиын  болады.  Баяғыда  Маккаренкоға 5 жастағы  баланы  əкесі  ертіп  келіп:  мына 
баланы алдасамда, ұрссамда көнбейді, не істеймін?, - дейді, сонда Маккаренко: бала неше 
де  дейді,  əкесі: 5 те  дейді,  онда  сіз 5 жыл  бала  тəрбиесінен  кешіккенсіз  деген  екен,  бұл 
қанатты сөз қағидаға айналып кетті. 
Көптеген  ата-аналар  бəрін  ақшамен  шешкісі  келеді,  жұмысына  кеткенде  ақшаны  коп 
береді,  ал,  ол  бала  ертен  балабақшаға  барғанда,  мектепке  барғанда  басқалардың  киген 
киіміне, ұстаған затына осқырая қарап,   «мен,  мен»  болады  да  тұрады.  Мұғалмнің 
тəрбиесіне де менменсіп қарап, құлағына ілмейді. 
Ол əдетті қойғызу үшін не істеу керек? 
- Жаманды жаман дей бергеннен ештеме шықпайды, оның жүрегіне жол табу керек, біз 
көбінде  биікке  көтіріліп  алып,  баланы  бала  деп  қараймыз.  Олай  болмайды,  пенделік 
биіктен түсу керек. 
Қазақ  баланы  жастан  деп  тегін  айтпаған,  балаға  жастан  тыйым  беру  керек.  Жастан 
ақылдасуға, сырласуға, шынын айтуға, пікірлесуге, достыққа шақыру керек.  
Балабақша,  мектеп  өз  міндетін  толық  атқарып  жатқан  жоқ,  олардың  бағдарламасына, 
мамандарына  жаңару  керек,  біз  бір  сарында  жүрміз.  Балабақшада  кіп-кішкентай  болып 
жарыларман болып тырсиып тұрған қалталының баласын, немесе, неше көлік ауыстырып 
шаршап келген қарапайым баланы көресің. Қазір бір келкі, бір сыныптың баласы болып, 
бір көңілде аңқылдап тұрған баланы кездестіру қиын болы.  
С.Торайғыровтың өлеңі бар: 
Анау жақ сəнін түзеп, сауық құрған,  
Құрдасым емес пе еді бір күн туған. 
Мен туғанда табылмай қара сабын,  
Ол туғанда иіс сабын тəнін жуған.  
Бір  ғасыр  бұрын  Сұлтанмахмұт  осылай  айтты,  қазір  де  бар.  Кедейдің  баласы  бай 
баласына  қарап  басылады  да,  байдың  баласы  өзімен  өзі,  қымбат  киім,  асыл  заттарымен 
болады.  Ал,  осындай  теңсіздік  біздің  ұлттық  құндылықтарға  салқынын  тигізіп  отыр.  Ол 
үшін, ең əуелі баламен жұмыс жасайтын маман түзелуі керек, ол, ата-ана ма, қарапайым 
тəрбиеші ме, мұғалім бе бірібір, бастысы баланы сүйе білу керек. 
Бүгінгі жастар үшін неден алаңдайсыз? 
-  Бүгінгі  баладан  ертең  қандай  қария,  бүгінгі  қыздардан  қандай  əже,  кейуана  шығады 
екен  деп  алаңдаймын,  қорқам.  Мысалы,  мен  өз  басым,  қара  кемпір  болуға  дайындалып 
жүрген,  жəне  оны  бақ  санайтын  адаммын.  Отыздағы  келіншектің  қазыналы  кемпір 
болғанын елестете алмаймын. 
Сізше біз болашақ үшін не істеу керекпіз деп ойлайсыз? 

84 
 
Қазақ  «үмітсіз  шайтан»  дейді,  сондықтан  біз  жақсылар  көбеюіміз  керек,  ұлттық 
тəрбиені  сүйіп,  құрмет  тұтатындар  белсене  жұмыс  істеу  керек.  Шаршауға,  бəрі  құрыды 
деп қолды сілтеуге болмайды. Кешегі Алаштықтар қалай жұмыс жасады, ал, біз солардың 
өмірімен  таныс,  ізбасары  ретінде  əрекет  етсек,  жоқтың  орынын  толтырамыз  деп 
ойлаймын. 
Өзіңіз қазір атқарып жатқан жұмыстарыңыз туралы не айтасыз? 
- Мені балалар туралы авторлық бағдарламамен келіңіз деп көптеген орындар жұмысқа 
шақырады,  ал  мен  оған  келіспедім,  қазақты  сүйетін  балаларымды  тиеп  алған  жалғыз 
кеменің ескегін ессем деймін, сол, үшін шашымды таруға уақыт болмай жүгіріп жүрмін. 
Балалардан: «сіз  менің  екінші  мамамсыз»  деген  сөзді  естуден  артық  бақыт  бар  ма?  Бір 
болған  оқиғаны  айтып  берейін,  Шымкентте  бір  əулетте 3 ұрпақ  бойы  ешбір  қыз  бала 
туылмапты,  бəрі  ұл,  ол  отбасы, 8 жылдан  бері  «Айгөлекке»  жазылады  екен,  ақыры  қыз 
баласы  дүниеге  келгенде,  маған  барып-келуге  ұшаққа  билет  алып,  ырымдап  шақырып, 
атымды қойды. Балалар əлемі менің ғұмырым, өстіп жүріп құлап қалсам өкінбеймін. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет