Сұхбаттасқан: Құмар Жұмаханұлы
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
Жазылбекова А.Б. -
Д.А.Қонаев атындағы №1 орта
мектебінің педагог-психологы,
Қапшағай қаласы
Еліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет ретіндегі дамуы үшін болашақ ұрпақты
ұлттық жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани ізгілік мəдениет құндылықтарын
сіңіре отырып тəрбиелеуді қажет. Ал осы ізгі қасиеттерді қалыптастыратын орта отбасы.
Ұлдың өжет,батыр, қыздың əдепті, инабатты болып қалыптасуы ата анадан, отбасы ошақ
қасынан.
Батыстық мəдениеттің “жүгенсіз насихаты” ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
ұлттық тəрбиенің рухани-өнегелік негізіне, ғасырлар бойы қалыптасып келген
эстетикалық, потенциялдық, некелік-отбасылық қатынастарға балта шабуда.
Психологтармен сарапталған жəне жылдар бойы жиналған дені сау отбасын құруының
жалпы беталыстары бұл қиын мəселені түсінуде көмек көрсетеді.
Психологиялық ахуалы оң отбасы – бұл жақындықтың, махаббаттың, сонымен қатар
таластардың жəне өшпенділіктің ашық көрініс мекені. Дені сау отбасының мүшелері осы
отбасына қатысты барлық үдерістерге еркін қатыса алады. Өзара ынтымақтас ата – аналар
балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы.
Отбасындағы оңды психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ,
бейіл береке оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып,
мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен
əсерін өмірдегі басқа еш нəрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Қазақ халқының өзiндiк мəдени, рухани, ұлттық салт-дəстүрлерi айқын қалыптаса
бастаған сонау қазақ хандығы тұсындағы жəне одан бергi дəуiрлердегi тарих беттерiнде
рухани-эстетикалық тəлiм-тəрбиенiң алтын қазынасы жатыр. Осы тұста қазақтың халық
педагогикасының алғашқы iргетасын қалауға негiз болған Асан Қайғы, Қадырѓали
Жалайыри, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Досмамбет, Бұқаржырау, Жиембет,
Марғасқа жəне т.б. сандаған ақын-жыраулардың iнжу-маржан мұралары ұлттық тəлiм-
тəбиенiң ошағы. Қорқыт атаның мұрасындағы тəлiмдiк өсиет бүгiнгi ұрпақ үшін де аса
маңызды. “Анадан өнегекөрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман...
85
Менмен, тəкаппар адамды тəңір сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дəулетiнен қайран жоқ...»,
- дейдi ұлы Қорқыт баба.
Қазақ топырағында бала жанының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан алғаш сараптаған
көсем сөз зергері Жүсіппек Аймауытов пен дүлділ ақын Мағжан Жұмабаев еді. Олар бала
психологиясының қалыптасуына əке шешенің ролі ерекше екеніне мəн берді. «Нашар
жаннан осал мінез туады» демекші, баланың жақсы өнегелі тəлім тəрбиені біртіндеп,
тамызықтап жинайтыны, яғни баланың жаман қылықтары оның ата-анасынан жұғатыны
айтылады. Отбасындағы кейбір əкелердің балаға «ақыл» айтып құлағын жауыр ететіндігін
Ж.Аймауытов шенеп мінейді. М.Жұмабаевтың пікірінше бала ұлттық негізде тəрбиеленуі
тиіс. Өйткені, болашағы бар ұлт бүгінгі жəне ертеңгі ұрпағының сана сезімін осынау
ұлттық қазына, байлық негізінде салып, тəрбиелесе ғана əлеуметтік прогресс
баспалдағынан өз орнын ала алады. Ұлттық даму рухани сабақтардың негізінде жүреді.
Əрбір келесі ұрпақ алдыңғы бұдан жалғастырған ата баба өсиетін түсініп, сезініп барып
өркендейді. «Тəрбие баламен сөйлесумен, əңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана
шектелмейді. Тəрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуінде, балаға əркімнің өз жеке
басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде», - дейді.
Ұлы ғұлама – ойшылдардың бiзге жеткен мұраларында əдет, мiнез, бақыт, дағды, ақыл-
парасат, имандылық, мейiрiмдiлiк, əдiлеттiлiк тұрғысындағы ұлағатты өсиетнамалар
тұнып тұр.
Бала үшін ата-анасының үйі – ең алғашқы, басты жəне ештеңеге айырбастауға
болмайтын өмір мектебі. Дəл осы отбасы тұлғаның дамуына шешуші ықпал етеді,
адамдық сапаларының іргетасын қалайды. Ал осы іртегас мықты болу үшін, отбасы
жайлы болуы керек. Отбасының жайлылығы көбіне оның толық немесе толық еместігіне
тəуелді болады.
Ұлы кеңестік педагог А.С.Макаренко «Ата-аналарға арналған кітабында» былай деп
жазады: «Сіздің өз мінез-құлқыңыз – ең шешуші зат. Баламен сөйлескенде немесе
бірнəрсеге үйреткенде немесе бұйрық бергенде балаға тəрбие бердім деп ойламаңыз. Сіз
оны өміріңіздің əрбір сəтінде, тəіпті үйде болмағанда да тəрбиелейсіз. Сіздің киім киісіңіз,
достарыңызға жəне жауларыңызға қатынасыңыз, қалай күлетініңіз, газет оқитыныңыз,
осының бəрі бала үшін аса маңызды. Даусыңыздың аздаған ғана өзгерісін бала көреді
немесе сезеді, ойыңыздың барлық бұрылыстары көзге көрінбейтін жіптермен оған жетеді,
ал сіз оны сезбейсіз. Ал егер сіз үйде дөрекі немесе мақтаншақ, немесе ішімдік ішер
болсаңыз, сіз оны нашар тəрбиелеудесіз жəне сіздің лайықсыз мінез-құлқыңыз ең қайғылы
салдарға алып келеді!».
Отбасылық өмірге қажетті сапаларды тəрбиелеу (түсіну, елгезектік, эмоциялық
жанашырлық, рухани-ізгілік тəрізді) үрдісі көзге көрінбей жүзеге асады, бірақ қарым-
қатынас психологиясының аса ықпалды облысы ретінде, оның ақаулары салдарынан
мінез-құлық ауытқулары туындайды.
Бала үшін ата-ана кім? Біріншіден – эмоциялық жылулық пен қолдау көзі. Екіншіден –
билік, жақсылықтарды үлестіретін жоғарғы инстанция. Үшіншіден – еліктеудің үлгісі мен
мысалы. Ал төртіншіден - дос жəне кеңесші. Баланың кез келген жасындағы ата-
анасымен өзара қарым-қатынасында осы төрт қызмет болуы керек дей тұрғанмен,
олардың əр жас кезеңіндегі «үлес салмағы» əр қилы. Сəбилік жəне балалық шағының
басында бірінші қызмет, ерте жəне кеш балалық шағында – екінші, кіші мектеп жасында –
үшінші, ал пубертаттық кезеңде – төртінші қызмет «көшбасшылықты» алады. Осыдан
келіп ата-ананың бозбалалар мен бойжеткендермен өзара қарым-қатынас сипатын
ынтымақтастық жағына қарай, жастық шақтың досы жəне кеңесшісі болуға ұмтылысты
жүзеге асырып қайта құру қажеттігі туындайды.
Өзара қарым-қатынастардың мағыналық бағыттылық үш типтен тұруы мүмкін.
Біріншісі - іс-əрекетке (басым көпшілігінде еңбекке), екіншісі – басқа адамдармен өзара
қарым-қатынастарға, үшіншісі - өзіне жəне өзін қанағаттандыруға бағытталған.
86
Заманауи психологияда отбасылық өзара қарым-қатынастың үш негізгі стилдері бар:
бетімен жіберушілік (либералдық), авторитарлық жəне демократиялық. Олардың біріншісі
əдетте қарым-қатынас атаулының мүлдем болмауынан көрінеді: отбасылық бірлестік
мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы жəне бөтендігі, олардың басқаның істері мен
сезімдеріне мүлдем мəн бермеуі, болашақ отағасын тəрбиелеуде бозбалалар мен
бойжеткендердің осындай «принциптерді» қабылдауы мен келешекте жүзеге асыруынан,
немесе қандай да бір ата-аналық тəжірибені игеруден бас тартуынан, ата-аналарын
жатсынуларынан көрінеді.
Авторитарлық жəне демократиялық стильдер де өзіндік шкала құрады, оның бір
полюсінде қатал авторитаризм: отбасы мүшелерінің кешірімсіз жəне оспадар, дөрекі
қатынасы, олардың бір-біріне деген қатігездігі, агрессия, диктат, рақымсыздық пен
суықтығы, ал екінші жағында ынтымақтастықты, өзара көмекті, сезімдер мен
эмоциялардың дамуын, сондай-ақ отбасылық бірлестіктің барлық мүшелерінің шынайы
жəне толықтай тең құқылығын білдіретін коллегиялық демократия. Бұл отбасылық қарым-
қатынастар стильдерінің тəрбиелік мүмкіндіктері жайында айтпаса да түсінікті.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастар стильдерінің салдары тұрғысынан қарағанда
(əсіресе балғын жаста), анағұрлым тиімдісі демократиялық стиль екені дəлелденді, ол
балалармен қалыпты қарым-қатынасты қолдап қана қоймай, сондай-ақ үйлесімді тұлғаның
маңызды сапалары болып табылатын инициатива таныту, жауапкершілік, дербестік жəне
белсенділіктің қалыптасуына барынша ықпал етеді. Өзара қарым-қатынастардың бұл
стилімен біте қайнасқан тəрбие үрдісі табанды бірізділікпен, бірақ жұмсақ əрі өнімді, өз
талаптарының түрткілерін міндетті түрде түсіндіру жəне оларды талдауға ынталандыру
арқылы жүзеге асады; билік аса қажет болғанда ғана қолданылады, ережелері қатып
қалмаған, ал ересектердің пікірі – соңғы шешім шығарушы шындық болып табылмайды.
Өзара қарым-қатынастар стилін олардың эмоциялық ырғағы айғақтайды. Егер оны
белгілі бірі шкала ретінде елестетсек, оның бір полюсінде өте жақын, жылы жəне
мейірімді қарым-қатынастар - ата-ана махаббаты, ал екінші жағында – алыс, суық жəне
жауыз қарым-қатынастар. Ата-ана махаббаты есеюші баланың өзін өзі құрметтеуі, оның
басқа адамдармен жақсы өзара қарым-қатынас орнатуы, өзі туралы жағымды түсінігі
қалыптасуы үшін қажет екенін көптеген зерттеулер көрсеткен. Оның болмауы жүйке жəне
психикалық бұзылуларға, басқа адамдарға жауығу мен агрессияға əкеледі. Өзара қарым-
қатынас тəрбиелеу құралдары арқылы да жүзеге асады: бірінші жағдайда - көңіл бөлу мен
ынталандыру, екіншісінде - қаталдық пен жазалау арқылы. Құралдардың бірінші типін
қолдану əдетте тұлғаның үйлесімді қалыптасуына, екінші типті қолдану кемістікті
тұлғаның қалыптасуына əкеледі. Себебі эмоциялық кейіп пен тəрбиелеудің басым
құралдары отбасылық бақылау мен тəртіпті орнату типінде де байқалады, онда тағы
полюстің бір жағында ата-аналардың белсенділікке, дербестікке жəне инициативаға,
екіншісінде – тəуелділікке, енжарлыққа жəне көзсіз бағынуға бағытталуы тұрады, бұлар
біздің балаларымыздан ұқсастық немесе контраст арқылы айқын байқаладыӨзара қарым-
қатынастар стилін белгілі бір континуум түрінде көрсетуге болады, оның бір жағында
даусыз авторитарлық, ал екіншісінде – демократия, ал ортасында өзара қарым-
қатынастардың нейтралды стилі орналасады.
Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ,
бейіл береке оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерін өрге басып,
мақсаттарының жүзеге асуының кепілі. Балаларының ұрысқақ, жанжалқой, дөрекілігі əке-
шешенің жатса, тұрса, жадынан шықпайтын қауіп, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі
алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді. Олардың жанына өте бататыны
əлпештеп өсірген ұл-қызының ата-анасын адам деп елеп, олардың ауру-сырқауын,
қапелеріне алмайтыны, бұған қарама-қарсы еңбекқор, кішіпейіл, жарқын мінезді болып
өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап, хал-жағдайын айқызбай аңғарып, сəл
нəрсенің өзінен олардың көңілін тауып, мерейін өсіреді. Отбасы шын мəнінде тату болса,
одан адамгершілік пен татулықтың көрінісі таңғы шықтай мөлдіреп тұрады.
87
Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық тəрбиеде тəрбиелеудің маңызы зор.
Оның бірі əжелер ертегісі. Бір уақытта қазақ баласының ойынша ертек білмейтін əже жоқ
деп өскен ұрпақтың бүгінгі баласы санасын улап жатқан шетелдің қым-қуыт
мульфилімінен аса алмай отыр. Аңыз əңгіме, ертегіден алғырлықты, батылдықты,
қамқорлықты, үлкенді сыйлауды бойына сіңіріп, ертеңнен кешке дейін компьютер
алдында телміріп отырмай, одан естігенін істемеспе еді?
Республикамызды мекендейтін түрліұлт жастары арасында қылмыстың өсе түсуі қатты
алаңдатады. Бұқаралық ақпарат құралдарында батыстық өмір салттарын - жыныстық
қатынас, кісі өлтіру, бейбастық, қарақшылық, “еркін махаббат”, т.б. насихаттайтын
материалдардың, əйел-қыздардың жалаңаш денелерін көрсететін суреттердің жиі басылуы
қазақтың
ұлттық
болмысына
елеулі
қасiретiн
тигізуде.
Қоғамдық
өмірді,
қоғамдыққатынастарды демократияландыру ұранымен болып жатқан мұндай бейбастық
іс-əрекеттер ұлттық тəлім-тəрбиеге түбірімен қарсы бағытталғанын естен шығармау керек.
Осындай келеңсіз, кесірлі құбылыстарға қазақ жастарының едəуір бөлігінің елігіп,
еліктеуі қанат жайып барады. Осылайша, батыстық мəдениеттің “жүгенсіз насихаты”
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттыќ тəрбиенің рухани-өнегелік негізіне,
ғасырлар бойы қалыптасып келген эстетикалық, потенциялдық, некелік-отбасылық
қатынастарға балта шабуда.
Эмоциялық ауытқулар, мінез-құлықтың бұзылуы жəне басқа да психологиялық
мəселелердің пайда болуы балалық шақтағы жайсыз оқиғалармен байланысты екендігі
бұрыннан белгілі. Отбасылық конфликтілер, махаббаттың жетіспеушілігі, ата-аналардың
қатігездігі немесе жазалау жүйесінің ретсіздігі кейіннен психожарақаттаушы факторларға
айналуы мүмкін. Сондықтан да отбасында бала ата-аналар тарапынан эмоциялық қолдау,
қамқорлық, жылулық алулары аса маңызды. Баланың ата-анасымен өзара əрекет ету
ерекшеліктері, олардың қайырымдылығы, эмоциялық байланыстар мен жақсы көруін
көрсететін қарым-қатынастардың болуы балалық шақтың барлық кезеңіне ғана емес,
сондай-ақ оның əрі қараңғы өміріне де, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуында
өзіндік үлгі-эталон болып табылады. Сондықтан да əрбір баланың əкесі де, шешесі де
болғаны абзал.
Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар,
отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, отбасы тəрбиесінің құлдырап
кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің
төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала,
интеллектуалдық қабілеті төмен оқушы, психикасында ауытқуы бар бала, ұлттық намысы,
рухы төмен, бəсекеге қабілетсіз ұрпақтың қалыптасуынаəкеліп соқтыруда.Отбасындағы
ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділіктің, ынтымақтастық пен
түсінушіліктің дұрыс болмауының салдарынан көше кезіп жүретін қаңғыбас балалардың
саны
көбейе
түсуде,
жастардың
арасында
мейірімділіктің,
имандылықтың,
адамгершіліктің, рухани-ізгі қасиеттердің төмендеуінен қылмыстың, террористік
əрекеттердің өршуіне, діни экстремистік ағымдарға бой ұсынғандардың санының өршуіне
əкеліп соқтыруды.
Болашақ ұрпақ ұлтжанды, иманды, тілі мен дінін құрметтейтін азамат пен азаматша
болып өссін десек ата-баба салт -дəстүрін көненің көзі демей таптырмас тəрбиенің
құралына айналдыруымыз керек. Қазақтың аса көрнекті, ойшыл ғалымдарының бірі
А.Байтұрсынов «балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»
дегендей, бүгіннен бастап қоғам болып ұлттық тəрбиені ұлықтап, салт-дəстүрімізді
насихаттап жеткіншектеріміздің санасына жұрт болып жеткізе білмесек, ертеңгі күні
ұлтым деп өсер ұрпақтың азайып кетпесіне кім кепіл.
Əдебиеттер тізімі:
1.
Жас ұрпақты отбасылық өмірге дайындау. Оқу-əдістемелік құрал. Алматы, 2007.
(Б.К.Момынбаевпен авторлық бірлестікте).
88
2.
Жанұя барлық тəрбие бастауларының тірегі.Əдістемелік құрал. Алматы, 2007.
3.
Қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тəрбиесінің педагогикалық шарттары.
Қ.Оразбекұлы.
4.
Отбасы мəселесінің қазіргі психология ғылымында жəне тəжірибеде
қарастырылуы. Н.Бегалиева, Н.Оразалина. Жантану мəселелері. 2009.
5.
Ажырасудың бала психологиясына тигізетін əсері. Д.Сабекова.
6.
Отбасылық қақтығыс: ерекшеліктері, себептері, құрылымы. М.Ауренова,
А.Есдаулетова.
7.
Сезім. Отбасы. Энергетика. К.Елшібаева. Алматы, 2010.
Резюме
В статье выясняются психологические аспекты в семейном воспитани и роль
семейного воспитания в национальном воспитании.
Summary
The paper clarified the psychological aspects of the role of family education and family
education in national education.
САПАЛЫ ТƏРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ – ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ
ЖҮЙЕСІ (e-lerning)
Нұрқадыров С.Н. –
Д.А.Қонаев атындағы №1
қазақ орта мектебінің
директоры,
Қапшағай қаласы
Тəуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім
саласын əлемдік стандарттарға сай реформалау мəселесіне баса назар аударды. Жақында
ғана Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың материалдық жəне рухани əл-
ауқатын жақсарту, экономиканы тұрақты дамыту үшін баршаға арналған сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру, адами
капиталды дамыту. Осы арқылы еліміз бен жеріміздің болашағы болатын білімді
азаматтар тобын молынан қалыптастыру осы бағдарламаның басты көздегені болып, сол
89
арқылы көп көкейіндегі түйткілдерге оң бағыт сілтеп отыр. Осы жобаларды іске асыруда
Мемлекеттік бағдарламада білім беру жүйесін заңнамалық, инвестициялық, экономикалық
жəне кадрлық жетілдіру жөнінде шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, Мемлекеттік
бағдарламада көзделген төмендегі 10 бағыттың іске асуы, аталған мəселелер туралы тың
серпін əкелетіндігінде дау жоқ.
Нақтылап айтқанда:
Білім жүйесін қаржыландыру, білім берудегі менеджмент, педагог мəртебесі, «E-
learning» электронды оқыту, мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту, орта білім, техникалық
жəне кəсіптік білім, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өмір бойы оқу,
тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты – бұл бағдарламаның нақты көрінісі болып отыр.
Бұл бағдарламадағы басым бағыттардың бірі (e-lerning) электронды оқыту жүйесін құру.
Электрондық оқыту жүйесін білім мен тəрбие саласына енгізудегі басты мақсат - білім
беру мен тəрбие беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру
үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу
оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін
арттырады.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық
оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мəліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-
ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық жəне ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету құралы,
екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мəліметтерді
орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы,
үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мəліметтерді жəне түрлі
аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау
құралы ретінде əрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім мен тəрбие беру мекемелері, мұғалім, оқушы
жəне олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мəліметтерді сақтайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
- Ұлттық білімдік мəліметтер қоры;
- Ұлттық тəрбие беру мəліметтер қоры;
- Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу т.с.с);
- «Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
- Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;
- Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;
- Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;
- Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;
- Мониторинг жəне талдау ішкі жүйесі;
- Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту
жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді? Таратып айтсақ, электрондық оқыту
жүйесінде əкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық
қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар əзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін
жүргізеді. Оқушы қазіргі қоғамға сай жан-жақты дамиды. Ал мұғалім күнтізбелік-
тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру
қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер
туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік жəне т.б.
жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тəрбие мəселелері бойынша кеңестер
алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы
ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ
кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін,
есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе əкімшісі жергілікті жəне
90
ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда,
көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Міне, жоғарыда атап көрсетілгендей, біздің алдымызда осындай келелі міндеттер тұр.
Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің
компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына
жағдай жасап отыр. Қала мектептерінде қажетті құрал-жабдық базасы бар, Елбасының
«Біз бүкіл елімізде əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға
қоюға тиістіміз» дегендей, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.
Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз
жіберуге тəрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы
жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жастарымызды осындай
мақсатта тəрбиелеуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі
Қапшағай қаласындағы мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген.
Қаламыздағы 15 мектеп 100% интернетке қослған. Қала жəне ауыл мектептерінде
интерактивті тақталарда мұғалімдер сабақтарын жүргізуде. Өзім басқарып отырған
Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің 15 мұғалімі қашықтықтан оқыту бойынша
Он-лайн режимінде курстан өткізілді. Алматы облыстық мамандар кəсібін дамыту
институтында, кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институттан
мектебіміздің ұстаздар қауымы өз білімдерін жетілдіруде. Қалалық білім дене шынықтыру
жəне спорт бөлімі тарапынан апталық, айлық семинарларға мұғалімдеріміз қатысуда.
Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған
еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын
арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сəтке толастамайды. Табыстың
көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң
білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.
Достарыңызбен бөлісу: |