Орындаған: Данабаева Г.М. Тобы: МҚқ 131 Тексерген: Сейтімбетова С.
Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды:
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек.
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл– баламен кеңесе отырып оның қызығушылықтарын , белгілі бір мақсаттарға жетуде алға қойған ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отыра , оқу мен оқытуда өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеп, жақын араласатын дос табуына көмектесу болып табылады
Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына психолог тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңескті алып қарасақ:
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.