Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
81
Түзел Аяжан
7 сынып, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы Шу ауданы
Жетекші: Ақшалова Индира Бақытқызы
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері, аталардың,
Бұл Жеңісті алып келген.
Т.Молдағалиев
Шүйінші, халқым, шүйінші,
Шүйіншіге сүйінші.
Шаттан, ата-анамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
-деген қуанышты хабарды естіп, бейбіт те тыныш өмір сүріп,
таңымызды да тыныш, түнімізді де тыныш болғанына 70 жыл болыпты.
Бұл жеңіс кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,
тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл жеңісті ең алдымен, соғыстың алғы
шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерлік көрсеткен ардагерлер
тойлайды, бірақ олардың саны да азайды. Бұл жеңісті станок қасында,
егін даласында, күні-түні мал бағып, жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл
адамдары тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын
және сүйіктілерін көзінің жас сорғалай жүріп төзімділікпен күткен,
олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен
қыздар тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен,
туған-туысқандарына, жақын жарандарына, туған жерін, ауылына оралмай
қалған қаһарман ерлері бүкіл ел болып еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт
жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін жан қилы соғыс
жүріп жатты. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына,
жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Жауға
қарс шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл
мен кең байтақ далада жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан
миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімін төгіп, майданда
керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен күшке айналды. Жеңісіміз
жауынгерлердің ерлігі мен еңбекшінің жемісті еңбегімен келді. Олардың
ерен еңбектері ұмтылмайды. Бүгінде біздің міндетіміз - Отанын сүю,
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
82
елінің, жерінің адал патриоттары болу. Ұлы Отан соғысына бес жүзден
аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын
алды. Олар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,
Иван Павлов және басқа да батырларымыз. Біздің аталарымыз бен
әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, өз Отанына деген
шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан
тұтарлық үлгі. Біздің қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы
тұрған. Осы бір қиын кезеңде қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтық
ауыр тағдыры туралы өлең жазды. Соғыс жылдарындағы балалар
тағдыры, жауынгер бала, партизан бала туралы немесе мектеп оқушылары
мен жасөспірімдердің тылдағы еңбегі, олардың ауыр тағдыры туралы
көптеген кітаптар жазылды.
Ия, кешегі Ұлы Отан Соғысында біз ұлы жеңіске жеттік, сол жеңістің
бүгін жемісін көріп жатырмыз. Сол жеңістің қандай қиындықпен келгенін
келер ұрпаққа тәрбие болсын деп әңгіме етіп өз аузымен айтып беретін,
сол қырғынды басынан өткерген ардагер-қариялар бүгін жоқтың қасы.
Соғыс өртінің нағыз өтінде болып, отты жылдардың куәсі болған, Берлинге
дейін барып жеңіс туын тігіп, жауды жеңіп келген менің атам Жантаев
Әлімбай. Соғыстан кейін мұғалім болып жұмыс істеді. Алайда соғыс
зардабынан денсаулығына байланысты 46 жасында қайтыс болған екен.
Біздің ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету, көмектесу
парызымыз. Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді
теледидардан жиі-жиі көрсетеді. Бүгінгі ұрпақтың абыройы да,
мақтанышы да сол Ұлы Отан соғысында жанын қиған батырлар, олардың
ерліктері әлі д талай ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз. Жеңіс күні – бұл
сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен
қайырымдықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлердің
айбын, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің
мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болмақ.
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-
апаларымыз аман болсын. Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны
ашық болсын. Жұдырықтай жұмылған, білектей білектей біріккен кеңпейіл
Қазақ елі жасасын! Елімізде ешқашан соғыс болмасын, тек жақсылық
болсын!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
83
Түзелбек Мадина
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы
Ақтоған орта мектебінің 10-сынып оқушысы
ТАРИХИ ШАЙҚАСТАҒЫ ЕРЛІК
Ұлы Жеңіс - барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер,
бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері
біздің жадымызда мәңгі сақталып, дастандай жалғаса береді. Уақыт тарих
бетін парақтайды.Күн түзіліп, ай алмасып зымырап жылдар өтеді. Халық
соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаган адамның өмірін қиып,
өркениетті кейінге қайтарған, адам қолымен жасалған ұлы құндылықтарды
талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. Ия, соғыс
сөзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар
жаңғырығы адамзат жүрегін әлі де сыздатуда.
Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, бейбіт өмірдің
берекесі бірлік пен татулықтың мерекесі Ұлы Жеңіс үшін щайқасқа аттанған
абзал жандардың арасында біздің қасиетті Көгершін топырағынан 1520 адам
бар еді. Олардың 738 Отан үшін құрбан болып, майдан даласынан туған еліне
оралмай қалды.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне бүгін 70 жыл
толды. Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын
жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат Ұлы Отан
соғысы туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке
болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі,
соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін
азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен
көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім.
Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азабын
көрген Ұлы Отан соғысының екінші топтағы мүгедегі - Құрбанов Игенбек. Ол
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленинск ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге
келген. 1942жылдың ақпан айында әскери қатарға алыған. 1942 жылдың
қараша айында Сталинград майданында соғысқа кірген. Сержант. шешін
алған солдат 1 ай жаяу жүріп, 1 тәулікте 2 сағат ғана демалған күнді еске алды.
Арықтан өткен жерде темір қалпақпен су ішкені есіне де түсіп кетті. .Майданға
барған соң ротаға радист-байланысшы болған. Соғыстың жанып жатқан
жеріне үш рет кірген.. Сол жерде ауыр жарақат алған.. Ауыр жаралы күйде
госпитальде 4 ай жатып 1945 жылы әскери коммиссия әскерден босаттыпты.
Сол жылы ақпан айында ауылға келді. Соғыс өте ауыр, қиын болғандығы
есіне түсіп, көзіне жас та алды. Қаншама қазақ азаматтары елі үшін жан қиды
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
84
десеңізші. Қанша ауылдар, зауыттар қирады. Сонымен, 1945 жылы 9 мамыр
айында Ұлы Отан соғысы аяқталғанын радиодан хабарлағаны көзіме елестеп
те кетті.
Ұлы Отан соғысының ардагері Құрбанов Игенбек ата ерлігі туралы айта
берсек бұл нағыз ақиқат дастан кітап болып жазылар еді. Бүгінгі таңда ол
туралы:
Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас Отанның өмірін де түсініп
«Елім, жерім деп» тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік
-деп мақтанышпен айта аламын.
Тарих беттері үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын,
ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген
екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр
ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ
емес.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған
еді.Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945
жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 70
жылдығы. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда ұмытпауы тиіс.
Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,
Ту төрінен елге нұрын төкті күн
Ту төбемде қанат қақты қырандай
Қуанбаған еш бір қазақ жоқ бүгін!
- деп Ұлы Жеңіс мәңгі жасасын дегім келеді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
85
Үсен Абусаид
3сынып. Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды
өткізетін облыстық орталық.
Жетекшісі: Қасымова Жібек Жұмабекқызы
ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ – ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР
Отан, атамекен. Әрбір адам үшін бұдан ардақты, бұдан қасиетті сөз бар
ма? Отан дегеніміз біздің жеріміз, туған өлке- еліміз. Отан деген түсінік
адамның ұғымына, қанына ананың ақ сүтімен сіңеді. Отанды қорғау – ең
басты қасиетті ата-мұрамыз, дәстүріміз және міндетіміз. Отанымыздың
бостандығы мен тәуелсіздігін қарулы күрес майданында қорғауға әр уақытта
дайын болу – қасиетті азаматтық борышымыз.
1941- 1945 жылдар ешқашан ұмыт болмайды., ұмыту мүмкінде емес.
Екінші дүниежүзілікс оғыс адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыс
болды. Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті.
Фашистік Германияға қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысы еліміздің,
оның қарулы күштерінің басына түскен аса зор сынақ болды. Гитлер
Германиясының соғыста көздеген басты мақсаты совет мемелекетін жою еді.
1933 жыл Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетеді, оның
жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германияның
өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бастады.
1939 жыл 1 қыркүйекте Германия Польша жеріне басып кіреді. Екінші
дүниежүзілік соғыс басталды. Германия 1941 жыл өзінің басты қарсыласы деп
есептеген КСРО-ға аяқ тіреді.
22 маусым 1941 жыл фашистік Германияның опасыздықпен шабуыл жасағаны
туралы мәлімдемесі радио арқылы хабарланды. Гитлердің «Барбарос» соғыс
жоспары жүзеге асырыла бастады. Жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда
жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезінде шикізат, адам ресурсына
айналдырмақшы болды. Бірақ ол жоспары еліміздің қайсар рухты, жігерлі,
отансүйгіш азаматтарының арқасында іске аспады.
1945 жылы Совет Армиясы шешуші жеңістерге жетіп, совет жерін жаудан
толық тазартты.
Ұлы Отан соғыс ардагерлері Отанына бар өмірін бағыштап, есесіне мол
ерлік көрсеткен адамдар. Еліміздің шалқар шежіресінде ерлер есімі мәңгі
сақтаулы, талайына ескерткіштер орнатылды, кітаптар да жазылды.
Ел намысы- ер намысы. Ата-мекенімізді қорғау жауға аттанған әрбір
намысты ер азаматтың жүрегінде от болып жалындап, білегіне күш-қуат берді.
Соғыстың алғашқы айларында бірде жығылып, бірде жығып жүрсе де,
қайтсек те жеңеміз деген үміт жүрек түбінде сақталды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
86
Бұл жеңіс тарихта теңдесі жоқ ерлік. Отанға берілген патриоттық сезім-
ерлік тәрбиеден туады. Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті, абыройлы
парызы. Ерлік елеусіз қалмайды.Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің
қаһармандығы, ерлігі арқасында қазіргі ұрпақ тыныштық, бейбіт өмір сүруде.
Егде тартқан жауынгер соғыс ардагерлерінің қатары жылдан – жылға
сиректеліп, саны санаулыға айналуда.
Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін де зор сын болды. Қазақ халқының ұл –
қыздары ерліктерімен өз Отанына шын берілгендігін айқын көрсетті.
Халқымыз жаудың топты танкісін қиратқан ер жүрек ұшқыш Нұркен
Әбдіровтің, автомат оғымен ондаған фашисті қиратқан батыр панфиловшы
Төлеген Тоқтаровтың, әйелдердің ішінде тұңғыш рет батыр қыздары атанған
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың есімдерін ардақтап, жүрегінде
сақтайды.
Әлия Молдағұлованың қыз болса да, ерлермен бірге тең дәрежеде соғыс
майданда жанкештік пен ерліктері алдында басымызды иеміз.Олар мәңгілік
«Қазақ Батыр Қыздары» ретінде халық есінде сақталады.
Туған Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы биік, қайсар
жауынгерлердің бірі Талғат Бигелдинов туралы айтатын болсам, елімізді жау
қолынан азат ету үшін әуеде жау ұшақтарымен соғысқан ұшқыш. Талғат
атамыз бір күнде бірнеше мәрте шабуылға шығып, жау ұшақтарын ойсырата
жерге құлатып, өзінің ержүректігімен, батырлық іс – әрекетімен жеңіс күнін
жақындатты. Осындай батырлары бар халық мәңгі жасайды.
Азаттық үшін арпалыста халқымыздың талай ұлдары мен қыздары
жеңімпаз Кеңес Одағының даңқын асырды. Неміс – фашистерінің ордасы –
Рейхстагқа жеңіс жалауын ең алғаш тіккен 150 – ші атқыштар дивизиясының
жауынгері – Рақымжан Қошқарбаев осындай қаһармандардың бірі.
Бауыржан Момышұлы соғыстың алғашқы күнінен бастап фашизмге
қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш – жігерін жұмсады.
Асқан
ерліктер
көрсетті.Оның
әрбір
ерлігі
бейбіт
өміріміздің,
тыныштығымыздың кепілі. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»деген мақалдың
мағынасына қарайтын болсақ, Бауыржан атамыздың ерлігі көз алдымызға
елестейді. Бауыржан Момышұлы омыртқасына оқ тиген кезде де, оқты
алдырып қан майданына аттанған. Оның қайсар да, батырлығы да, даналығы
да әрбір ерлігі қазақ халқының мәңгі есінде сақталады.Бауыржан атамыздың
әрбір ерлігі ұландарымызды отансүйгіштікке, адал еңбек етуге, өнегелі болуға
тәрбиелейді. Даңқты қолбасшы елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше
бағалаймын. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал
әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы
жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты
да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
87
Қазақстанның 369 жауынгері Совет Одағының Батыры деген құрметті
атағына ие болды, мыңдаған азаматтар майдандағы ерлігі үшін үкімет
ордендерімен, медальдерімен наградталды. Қан майданды кешіп өтіп,
жеңіспен еліне қайтқан барша жауынгерлерін халқымыз мақтаныш етеді.
Ұрыс майданында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын
пида еткен, ерлікпен қаза тапқан ұл – қыздарының жарқын бейнесін халқымыз
есінде мәңгі сақтайды. Ер өмірі ел жүрегінде мәңгі жасай береді.
Ерлік шежіресінде өшпес үлес қосқан жалын жүректі қазақтардың
қаһармандығын айтып тауысу қиын. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО
бойынша 11600ден астам адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын
алса, соның 497-і қазақстандықтар екен, ал 97-і қазақтар болды. Ұлы Отан
соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған
қазақстандық жауынгер К. А. Семеченко (1941 жылы 22 шілде) еді. Ұлы Отан
соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ
жауынгері 18 жасар Ж. Елеусізов еді. 1941–1945 жылдары майдан шебінде
соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты. Қасым Қайсенов,
Әди Шәріпов сынды қаһарман партизандар жау тылында аянбай шайқасты.
Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының, қазақстандықтардың ерлігі
ғаламат. Қазақстандық 316 – Панфилов дивизиясының қаһармандығы әлемге
әйгілі. Батыл жүректі аталарымыз бүгінде жас ұрпаққа қайсар рухымен, асқан
отансүйгіштігімен үлгі. Бұл сұрапыл соғыстың қасіретін сөзбен айтып жеткізу
мүмкін емес. Ол қасіретті көзбен көрген, басынан өткерген ғана іші қан жылап
еске ала алады. Ал біз- сол батыр елдің ұрпағы - тарихымызды мақтаныш етіп,
ардагерлермізге тағзым етеміз.
Ұлы Жеңістің ұмытылмас бағасы баршамыздың жүрегімізде ізгілікпен, ізгі
ниет, құрметпен мәңгілікке сақталады!
Усербаева Аяжан
Ерекше дарынды балаларга арналган
“Дарын” мектеп-интернаты Тараз каласы
Жетекшici: Караулова Клара Опабековна
Ұлы Отан соғысына 70 жыл.
Ерлік пен елдік рухты үлгі тұтқан ұрпақпыз
Соғыс, иә бұл жан түршігерлік сөз, әрі іс. Бұл сөздің астарында адам жаны,
адам қаны тұрғаны анық. Соғыс – көзге жас үйірлететін, жан түршіктіретін,
өткенді еске түсіретін сөз екені белгілі. Өткенді дегенім, ол менің ата –
бабамның қаны төгілген, жүректері езілген жылдары. Ана – баладан айрылып,
ата – ұрпағынан айырылып, жер – дүние тыныштығынан айырылып зарлаған
кез. Ол – Ұлы Отан соғысы.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
88
Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен.
Бірақ солардың ішінде ауқымы, алапаттығы мен құрбандықтары жағынан ең
жантүршігерлігі екінші дүние жүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы
Отан соғысы болды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері
Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс жарияламастан басып кірді. Жау жағының
басымдылығына қарамастан, ата – бабамыз ерлік көрсетті. Сөйтіп, адамзат
баласының тарихында ірі қантөгіс соғыс басталды. Майданға әр түрлі шенді
офицерлер аттанған. Құрылған дивизиялар қысқа мерзімде әскери
дайындықтан өткізілгеннен кейін майданға жіберілді. Олардың кейбір
бөлімдері бірден соғысқа араласып кете бергені тарих беттерінде мәңгі қала
беретіні анық. Дивизия командирлері соғысқа кіргелі тұрған жауынгерлерге
соғыстың мазмұны мен армияның басты міндеттерін түсіндіріп, кеңес әскери
заңдарымен таныстырған. Ұлы Отан соғысы жылдарында қысқа мерзім ішінде
Қазақстан аумағында үш ұлттық атты әскери жасағы, екі ұлттық жеке
атқыштар тобы құрылған. Қазақстанда жасақталған ұлттық атты әскери
дивизиялары ұлттық ерекшеліктерін, салт – дәстүрін ескере отырып,
жасақталды. Халқымыздың ежелден бергі айнымас серігі – жылқы түлігінің
мінезі туғаннан ат құлағында ойнаған қазақ ерлеріне ел басына күн туған
шақта еш қиындық әкелмеген. Әскер өнерін үйрену барысында қазақтар
көптеген жаттығуларды жете меңгерген. Ұлы Отан соғысы – Кеңес Одағының
халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі
қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының
тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың
арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деген сөзі еріксіз ойыма оралып
отыр. Кешегі сұрапыл соғыс жылдары кімдерді жылатпаған, кімдерді
қасіретке батырмаған? Қаншама арман, мақсат орындалмады. Ер етігімен қан
кешкен, ат ауыздығымен су ішкен сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерді
қалай ардақтасақ та артықтық етпейді. 1418 күнге созылған қанды
қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та,
майданда қанды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған
балалары мен іні – қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулары да
аңсады, армандап асыға күтті. Сол күн туды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш
етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды
тітіркенткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілік құтылғандай
сезінді. «Бейкүнә жандардың, қаны енді төгілмейтін болар » деп шүкіршілік
етті. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңіске жеттік. Бірақ, қандай
шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіпті, бір отбасынан төрт
– бес жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге
дін аман оралмаса, не дейсіз? Қаншама шаңырық қаңырап, күйреп ортасына
түсті. Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге
сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын,
|