74
тады. Қарапайым электродиализ үш камерадан тұрады жəне олар
бір-бірімен мембраналар арқылы бөлініп тұрады. Орташа камераға та-
заланатын сұйықтықты құяды. Шеткі ағымды камераларда еріткішке
толтырылған электродтар орналасқан. Үнемі электрлік аймақта бола-
тын иондар бағытты түрде тиісінше электродтарға орналастырылады
жəне орташа камерадан шеткі камераға мембрана арқылы өтеді.
2.2-сурет. Диализге арналған жоба
(http://yanko.lib.ru/books/biolog/nagl_biochem/84.htm)
Негізінен, ионалмасушы материалдан дайындалған жəне ионитті
мембраналар қолданылатын электродиализ тиімді болып табылады.
Электрлік зарядтың белгісіне тəуелді мембраналар өздерінің беткі
аймағынан катиондарды немесе аниондарды өткізеді. Ионитті мем-
браналы, көп камералы электродиализаторлар гидрометаллургия-
да жəне атом өндірісінде (қалдық суларды, тұздың концентрленген
ерітінділерін тазалау үшін, қасиеті бір-біріне жақын элементтерді бояу
үшін), теңіз суларын тұзсыздандыру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: