§7 ОҚытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ҚАҒидалары


ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата27.12.2022
өлшемі491,42 Kb.
#59954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
§7 kaz

 
5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі 
шеңберіндегі академиялық ұтқырлық 
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және 
ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген: 
ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші; 
ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім; 
оқу туралы транскрипт; 
ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі). 
81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже 
әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып 
табылады. 
82. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін ЖОО Ақпараттық пакет (бұдан әрі – АП) 
әзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны және форматын ЖОО дербес анықтайды. 
83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады. 
84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми 
тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-
көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы 
басқа) қамтиды. 
85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары 
бар: 
1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат; 
2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі); 
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат. 
90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және 
толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының 
академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің 
жеке ақпараты. (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс. 
Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы 
ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі 
және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие 
болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 
91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің 
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат 
болып табылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. 
92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына 
қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент 
және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды. 
93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы 
құжат осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық 
бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі академиялық 
ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс және/немесе қазақ 
тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады. 
94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, 
пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған 
жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер 
енгізіледі. 
Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом 
туралы белгі жасалады. 


95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай 
(қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; 
ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау 
жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет