126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
мультиполярлық).Және оның жасушаішілік және жасушасыртқы тіркеу түрлері болады,
электродтар шыныдан немесе металлдан (күміс, алтын, платина т.б. сымдардан) жасалған.
13.Мембраналардың иондық каналдары. Заттарды белсенді және пассивті тасымалдау.
Мембрананың құрылысы
.
Мембрана (лат. Membrana жарғақ, үлпек) қалыңдығы 6-11 нм жасушаны iшкi ортадан бөліп
тұратын майысқақ құрылым. Бұл туралы алғашқы болжамды Дж. Даниели мен X. Давсон
жасады. Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белок пен қапталған (“сэндвич")
коскабат липидтен тұрады. Кейін Дж. Ро бертсон (1935) ішкі және сыртқы мембраналардың
құрылысы бiрдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде, көпшiлiк мақұлдаған, биологиялық
мембрананың С. Дж. Сингер және Г. Л. Никелсон (1972) ұсынған сұйық тау - өрнекті сүлбісі
кеңінен тараған. Бұл модел бойынша мембрана ның негізін екі қабат фосфолипидтер
құрады, олардың суды сүйетін (гидрофилді) бастары сыртқа, ал судан сескенетін
(гидрофопты) құйрықтары ішіне қарай бағытталған .Мембрананың майлы қабатының 40-
90%-ін, глицерин немесе сфингозин туындылары, фосфолипидтер алып жатады. Олардын
судан сескенетін бастары липид құрамындағы көмірсулар тізбектерін қабаттастырып және
ретке келтіріп қатарластырып тұрады. Бұлар сұйық күйде болғандықтан кейбір белоктар
(шеткейлік түрлері) қалкып, немесе малынып (бірлес тіруші түрлері), мембрананың екі
бетіне ұштары шығып тұрады. Шет кейлік белоктардың бәрі түгелдей энзимдік
(ферменттік) қызмет атка рады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектерi
бiрлестіруші және шеткейлік белоктардан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: