Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет32/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
27
есімдер қазақ арасында күні бүгінге дейін көп. 
Құранда аттары бар 25 пайғамбардың есімдері 
қазақ арасында түгел кездеседі. Солардың 
ішінде ИбраҺим пайғамбардың есімі өте көп 
қойылған. Мысалы, ұлы ағартушы Ыбырайдың 
да, ұлы ақын Абайдың да азан айтып қойған есімі 
Ибраһим.
Ибраһимнің құдай қосқан қосағы болған 
Ажар мен Сара деген есім де қыздарға жиі 
берілген. Ибраһимнің ұлдары Ысмайыл мен 
Ысқақ та көп тараған есімдер. 
Жақып пайғамбардың ұлы Жүсіп арабша 
пайғамбар деп айтылса, Жүсіп Баласағұни, 
Мәшһүр Жүсіп есімдері де осы пайғамбардың 
құрметіне қойылған. Ал Сыдық тура жүретін кісі 
дегенді меңзейді. 
Мұхамбет 
пайғамбар 
заманынан 
басталған хақ жолындағы күресте Әбубәкір 
(632-634), Омар (634-644), Оспан (644-656), Әли 
(656-661) Исламды таратуда көп еңбек сіңірсе, 
олардың есімдері де ұрпаққа мирас болып 
қалды.
Араб 
тіліндегі 
кісі 
есімдерінің 
қазақ 
арасында көп тарауына тоқталсақ, пайғамбарлар 
есімдерін былай қойғанда (Мұхамбет, Дәуіт, 
Мұса, Иса, Ибраһим, Жақып, Жүсіп, Ыдырыс,т.б)
Мұхтар – құрметті, таңдаулы, сыйлы дегенді 
білдірсе, Сәлім – аман-сау дегенге саяды. Қамар 
деген 
қыз 
есімі 
ай 
деп 
аударылады. 
Сұлтанмахмұттың Қамар-сұлуы қазақтың Айсұлу 
есіміне ұқсас. Қазақтар балаларына Ысырайыл, 
Мәлік, Мекайыл секілді періштелер есімін де 
қоятын болған. 
Абдолланың және Әбдірахманның түпкі 
мағынасы Алланың құлы дегенге сайса, жұма 
сөзінен 
басталатын 
есімдер 
(Жұмабай, 
Жұмабике, Жұмахан, Жұмабек, Жұмақұл, т.б.) 
арабша жиын деген ұғымнан шыққаны белгілі. 
Яғни, жұмаға барамын деген сөйлем аптаның 
бесінші күні мешіттегі жиынға, жұма намазға 
барамын дегені. 
Әмина – Мұхамбет пайғамбардың анасы. 
Қадиша 
(Хадиша)–пайғамбардың 
алғашқы 
жарының аты. Айша – пайғамбардың әйелі. 
Бәтима (Фатима) – араб тілінде «емшектен 
шыққан» деген мағынаны білдірсе, бұл есім ең 
алғаш Мұхамбет пайғамбардың қызына қойылған 
екен. Зейнеп те пайғамбардың қызы. Рабиға 
төртінші перзент деген мағынаны білдірсе, 
Фазыл мейірімді деген сөз. Мәдина – Ислам 
өркен жайған, қасиетті қалалардың бірі. Ғазиз 
қымбат, Зәуреш нұрлы,шуақты деген мағынаны 
білдіреді. Кейінгі уақытта ең көп тараған есім 
Кәусар (Кәусар деген сүре де бар) жұмақтан 
шыққан мөлдір, таза су болса, осы есімнің өзі 
адалдыққа, 
тазалыққа 
шақырады. 
Әсия 
әлсіздерге 
дем 
беруші, 
Әзиза 
құрметті, 
қымбатты, Бусайна тәні сұлу, Сәбира шыдамды, 
Салиқа жақсы, Рәбия бақша, Фарида сирек, 
Қалима (Халима) нәзік, Шәрипа қайырымды 
деген ұғымнан шыққан. 
Әрсен – батыл, Әділ – әділетті, Әкрам – 
жомарт, Әбжәміл – көркем сипатты, Бақтияр – 
бақытты, Ғаббас – қатал, Ғани – бай, Ғафура – 
кешірімді, Мүбәрәк – құтты, Махмұт – мақтаулы, 
Жәміл – көркем, Сабыр – сабырлы, Қадыр – 
қадірлі, Кәміл – ақиқат, Хакім – ғалым дегенді 
білдіреді. Біләл тұңғыш азан шақырған кісінің 
есімі. Рамазан ораза айының атауы. 
Осы аталғаны бар, айтылмағаны бар, 
түбірі арабта жатқан толып жатқан есімдердің 
қай-қайсысы да құрметке лайықты. 
Қазақ дәстүрінде көптеген кісілердің азан 
айтып қойған есімдері бұрмаланып, төлқұжатта 
да қате жазылып кетіп жатқан жағдайлар жиі 
кездеседі. Өйткені, қазақтар баланы жастай 
еркелетіп атаса, сол атау ол өскенде де 
сақталып қалатыны болады. Мысалы, менің 
Сыпайы және Қаншайым деген апаларым
Атапберген есімді жездем болды. Сол кісілердің 
шын есімдерін қайтыс болғанда бір-ақ білдім. 
Сыпайы 
апамызды 
Спаш 
апа, 
Қаншайым 
апамызды Қантай апа, жездемізді Аташ аға деп 
атайтынбыз. Алайда, Ислам дәстүрі бойынша 
құлпытасқа олардың шын есімдері жазылды. 
Мұндай жағдай талай кісілердің басында болды. 
Шариғат заңы бойынша солай болуы өте дұрыс 
және халқымыз сол заңға мойынсұнған. 
Ата-бабаларымыз 
өзге 
ұлттан 
әйел 
алғанда да әуелі оны Ислам дініне кіргізіп, есімін 
өзгертіп, құлағына азан айтып, қазақша ат қоятын 
болған. Соның бір жарқын мысалы Алаш 
ардақтысы 
Ахмет 
Байтұрсынұлы. 
Торғайда 
жүрген күндерінде оның орыстан әйел алғанын 
бетіне салық қылған ауыл адамдары: «Аха, сізді 
қазақтың сөзін сөйлейді деуші еді, кәпірден әйел 
алғаныңыз қалай?» – десе керек. Сонда Ақаң 
мүдірместен: 
«Мына отырған Александра Ивановна,
Ризамын маған оны тағдырдың қиғанына, 
Бір қазақ бір кәпірді мұсылман қылса, 
Татиды он қазақтың иманына», – депті. 
Осы 
орайда 
Ақаң 
үйіндегі 
жеңгеміз 
мұсылман дінін қабылдап, өз есімін өзгертіп, 
Бәдірисафа 
атанғанын 
білеміз. 
Кейін 
оны 
Ақаңның інілері Бәдеш апа деп атап кеткен. 
Ал осы шумақтың соңғы жолын кейбір 
авторлар «татиды он молданың иманына» деп 
жазып жүр. Мүлде дұрыс емес. Ақаң сөзіне 
қиянат. «Әлхамдилла, аз емеспіз, алты миллион 
қазақпыз» – деп жазған ұлы ұстаз Ислам дініне 
де, оны насихаттаушы молдаларға да құрметпен 
қараған.Оның олай деп айтуы мүмкін емес. Сөз 
он молда туралы емес, он қазақ туралы.Осыны 
жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің бала 
кезімізде ақсақалдар: «бай бол, молда бол!» – 
деп бата беретін. Молда бол дегені өте кең ұғым, 
шариғат заңына жетік болумен қатар шәкірт 
тәрбиелейтін ұстаз бол деген емеуірін болатын. 
Өткен ғасырда философ Роже Гароди, 
хореограф Морис Бежар, мұхит зерттеуші Жак 
Кусто мен хирург Морис Бюкай Ислам дінін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет