Конструктивті иммунофлюоресценті əдіс зерттеліп жатқан үлгіге
қатысатын таңбаланған антигенді антидене үлгісімен байланысты-
рып, бетте сорбирлеуге негізделген. Таңбаланған жəне таңбаланбаған
антигендер антиденемен байланысу үшін бақталас болатындықтан,
таңбаланған антигеннің байланысу мөлшері бойынша зерттеліп
жатқан үлгідегі антиген концентрациясын анықтауға болады.
Преципитация əдістеріне негізделген əдістер. Еритін антигендер
антиденемен байланысқанда, жоғары молекулалы комплекс антиген-
антидене түзіледі, ерітіндіде тұнбаға түседі немесе гельде преципи-
тация түрінде жолақ түзеді. Тазартылған антигенді қолдану зерттеліп
жатқан үлгідегі антидене концентрациясын анықтауға мүмкіндік
береді.
1. Ерітіндідегі преципитация. Антигенде өсіп келе жатқан бір анти-
дене мөлшеріне қосқанда, преципитаттың түрлі мөлшері түседі. Гра-
фик тұрғызуға болады. Қисық преципитация бұл антиген концентра-
циясы мен преципитат мөлшерінің арасындағы байланыс тəуелділігін
көрсетеді: антидене мөлшері көп болғанда, прецепитат өсуімен антиген
мөлшері ұлғаяды, балама аумақта преципитацияның мөлшері ең үлкен
болады, антиген көп болғанда антиген концентрациясы ұлғаюымен
прецепитация мөлшері азаяды.
2. Иммунодиффузия – преципитация реакциясына негізделген кең
таралған əдіс.
а) Қарапайым радиальды иммунодиффузия. Əдістің мəні:
1. Гельдің жұқа қабатында өлшенген антидене концентрациясы бо-
лады, ұяшықтарды кеседі.
2. Осы ұяшықтарда орналастырылған антигенді гельге диффузи-
ялайды, ұяшықтың айналасында преципитация сақинасы түзіледі,
олардың диаметрі антиген концентрациясына шамалас болады. Тəсіл
көбіне иммуноглобулин концентрациясын анықтауға қолданылады.
ə) Қос радиальды иммунодиффузия. Əдістің мəні:
1. Гельдің жұқа қабатында антиген жəне антидене үшін ұяшық
кеседі. 2. Антиген жəне антидене бір-біріне бағыттала диффузияла-
нады, преципитация сызығы ұяшықтан біршама қашықта түзіледі.
Ұяшық пен антигеннің преципитация сызығы бойынша арақашықтығы
арқылы антиген концентрациясын анықтауға болады.
197
3. Электрофорез.
а) Иммуноэлектрофорезде екі əдіс: иммунодиффузия жəне электро-
форез біріктірілген. Иммуноэлектрофорез – көбіне сарысу белоктарын
зерттеуге қолданылатын əдіс. Əдістің мəні:
1. Гельдің жұқа қабатынан ойып алынған ұяшыққа зерттеліп жатқан
қан сарысуын араластырады.
2. Сарысу белоктарында электрофоретикалық бөлуді іске асырады.
3. Гельде жолақтарды кеседі, электрофорез кезінде параллель
бағытталған белоктар миграциясы жəне оны сарысу белоктарына ан-
тидене қоспасымен толтырады.
4. Электрофорез арқылы бөлінген белоктар (антигендер) жəне анти-
денелер бір-біріне қарама-қарсы диффузияланады. Антидененің анти-
генмен байланысу орындарында преципитация доғасы түзіледі.
ə) Қарама-қарсы электрофорез. Əдістің мəні:
1. Зерттеліп жатқан антиген жəне антиденелер қоспасын ұяшыққа
пластинаның екі ұшындағы гельмен орналастырады.
2. Ұяшықты біріктіретін сызық жиегінен тұрақты электр тогы
өткізіледі.
3. Электрлі жақта антидене жəне антигендер бір-біріне қарама-
қарсы бағытта жылдам орын ауыстырады.
4. Антиген мен антидене байланысу орнында преципитация сызығы
түзіледі. Қарама-қарсы электрофорез антиген жəне антидене түрлі
электрофоретикалық қозғалғыштыққа ие болғанда қолданылады.
Бұл тəсіл зерттеліп жатқан үлгідегі антигенді жəне антиденені тез
анықтауға мүмкіндік береді жəне инфекциялық ауруларды жедел
анықтауға қолданылады.
Сонымен бiрге иммуноферментті талдау антиген-антидене
реакциясының есепке алуына негiзделген жəне де таңба ретiнде
иммундік кешенiн бiлдiруге мүмкiндiк беретiн ферменттерді, мысалы,
пероксидазаны пайдаланады.
Бастапқыда түтiктердiң полистерон қабырғасында антигенге қарсы
антиденелерді сорбциялайды (5.5, а-сурет). Бұл түтiкке зерттелетiн
(немесе басқа биологиялық субстрат) сарысуларды кiргiзедi. Егер онда
iзделiп отырған антигендер болса, олар антиденелермен əрекеттеседi
жəне олармен бiрге түтiк қабырғаларында бекiтедi (5.5, б-сурет). Түтiкке
осыдан кейiн осы антигенге, сонымен бiрге ферментпен таңбаланған
антиденелерді қосады. Олар да қалыптасқан иммунды кешендерiне
қосылады жəне түтiк қабырғаларында қалады (5.5, в-сурет). Түтiкке
бұл иммунды кешендердi табу жəне сандық анықтау үшiн (Н
2
О
2
)
198
сутегiнiң асқын тотығы жəне хромогендер қосады. Түтiктерде
бекiтiлген қабырғаға фермент (пероксидаза) оттектiң ерекшелеуiмен
Н
2
О
2
ыдырайды. Соңғысы хромоген тотықтырады, ал ол сары түске
өзгереді 5.5, в-сурет. Бояуды қарқын жəне, тиісінше, iзделiп отырған
антиген мөлшелерін фотометрлiк бағалайды.
5.5-сурет. Иммуноферментті талдау жүргізу жобасы
http://medbook.medicina.ru/chapter.php?id_level=404.
А – түтiктер қабырғаларда антигенге антиантиденелер сорбирланған;
Б – ізделiп отырған антигендегі антиденелермен əрекеттеседi жəне олар
түтiк қабырғаларында бекiтілген зерттелетiн сарысуларды қосады;
В – ферментімен таңбаланған (пероксидаза) осы антигенiне
антиденелердi қосу. Олар да түтiк қабырғаларында бекiтілген;
Г – сутегiнiң асқын тотығы (Н
2
О
2
) жəне хромогенді қосуы. Хромоген
Н
2
О
2
пероксидаза көмегімен ыдырау нəтижесінде пайда болған оттектiң
əсерiнен өз түсiн сарыға өзгертті
Айта кету керек, соңғы жылдарда биологиялық орталардағы
əртүрлi антигендер жəне антиденелердiң сандық радиоиммундық жəне
иммуноферментті анықтауына моноклональды антиденелер деп атала-
тындар жиiрек қолданылады. Соңғысы жануарларды иммундеу жолы
арқылы алынбайды, ал жасанды, моноклон деп аталатын синтездеудiң
жолымен, яғни бiр сенсибилизацияланған лимфоцит пайда болған
клеткалардың бір түрлерімен алынады. Моноклональды антидененiң
кəдiмгi антиденелерiнен жануарлардың классикалық иммундеуi
көмегiмен алған айырмашылығы болады. Бұд – өте жоғары ерекшелiк
жəне тек қана нақтылы антигендерге сезiледi.
199
Антигендердiң табылуларын өте сезгiш жəне ерекше иммуно-
логиялық əдiстердiң санына полимерезді тізбекті реакция (ПТР) əдiсі
жатады. Ол зерттелетiн мағлұматында iзделiп отырған антигеннiң
бiрнеше молекуласын немесе жеке қоздырушылардың қатысуын ашуға
мүмкiндiк береді.
Достарыңызбен бөлісу: |