Положение об уполномоченном по этике



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата26.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#59626
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
adep-uakil-erezhe-2

 
 


Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесі 
Положение об уполномоченном по этике 
ҚЕ/ПД 4.1-2020 
1 баспа/редакция 1
4
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1. Әдеп жөніндегі уәкіл - бұл университеттің қызметтік әдеп нормаларының 
сақталуын бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде Дулати 
Университеті қызметкерлері мен ПОҚ-ның этикалық нормаларды сақтау мәселелері 
бойынша кеңес беретін қызметкері. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде әлеуметтік 
мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға тікелей бағынады. 
Әдеп жөніндегі уәкіл қолданыстағы келесі заңдарды білуге міндетті: ҚР 
Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл туралы», «Тіл туралы» Заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық кодексін 
және өз қызметінде регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, 
университет Жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережесін, сапа менеджменті талаптарын, еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормаларды, университеттің 
Ғылыми кеңесінің, ректорат шешімдерін. 
Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет барысында университеттің даму бағыттары мен 
басымдықтарын анықтайтын келесі негізгі құжаттарды басшылыққа ал
ын
ады: ҚР БжҒМ 
стратегиялық даму жоспарын; М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ дамытудың стратегиялық 
жоспарын; Ұлт жоспары «100 нақты қадам»; Білім және ғылымды дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы; «Мәңгілік Ел» Ұлттық бағдарламасы; Үш тілде білім беруді 
дамытудың жол картасы; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық 
мақаласын, сондай-ақ, ҚР Президентінің Жолдауы мен Үндеуін. 
2. ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 
2.1. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаты қызметтік әдеп нормаларының сақталуын
және заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету 
қызметін жүзеге асыру болып табылады. 
2.2. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: 
- университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның қызметтік әдеп нормаларын сақтауы
бойынша жұмысты ұйымдастыру; 
- қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласында университетті дамытудың 
перспектвалық жоспарларына ұсынымдар әзірлеу; 
- қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-
психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен 
нысан бойынша сауалнама жүргізу; 
- сауалнама нәтижелерін жүйелі талдау;
- коллективтегі моральдық-психологиялық климатты анықтау бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
- қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша ақпаратты есепке алу, сақтау және
өңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет