Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет233/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
192
қысқан күйінде өз ауласындағы құдыққа секіріп 
өлмек болады. Осы сәтінде оны атастырылған 
күйеуі Күдері құтқарып алады. Күдері – оқымаған, 
орысша сауаты жоқ, бірақ адал, парасатты, 
салмақты адам. Шығармада Күлпаш өзі сүйіп 
таңдаған 
әрі 
оқыған, 
білімді 
Жұмажанмен 
салыстырғанда 
Күдерінің 
адамгершілік 
қасиеттері әлдеқайда мол, ішкі жан дүниесі 
әлдеқайда кең. Жазушы Күдері мен Күлпаш 
бейнесі арқылы ата салт атастыру, қыз айттыру 
дәстүрлерін қорғайды.
С. Садуақасұлы «Сәрсенбек» романының 
кейіпкерлері Күдері – Күлпаш – Жұмажан 
арасындағы оқиғалар желісін әрі қарай дамытып, 
1926 жылы «Әйел теңдігі» журналының 4 – 5 
сандарында романнан үзінді ретінде жариялай-
ды. Ал Смағұлдың әдеби мұраларын зерттеп, 
жинап, екі томдық кітап етіп құрастырған профес-
сор Д. Қамзабекұлы «Біздің байқағанымыз, 
«Сәрсенбек» романында Күлпашқа қатысты желі 
бар. Бірақ екі нұсқа нақпа-нақ бірдей болмаған-
дықтан, «Күлпашты» үзінді ретінде ұсындық 
[2,347] – деген түсінік ұсынып, бұл шығарманы 
«Күлпаш» деген атаумен жеке повесть ретінде 
береді. 
«Күлпаштың» ХХ ғасырдың басында жа-
зылған өзімен жанрлас шығармалардан басты 
ерекшелігі – біріншіден, қоғамдық құбылыстар 
кезеңіндегі адамның ішкі жан-дүниесінде өтетін 
өзгерістерге 
психологиялық 
талдау 
жасай 
отырып, егер адам жаны бай, жүрегі кең 
болмаса, қанша білім алдым дегенменен, бәрібір 
адамгершілік асқары мен парасат биігіне жете 
алмайсың деген идеясында жатыр. Екіншіден, 
жоғарыда 
атап 
кеткеніміздей, 
«Күлпашта» 
қазақтың ескі салт-дәстүрлері – «қыз айттыру», 
«атастыру» секілді ғұрыптары мадақталады. Бұл 
дәстүрлер ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте 
«ескіліктің 
көзі», 
«қараңғылықтың 
белгісі», 
«надандықтың жұрнағы» деп танылып, аса қатты 
сыналғаны белгілі. Ал сол әдебиеттің көрнекті 
өкілдерінің бірі С. Садуақасұлы бұл дәстүрді 
Күдері – Күлпаш арасында өрбитін оқиға желіле-
рі арқылы атадан қалған озық дәстүрлердің бірі 
ретінде көрсетеді. Керісінше, осы кезеңдегі әде-
биетте жаңалықтың жаршысы ретінде аса жо-
ғары бағаланып, көп мадақталған жастардың бір-
біріне өз қалаулары бойынша қосылуын Күлпаш 
– Жұмажан арасындағы оқиға желілері арқылы 
түйрей сынайды.
Әдебиеттер: 
1 Садуақасұлы С. 2 томдық шығармалар 
жинағы, ІІ том. – Алматы: Алаш, 2003.
2 Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы. – 
Алматы: Қазақстан, 1996.
3 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – 
Астана: «Фолиант», 2002. 
УДК 82-1:821.512.122 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет