«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да
оқудан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы Педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы 5-бабының 38-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» бұйрығына (08.11.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес әзірленді. Ереже біліктілікті арттыру курстарында оқудан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдау шеңберінде қызмет мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібі мен мазмұнын айқындайды.
2. Педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсаттары мен міндеттері
2.1 Курстан кейінгі кезеңде педагогтердің кәсіптік қызметінде сапалы өзгерістерге қол жеткізу, кәсіби құзыреттілікті жеке дамыту траекториясын құру және оны іске асыруда ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерін курстан кейінгі қолдау (бұдан әрі – ККҚ) мақсаты болып табылады.
Міндеттері:
біліктілікті арттырудың курстық және курстан кейінгі кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
одан әрі кәсіби және мансаптық өсу үшін педагогтердің сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке білім беру траекторияларын құру;
біліктілікті арттыру курстарында алған құзыреттерді тәжірибеге енгізу бойынша педагогтерге қолдау көрсету;
Action Research (Іс-әрекетте зерттеу, AR), Facilitated action research (Іс-әрекетте жеңіл зерттеу, FAR), Lesson Study (Сабақты зерттеу, LS), Learning study (Оқытуды зерттеу, LrS) әдістері арқылы курстарда алған білімін қолдану және тестілеу кезінде қолдау көрсету;
LMS платформасында виртуалды қоғамдастықтың жұмысын ұйымдастыру.
2.3 ККҚ мазмұны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында педагог соңғы рет оқыған білім беру бағдарламасының мақсаттарымен, міндеттерімен және күтілетін нәтижелерімен анықталады және салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |