Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлерінің ұйымдастыруымен 29
қаңтар күні «ҚР білім беру ұйымдарында курстан кейінгі қолдау көрсету
негізінде коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында
аймақтық семинар-коучинг өткізді.
Мақсаты: Кембридж университетінің Білім беру факультеті мен
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығының бірлесіп даярлаған Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы аясында
сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсетудің тетігін
құрастыру
Семинардың пленарлық мәжілісінде ҚР ББЖ ҚБАРИ директоры, ф-м.ғ.д.,
профессор Балақаева Г.Т. семинарға қатысушыларды құттықтап, аталмыш
семинардың ұстаздарға қолдау көрсетіп, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатын
көздейтінін айтты. Алматы қалалық білім басқармасының әдістемелік бөлім
жетекшісі Кусаинова Р., Алматы облысы Қарасай аудандық әдістемелік
кабинетінің аға әдіскері Нұрғазы А.Н., Республикалық жекеменшік
мектептер қауымдастығының басшысы Садыкова Р.Ш., «Өрлеу» ҰБАО Оқу
және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Имашева Ж. және
Деңгейлік бағдарламалар орталығы басшысы, п.ғ.д. Құдайбергенева К.С.
деңгейлік бағдарламаны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, курстан кейінгі
қолдау көрсетудің келелі мәселелеріне тоқталды.
Семинар «Сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау
көрсетудегі педагогикалық менеджмент» тақырыбында дөңгелек үстелмен
жалғасты. Оның жұмысына ББЖ ҚБАРИ оқытушылары, қалалық, облыстық
біліктілікті арттыру институттарының тренерлері, еліміздегі жеке меншік
білім беру ұйымдары қауымдастығының өкілдері, Алматы облысы
ауданының әдіскерлері қатысты.
Аталған шара үш түрлі мәселе бойынша өрбіді:
Сертификатталған мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау және
мониторингісі;
Біліктілігін арттырған мұғалімдерді қолдаудың шетелдік тәжірибесі;
Сертификатталған мұғалімдерді қолдаудың механизмдерін анықтау
және талдау.
Дөңгелек үстел барысында: I-II-III деңгей тренерлері арасындағы
байланысты нығайту, тренерлер мен мұғалімдер басшылыққа алатын
біртұтас құжат әзірлеу, пәндік желілік қоғамдастық құру, ұстаздардың
тәжірибелерін мерзімді басылымдарға жариялап тұру т.б. мазмұнды ойлар
айтылды.
Пікіралмасу қорытындысы бойынша «Сертификатталған мұғалімдерді
қолдаудың Жаднамасы» құрастырылып, әр қатысушыға таратылды.
ҚР ББЖ КБАРИ тренерлері Касымова Алма Абулхаировна, п.ғ.к.
Маханбетова Ағима Әбілқызы, Турдахынова Куляйхан Катибаевна,
Қыдырбек Өмірбек жүргізген «Коучинг тәжірибесі» тақырыбындағы коучинг
тренерлердің мұғалімдермен курс барысында коучинг практикасы үшін
дамудың қажеттіліктерін анықтауды меңгерту дағдыларына бағытталды.
Білім беру үдерісінің субъектілерінің проблемалық мәселелерін анықтап, сол
арқылы даму қажеттіліктерін белгілеуге арналған тренинг жұмыс өткізілді.
«Тәлімгерлік – мұғалім тәжірибесін жетілдіру» тақырыбындағы тренингті
Касимова С.Б.,Тайтанова Н.К.,Жаксылыкова К.З.,Сахова А.Т. жүргізді. Бұл
тренингте қатысушылар тыңдаушылармен менторинг үдерісі және курстан
кейінгі менторингтік тәжірибені жетілдіру бойынша қосымша менторлық
дағдылар мен стратегияларды үйренді.Атап айтқанда:
Аттракция (өзіне позитивті қарым-қатынас формасы)
«Тәжірибе спиралі» техникасы
"GROW" технологиясы (тиімді сұрақтарды қоюдың белгілі бір
реттілігі)
Дж. Уитмер «Фидбек» (жеке кері байланыс, сэндвич қағидасы)
Корнилова Т.Б., Койлык Н.О., Насырова Г.У. жүргізген «Рефлексия
үдерісінде мұғалім-коучті қолдау» шеберлік-сыныбының басты идеясы
деңгейлік
бағдарламалар
аясында
қатысушылардың
рефлексивтік
дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін байқау және тренерлермен
тәжірибе алмасу болды. Шеберлік-сыныбы барысында жұмыстың белсенді
әрекеті ретінде рефлексия тек нәтижені анықтау емес, адамның өз істерінің
мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай
жасағаны туралы толық және анық есеп беруі екендігіне тоқталды.
Қаралған мәселері:
Белсенді ойлау әрекеттерге қойылған сұрақтар:
К чему способствует рефлексивная деятельность:
Шеберлік-сыныпты ұйымдастырушылар жеке тұлғаны өзін-өзі бағалауға
ғана емес, ол барлық топ мүшелерінің бағалауы болып табылады. Сол үшін
курс барысында және кустан соң қолдау кезіндегі рефлексия, тренер мен
мұғалімдердің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі болып, ол әр бірінің
құзыреттілігіне бағытталған жетілдіру үдерісі болып табылатынына
тоқталды.
Тәжірибе барысында күнделікті жүргізілген рефлексиялық ресурстық
материалдар ұсынды:
Рефлексивтік репортаж бойынша жауапты тренерлер Жартынова Ж.А.,
Орақова А.Ш., Сабиханова А.К., Тайтанова С.И., Іркітбай Ғ.Б. семинар
барысында фоторепортаж, фотоколлаж, видеотүсірілімен қатар әр
тыңдаушыдан сауалнамалар мен сұхбат алды. Барлық сессия барысында
деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдерге курстан
кейінгі қолдау көрсетудің үлгісін жасау шараларындағы әр тыңдаушының іс-
әрекеттерінен буклет жасалып таратылды.
Семинарға БАҚ «Хабар» агенттігі, «Айқын» республикалық газеті,
«Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінің өкілдері қатынасты.
Достарыңызбен бөлісу: |