16. Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу
пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы
(ЭПК)
әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары)
және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.
Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін
көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
17. Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен
толық көлемде қамтамасыз
етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша
әдістемелік құралдар және
әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар,
электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.
Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен
қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: