Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

65 


 

бөленді.  Бүгінде  сұм  соғыстың  көзі  тірі  куәгерлерінен  жалғыз  Сүлейменов 

Асаубай атамыз ғана бар. Жыл өткен сайын ардагер аталарымыздың қатары 

сирегенмен  олардың  жарқын  бейнелері,  өнегелі  істері  ауылдастарының 

жадында сақталады.  

Біз  ауылдан  майданға  аттанып,  жауды  жеңіп,  омырауларын  орден-

медальдарға толтырып оралған  Әбдірахманов Шұлғаубай, Шажалиев Әңгеш, 

Әбішев  Ибаділда,  Қопабаев  Әділ,  Абахова  Сәлима,  Әжіров  Жөндербек, 

Тазабеков Медербек, Әбітаев Мақсым және Сүлейменов Асаубай сынды ата-

апаларымызды мақтан тұтамыз. Мектебіміздің алдына Ұлы Отан соғысынан 

оралмай, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан, дерексіз кеткен жауынгер 

аталарымыздың аты-жөндері жазылған ескерткіш тақта орнатылған. Осыған 

қарап-ақ қаншама шаңырақ қара жамылып, қанша ана арқа сүйер азаматынан, 

қанша  бала    асқар  тауы  –  әкесінен  айырылғанын  бағамдауға  болады.  Еске 

алуға  ауыр  әрі  қасіретті  болса  да  өткенді  ұмытуға  болмайды.  Өйткені,  бұл 

біздің ауылдың тарихы. Бір ғана ауылдың өзінен осынша атпал азамат аман 

оралмаса, бүкіл ел аумағында ажал құшқандар саны қаншама десеңізші?! Иә, 

Ұлы  Жеңіс  оңайлықпен  келмеді.  Талай  боздақтар  Отан  қорғау  жолында 

қыршын кетті. Соғыстың аты – соғыс. Ол – қатал. Онда мейірім, ізгілік деген 

болмайды. Соғыстың адам шығынысыз болмайтыны да сондықтан.  

Биылғы  жылдың  күзінде  біздер,  мектеп  оқушылары,  өзіміздің 

жерлесіміз,  «Парыз»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  Бекқұлы  Әліұлымен 

кездесу өткіздік. Кездесу барысында Бекқұлы атамыз Отаншылдық тәрбиенің 

бір парасы өлке мен елтанудан басталатынын айта келіп, өзі құрған қоғамдық 

бірлестіктің  мақсатын,  атқарған  жұмыстарымен  таныстырды.  «Тарихи 

шайқастардағы  жамбылдықтар»  акциясын  орындау  үшін  2012  жылға  дейін 

жамбылдық    Брест  қамалын  қорғаушылардың  деректерін  жинастырғанын 

және  Ленинград,  Новгород    майдандарында  соғысқан  жамбылдық 

жауынгерлердің облыс бойынша тізімін түзіп, «қара қағаздарын» іздестіргені 

жөнінде  әңгімеледі.  Ресейдің  Ленинград,  Новгород    облыстарында  болып, 

«Невский  Пятачок»,  «Мясной  бор»,  «Демянск»  мемлекеттік  мемеориалдық 

кешендерінде  болған  видео  түсірілімдерін  көрсетті.  Ол  кісінің  негізгі 

мақсатының  өзі  осы  кешендердегі  «Естелік  кітаптарына»  жерлестеріміздің, 

жамбылдық    жауынгерлердің  аты-жөнін  енгізу  екенін  ұғындық.  Бекқұлы 

атамыз айтқан мына бір сөз жадымда қалды: «Ең соңғы құрбан анықталғанша 

кез-келген  соғысты  аяқталды  деп  есептеуге  болмайды».  Осы  сөз  ойыма 

оралғанда  әлі  де  сүйегі  табылмай,  із-түзсіз  жоғалғандар  санатында  қалған 

боздақтар  көп  екенін  түсіндім  және  атамыздың  қиын  да  күрделі  жұмысына 

сәттілік тілеймін.  

Соғыс  жылдарында  тылдағы  еңбек  те  майдандағыша  ерекше  қызды. 

Елдегілер  күн-түн  демей  еңбек  етіп,  жауынгерлерді  қару-жарақпен,  оқ-

дәрімен,  азық-түлікпен,  киім-кешекпен  қажетінше  қамтамасыз  етті.  Сөйтіп 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

66 


 

майдан мен тылдағы жанталас қимыл-әрекеттің арқасында төрт жылдан астам 

тағатсыздана күткен Ұлы Жеңіске де қол жетті. Біздің ауыл еңбеккерлерінің 

де Жеңіске қосқан үлестері орасан. Шағын ғана ауыл халқы бірлесе еңбек етіп, 

таңның атысы, кештің батысымен санаспай бейнеттеніп, Жеңісті жақындата 

түсті  десем  артық  айтқандық  емес.  Ат  төбеліндей  ауылдан  үш  Социалистік 

Еңбек  Ері  шығуының  өзі  осыған  айқын  дәлел  бола  алады.  Ауылға  есімі 

берілген Қапалбаев Жақсылық атамыз бен Зәуірбеков Бәйтік атамыз жылқы 

бағып, жүз биеден жүз құлын алса, Абахов Кәрібай атамыз озат механизатор 

ретінде  көзге  түсіп,  кеуделеріне  орден  таққан.  Мұнан  бөлек  егіс  даласында 

еңбек  көрігін  қыздырып,  еңбектің  алғы  шебінен  көрінген  ата-әжелеріміз 

қаншама.  

Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізді 

биыл  70-рет  тойлағалы  отырмыз.  Осы  күнге  жеткізген  қарттарға  асқан 

ілтипатпен  құрмет  көрсетіп,  жүзбе-жүз  кездесу  мектеп  оқушыларының  игі 

дәстүріне айналған. Биыл біздің ауылда жалғыз-ақ соғыс ардагері қалды. Отты 

жылдардың  көзі  тірі  куәгері  Асаубай  атаны  ауыл  адамдары  ерекше 

құрметтейді.  Ардагер  атамыз  бүгінгі  тыныштық  пен  бейбітшілікті  көзімен 

көріп отырғанына қуанады. Сонымен қатар аяулы ардагерін ұмытпай, ардақ 

тұтқан ауыл тұтқындарына дән риза.  

Кешегі көк түтек соғыста жанын шүберекке түйе жүріп ел қорғаған асыл 

жандар  азайып  барады.    Оларға  лайықты  құрмет  көрсету  –  жас  өрендердің 

парызы. Үлкенін құрметтеген ұрпақтың ғана ұлтын ұлы даңғылмен алып жүре 

алатыны анық.  

         Жылдар  өтер,  заман  да  өзгерер.  Бірақ,  Отан  үшін  отқа  түскендер 

ешқашан  да  ұмытылмайды.  Баукеңнің  өзі  айтқандай,  олар  отқа  күймейді. 

Қайта ерліктері мәңгілік асқақтай береді.  

 

 



Сабыр Балжан 

                           9 сынып оқушысы№24 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп                     

                           Жамбыл облысы, Жуалы ауданы 

                           Жетекшісі: Исакулова Айгул Манатбековна 

 

     Тарихта мәңгі  есімізде  қалатын  күн 1941  жылғы  соғыстың басталуы.  Бұл 



күн  елі  мен  жері  үшін  өмірін  қиған  батырлардың  ерліктерін  еске  түсіреді. 

Адамзат  тарихындағы  сол  сұрапыл  соғыстың  болғанына  міне  биыл  70  жыл 

толады.  Қазақ  елі  үшін  Жеңіс  жалауының  бағасы  өте  зор.  Өйткені 

батырларымыз немістерді  Берлинге  дейін  қуып барып,  ең  алғаш  Рейхстагқа 

Рақымжан Қошқарбаев ту тікті.   Барлық қиындық артта қалып жеңіске жеттік. 

Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке, он бес одақтас болған 

мемлекеттердің ортақ тойы. Сол соғыста қазақ халқы өзінің Отанына, жері мен 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

67 


 

еліне  деген патриоттық  сезімін, ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді. 500-ден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

Батырлардың  арасында  ерекше  ерлігімен  көзге  түскен  —  Бауыржан 

Момышұлы. Жуалы ауданының тумасы Бауыржан атамыз соғыс өнерін жетік 

меңгерген, әскери қимылдар мен және оны жургізудің практикасын ұтымды 

қолдана  білген  қолбасшы.  Ол  207  рет  соғысқа  қатысқан  қаһарман  батыр. 

"Халқымның  қарапайым  бір  ұлымын,  жанымды  арым  үшін  құрбан  еткен"  - 

дейтін  өмірлік  ұстанымынан  атамыздың  қандай  ерлік  көрсеткенін 

байқауымызға  болады.  Бауыржанның  ерлігін  бір  сөзбен  айтып  жеткізу 

жеткіліксіз, ондай батыр жұрт аузынан айтылмаған жақсы сөзашылмаған сыр 

жоқ. Ұлы батырдан біздің алар ұлағатымыз көп. Біз ғана емес, шетелдерде де 

Бауыржанның  ұлағатын  қасиет  тұтқандар  аз  емес.  Оның  есімі  ел  жүрегінде 

мәңгіге сақталады, Бауыржан шын мәнінде бақытты ер! Есімдерін ән-жырға 

қосқан шығыстың қос жұлдызын Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ұлы 

өнеге деп айтар едім. Сұрапыл қан майдан ортасында жүріп, аз ғұмыр кешкен, 

әр күнді мағыналы да мәнді еткен қазақтың батыр қыздары жайлы айта беру 

артық болмас. Қазақтың батыр қыздары - халқының абыройын асырып, елінің 

даңқын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралы науқастарды өлімнен 

құтқарған, 

майдандағы 

ерліктеріне 

лайық 

орден, 


медальдармен 

марапатталған. Алайда, осы қанды қырғында өмір мен өлімнің арасында жас 

өмірін  Отаны  үшін  сарп  еткен  қазақ  қыздары  жөніндегі  деректер  өте  аз, 

олардың  кейбірінің  есімдері  де  белгісіз.  Қазақ  қыздары  ерлігінің  құпиясы 

терең.  Атақты  Ғабит  Мүсірепов  былай  деген  екен:  «Аталар  заманы  қазақ 

қызын еркелетпей өсірді. Ортада от, жабықта қырау, тыста сықырлаған аяз. 

Қазақ  қызы  азамат  ат  үстінде.  Ақ  жүзінде  қызыл  шырай,  ол  -  суықтың 

сүйгені».  Ұлы  Отан  соғысы,  ондағы  Жеңіс  талай  жанның  өмірін  өзгертті. 

Бүгінде Кеңес Одағы Батырларына арналған мұражайлар, мектептер, жоғарғы 

оқу  орны  атаулары  бар.  Яғни  батырларымыздың  рухы  ешқашан  өлмейді, 

бүгінгі ұрпақты желеп-жебеп жүреді.     

      9  мамыр  күнінде  Отанымыз  үшін  өзінің  жанын  пида  еткен,  туған-

туыстарына  қайта  оралмай  қалған  қаһарман  ерлерді  ел  болып  еске  алып, 

жауынгерлер рухына тағзым етіп, «Мәңгілік алау» меморалына гүл шоқтары 

қойылады. Зұлым соғыста батырларымыз сақтап қалған жеріміз бүгінгі күні 

дүние  жүзі  таныған,  әлем  мойындаған  мемлекет  болып  қалуы  үлкен 

мақтаныш, жетістік. Соғыс жылдарында Қазақстан милиондаған көрші халық 

босқындарын өз бауырына аналық мейірім мен тартып, қамқор қонақжайлық 

көрсетті.  Қазір  еліміздің  дүние  жүзіндегі  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттердің 

бірі  болып,  бастысы  елімізде  бейбітшілік  пен  татулықтың  болуы, 

халқымыздың  тыныштықта  өмір  сүруі  тұңғыш  президентіміз  Нұрсұлтан 

атамыздың арқасында. Сондықтан біз ХХІ ғасыр жастары осындай байтақ елде 

тұрып  жатқанымызға  бақыттымыз.  Ешкімде,  ешнәрсе  де  ұмытылмайды. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

68 


 

Соғыс барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілікті жалмайтын 

тажал.  Жыл  сайын  қариялардың  азайып  бара  жатқанын,  әсіресе  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  қалған  ақсақалдарымыздың  саны  азайып  бара  жатқаны 

белгілі.  Осы  орайда  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  Итебаев  Еңсебек  атам 

жайлы  жазуды  жөн  көрдім.  Итебаев  Еңсебек  атақты  Бауыржан  жетекшілік 

еткен 316 атқыштар дивизиясының минометшісі. 1922 жылы дүниеге келген. 

1941  жылы  желтоқсан  айында  Манкент  әскери  комиссариатынан  әскерге 

жіберіліп,  1942  жылы  майданға  аттанды.  Қанды  соғыс  жылдарында 

Эстонияның Перну қаласын жаудан азат етуге үлес қосты. Итебаев Еңсебектің 

қан  майдандағы  ерен  еңбегі  еленіп,  «Қызыл  жұлдыз»,  «Ерлігі  үшін»  орден 

және  көптеген  медальдармен  марапатталды.  Жеңіс  мейрамын  Эстония 

жерінде қарсы алып, 1946 жылы елге оралды. Елге келген соң бірден бейбіт 

еңбекке араласып, қаржы агенттігінде есепші, қойма меңгерушісі қызметтерін 

атқарды.  Зейнеткерлікке  шыққанға  дейінгі  соңғы  30  жыл  бойы  колхозда 

бақташы болып еңбек етті. 2005 жылы 25 қыркүйек айында дүниеден озды. 

Атамның алып денелі, өткір көзді болған бейнесі кішкентай кезімнен әлі күнге 

дейін көз алдымда. Атамның үлгі тұтар ұлы тұлға екенін мақтанышпен айта 

аламын.  Туған  өлкем  Шыңбұлақта  атамнан  басқа  Ортаев  Қасымбек, 

Абдуалиев  Байсымақ,  Қойбақұлы  Мелдебек,  Утеуов  Пірмағамбет,  Рақышев 

Алтынбек, Ортайұлы Құмар, Байбагисов Абдрак сынды батырлар соғыста ел 

мен жерді қорғаудың жойқын үлгісін құрып, жаудан азат ету жолында аянбай 

ерлік көрсетті. Бүгінгі тарих биігінен қарағанда аға ұрпақ өкілдерінің жүздері 

жарқын  екені  ақиқат.  Егер  сонау  бір  атты  кезеңнің  зардабын  бүгінгі  бейбіт 

күннің  таразысына  салар  болсақ,  жан  түршіктірер  деректер  көз  алдымызға 

келеді.  Төрт  жылға  созылған  қанды  қырғында  Кеңес  Одағы  27  миллион 

азаматынан  айырылды.  Егер  сондай  батырларымыз  жеңіске  қол 

жеткізбегенде, қазір кім біледі немістердің қол астынды бодан болып кетер ме 

едік?!  Солардың  қанымен,  жанымен,  көз  жасымен,  ерлігімен,  атаның  туын 

жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  жердің  топырағын  жауға  таптатпай, 

жеңістің туын көтерген күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, 

туғаны  бар  халқы  үшін  қуаныш  болған  күн.  Оққа  ұшқан  қарулас 

жолдастарымыздың аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың 

өздері  қорғап,  қорған  қамқор  болып  оралған  арттағы  қалың  елдің  қамығып 

жеткен  Жеңіс  күнін  біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайды.  Біз  Ұлы  Отан 

соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  бірлікпен  жеттік. 

Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Бүгінде 

еліміз  тәуелсіздігін алып,  оны өзге  елдерге  мойындатты.  Қазақ  елінде  түрлі 

жарыстар  өтілуде,  үлкен  жетістіктерді  бағындыруда.  Осының  бәрі  өзге 

елдермен бейбіт келісімге келіп, өзге елдермен достық қатынасты нығайттып 

отырған елбасымыздың арқасында. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдерінің 

бір үйдің балаларындай өмір сүріпжатқаны осыны дәлелдейді. Біз, соғыстан 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

69 


 

кейінгі  жас  ұрпақ  Ұлы  Отан  соғысы  жайлы  тек  оқулықтардан,  көркем 

әдебиеттерден  және  кинотуындылардан  ғана  білеміз.  Халық  игілігі  ретінде 

рухани  асыл  қазыналар  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  сабақтасып  жатады. 

Елінің бүгіні мен ертеңін болжап, халық үшін рухани байлық болып саналады. 

Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен апа-аталарымыз 

аман  болсын!  Келешек  еліміздің  дархан  даласы  кең,  аспаны  ашық  болсын! 

Ұлы  Отан  соғысы  туралы  шығарма  жазудың  ерекшелігі он  бетке мейлі  жүз 

бетке болсын сыйғызу мүмкін емес. Себебі, соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан 

өзгермейтін,  ешқашан  сынға  берілмейтін  азап.  Жұдырықтай  жұмылған, 

білектей  біріккен  кеңпейіл  қазақ  елі  жасасын!  Ешқашанда  батыр  ерлігі  мен 

жеңісті еңбегімен, ерен ерліктері ұмытылмайды. Біздің азаматтық міндетіміз - 

Отанын  сүйетін  патриот  болу,  достық  пен  бірлік  ұғымын  түсіну,  елі  мен 

жеріне адал қызмет ететін саналы азамат болу. Ешқашан жер бетінде соғыс 

болмасын!  Әлдилеген  Жер-Ана  көркейе  берсін!  Еліміздің  еңсесі  биік, 

тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Баршамызға 

қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына мына бір шумақтарын 

арнағым келеді: 

 

Ұлы Жеңіс жасай берсін мәңгілік



Соғыс аты әр кез тұрар жаңғырып. 

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, 

Отты жылды тастап артқа қалдырып. 

Соғыс деген болмасын жерімізде. 

Бірлігіміз нығайсын елімізде. 

Елбасымыз аман болсын, жүз жасасын, 

Қазақстан әрқашан көркінде! 

 

 



Сағындық Ұлмеке  

          11 сынып№7 Қ.Сәтпаев шағын орталықты орта мектебі 

          Жамбыл обылысы Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы    

Жетекші: Абумаликова Сәуле Керимшеевна.    

 

Ерлік жыры - елдің ескерткіші 

 

                                                         Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!     



                                            

 

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 69 жыл толды, келер 



жылы 70 жыл толып тойланады.Аға ұрпақтың ізгі өнегесін жас ұрпақ біздер 

білуге тиіс, әрі міндеттіміз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

70 


 

Табаны  күректей  төрт  жыл  бойы  ғаламат  күш-қайрат  көрсеткен  және 

сұрапыл  шығындарға  ұшыраған  біздің  еліміз  Германияның  қуатты  әскери  

күшін тас- талқан етті.Төрт жыл бойы соғыс қорғаны Отан қорғаушылардың 

арасынан  селдірткені  рас,  ал  мұның  өзі  қалалар  мен  селоларға  «қара  қағаз» 

болып жетім жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. 

Күні  кеше  адамзат  өз  тарихындағы  қаһарлы  соғыстың  жеңісінің  69 

жылдығын  тойлады.  Бұл  жеңістің    Қазақстан,  Ресей  және  ТМД  елдері 

тарихында  алатын  орны  ерекше.  Соғыс  миллиондаған  адамдардың  өмірін 

қиып, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. 

Ұлы Отан соғысы тарихта қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ТМД 

халықтарының теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының, бірлігінің дәлелі. 

Соғыста қазақстандықтардың әскерлері ата – бабаның ежелгі дәстүріне адал 

бола білді. 

Ел  басына  күн  туғанда  біздің  Отандастарымыз  басқа  елдермен  нық 

тіресіп  Отанды  қорғауға  аттанды.Соғысқа  1  млн  200  мың  адам  бір  ғана 

Қазақстаннан  қатысқан,  олардың  400  мыңы  әйелдер  еді.соның  ішінде  500 

жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы «Кеңес 

Одағының  батыры»  деген  ең  жоғарғы  атаққа  ие  болды.    Олар-  біздің 

мақтанышымыз.  Қазақ  жеріне  соғыс  өртінің  шарпуы  тиген  жоқ,  сонда  да 

ерлермен тізе қосып жауға қарсы шыққан қазақтың үріп ауызға салғандай жас 

қыздары бар екенін естен шығармауымыз керек және де тиіспіз. Оларды соғыс 

өрті  ерте  есейтті.  Кеше  ғана  қызыл-  жасылды  киініп,  гүлдей  құлпырған 

балауса бойжеткендер енді әскери киім киіп, қару асынып жаумен шайқасқа 

шықты. 

   


  

Ақ шашты ана! 

Саптан шықпай нық басып келесің бе? 

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер... 

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,  

Ару қыздар- алаулап от кешкендер,  

 

- деп Фариза апайымыз айтқандай мәңгі есімізде қаласыздар. 



Екінші  дүниежүзілік  соғыста  Шығыс  қыздарынан  Батыр  атағын  алған 

екі-  ақ  қыз  бар  екен.  Бұл  қазақтың  Мәншүгі  мен  Әлиясы.  Қос  батыр  қыз 

Қазақстаннан соғысқа қатынасқан өзге де қыз- келіншектер сияқты майданға 

өз  еріктерімен  сұранып  аттанған.  Осының  өзі  жайдан-  жай  емес.  Ежелден 

батырлық  пен  ерлік  рухы  сіңген  топырақта  тәрбиеленген  олардың  басқаша 

болуы  мүмкін    емес  еді.Өйткені  «халық  үшін  жан  пида»  деп  қанын  төккен 

батырлары еді.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың». Адам ешқашан да 

анадан  батыр  болып  тумайды.  Айбындылық,  батырлық,  ерлік  аспаннан 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

71 


 

түспейді.  «Табандылықтың  атасы  татымды  тәрбиеден  бастау  алады»  деген 

Халық қаһарманы даңқты батыр, жазушы  Бауыржан Момышұлы. 

Ұлы Отан соғысы фашистерге қарсы кекпен бірге әрбір солдаттың ішкі 

әлемінің нәзік қылына қол созғызды, қылын шерттірді.Қасым Аманжоловтың  

«Абдулла» бейнесі жасалды, майдангер жүрегіне желкен салған «Дариға сол 

қызы»  дүниеге  келді.Сол  сияқты,  Ж.Саиннің    «Есімде  Айдар  өзені»,  

Д.Әбілевтің  «Жылама»  деген  шығармалары    және  тағы  басқа  ақын  – 

жазушылар небір бейнелерді тудырды. 

Соғыста  Бауыржан  Момышұлы  бастаған  полк  жауынгерлері  асқан 

ерліктер көрсетіп, батырлықтың, достықтың, тәртіптіліктің, ұйымшылдықтың 

үлгісін көрсете отырып, өздерінен төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, 

дұшпанды  ойсырата  жеңіліске  ұшыратып,  тізе  бүктірді.Сөйтіп,  еліміздің 

абыройы  мен  даңқын  арттырды.  Қауіп  –  қатерден  тайсалмайтын  және  

шайқастарда  шыныққан  қайсарлығын  дәлелдеді,  жүрегінің  түгі  барлығын 

көрсете білді. 

 

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,  



Я, өліп, я болмаса өлтіретін. 

Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,  

Жандыратын болмаса сөндіретін. 

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,  

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін. 

Жас қаның туған жерде басқа ақпасын,  

Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін! 

 

-  деп  Бауыржан  атамыз  жас  жауынгерлерге  ар-намысыңды  жібермей 



соғыс, жаудан еліңді тазарт «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп үгіт-насихат, 

ақыл-кеңес  берген.  Осындай  ерліктерді,  осындай  өсиеттерді  тыңдап,  келер 

ұрпақ ұмытпасын десек, кешегі ұрпақтарға ұғындыру қажет деп есептеймін. 

       Абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің ? 

Мен соғысты көргенім жоқ, кеш мені! 

Қаралы жыл қасіретін жырламадым  кеш келіп,  

Бірақ мынау мұң танымас ұрпағыңның өскені. 

Емес пе ел жадыңда қанды жолдың өшкені! 

 

Мен  соғысты  көргенім  жоқ.  Мен  тәуелсіз  Қазақстанда  бейбіт  өмірде 



дүгиеге келдім. Соғысты тарихтан білемін, кинодан көріп, соғыстың зардабын 

көрген үлкен қариялардың  айтқан әңгімелерінен, кітаптардан оқып білеміз. 

Көз алдыма С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі есіме түсе кетеді, әкесі 

соғыстан  қайтпаған  кішкентай  Аянның  өксігі,  әйелдермен  жас  балалардың 

күні-түні жұмыс істеуі, аштыққа, суыққа қарамауы елестейді. Соғыс зардабын 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

72 


 

тек ұрыс алаңындағы әскерилер емес, сондай-ақ тылдағы адамдар да зардабын 

көрді. Бірақ жеңіске деген ұмтылыс олардың жігерлерін шыңдады. 

Адам қанша өзгеріс заман қанша,  

Отан сөзі жүрекке от тастайды. 

Елім деген жас ұрпақ аман болса,  

Ерлік жолын ешқашан шөп баспайды-дегім келеді. 

 

Соғыс  ардагерлері  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын  көзбен  көрудің 



қуанышын кәрі жүректерімен сағынып  күтеді. 

Ұлы отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 

төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың 

алғы шептерінде қайсарлықты шайқас жүргізіп ерліктің сан үлгісін көрсеткен 

ардагерлер тойлайды. 

 

Неменеңе жетістің бала батыр,  



Қариялар азайып бара жатыр,  

Бір мініп келместің кемесіне,  

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,  

 

-  деп  тебіренген  жұмырбасты  пенде  үшін  теңдессіз  құндылық  ұрпақаралық 



қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. 

Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан 

соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?    Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жалғап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ашщы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 

Ұлы мереке. 

Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын  арқалап, аман оралған 

ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қолдап қамқор болып оралған арттағы 

қалың елдің қамығып жеткен  Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. 

Ол- өмір заңы. Біз үшін келер ұрпақ үшін « Ерлік жыры – елдің ескерткіші» 

екені қақ. 

 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет