Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер


 Антиген-антидененің өзара əсері



Pdf көрінісі
бет75/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Kenzhebayeva (1) (1) (1)

5.2. Антиген-антидененің өзара əсері
Преципитация реакциясы. Екі реагентті баламаға жақын мөл-
шерде араластыру кезінде преципитаттардың түзілуі болады. Ол 
преципитацияның классикалық реакциясын ерігіш антиген жəне анти-
денемен бірге құрастыру кезінде бақыланады. Егер агарлы гельде осы 
реакцияны жүргізсе, сарысуда болатын антиденелердің əртүрлі попу-
ляциясымен негізделген антиген-антидененің жеке реакцияларын диф-
ференцирлеуге болады. Мұндай қос иммунодиффузия əдісі əртүрлі 
антигендер арасындағы ұқсастықтарды тексеру үшін қолданылады.
Алайда антигендердің кейбір қоспаларын жай диффузия жəне пре-
ципитация жолымен бөлу өте күрделі келеді, осындай қоспаларды тал-
дау үшін иммуноэлектрофорез əдісі жасалды.
Гельдегі диффузияға негізделген əдістер антиген мен антиденелерді 
сапалық анықтауға ғана мүмкіндік береді, əсер ететін құрамдас 
бөлiктердің сапалық бағасын кейін ойлап табылған қарапайым немесе 
жай радиалды иммунодиффузия əдісімен жүргізеді.
Иммунодиффузияны электр өрісінде бір уақытта қарсы келе жатқан 
антиген жəне антиденелермен өткізуге болады, бұл тəсіл қарсы элек-
трофорез деп аталады. Жай радиалды иммунодиффузияның ұқсас жа-
нартылуы зымыран электрофорез деген атқа ие болды.
Берілген əдістер антигендер мен антиденелерді 20 мкг/мл – 2 мг/мл 
концентрацияда анықтау үшін қолданылады.
Гемоагглютинация реакциясы мен комплементтердің байланы-
суы. Егер антиденелер өте төмен концентрацияда болса, оларды қарсы 
жəне зымыран электрофорез көмегімен сандық анықтау алмайды. 
Сондықтан гемоагглютинация реакциясын қолданады. Ол антидене-


192
лер қабілетінің эритроциттермен қиылыса байланысуына негізделген. 
Олардың беттік анти-гендерімен əрекеттеседі.
Антиген-антидене реакциясы иммундық кешендердің түзілуіне 
əкеледі, олар комплементті классикалық жолмен белсенді түрде 
байланыстырады. Осында антиген жəне антиденені анықтаудың 
сандық əдістері негізделген. Гемагглютинация реакциясы мен 
комплементтердің байланысуы көмегімен < 1 мкг/мл концентрацияда 
болатын антиденелерді шығарып алуға болады.
Эритроцитерде толымсыз антиденелердiң анықтауы. Эритроцит-
терге толымсыз антиденелер тікелей жəне тікелей емес Кумбс сынақ 
(тест) көмегiмен анықталады. Тікелей емес Кумбс тест антиглобулин 
сарысуды қосқанда, толымсыз антиденелермен жүктелген эритро-
циттер агглютинациясының пайда болуына негiзделген. Сынақ екi 
кезеңде iске асады. Топ (I) туралы О берушiнiң үйреншiктi оң резусты 
эритроциттердің сенсибилизациясы бастапқыда жүргiзiледi. 
5.3-сурет. Тікелей емес Кумбс сынақты жүргізу жобасы 
http://medbook.medicina.ru/chapter.php?id_level=404
А, Б бірінші жəне екінші зерттеу кезеңдері. 
Түсiндiрулер мəтiнде көрсетiлген 


193
Эритроциттердің сүзiндiлерін тамшымен түтiктерге кiргiзедi, 
оларға зерттелетiн сарысуды бiрнеше тамшыны эритроциттер-
ге антиденелерiнiң бар мүмкін болулары қабаттайды, сонан 37°С 
40 минут инкубация жасайды. Эритроциттерді физиологиялық 
ерiтiндiнi сарысулардан абайлап жуады. Егер толымсыз антиденелер 
зерттелетiн сарысуларда болса, олар эритроциттерде бекiтедi, бiрақ 
олар эритроциттердің агглютинациясын тудыра алмайды (5.3-сурет). 
Тікелей жəне тікелей емес иммунофлуоресценция. Иммуно-
флуоресценттік əдістер ұлпалық жəне клеткалық антигендерге аутоан-
тиденелер мен антиденелерді табу үшін кеңінен қолданылады. Деген-
мен бұл əдістер жоғарыдағы əдістерге қарағанда техникалық түрде өте 
күрделі, олар антиденелердің түр санын анықтағанда артықшылыққа 
ие болады. Ұлпалар кесінділерін қолданып, бір заттық шыныда бірнеше 
антигенге антиденелерді шығаруға болады, мұнда олардың ұлпаішілік 
немесе клеткаішілік таралуын анықтап алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет