126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
Гиппократ – бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Себебі, ол ұсынған ауруды
анықтау,
емдеу мен болжау,дәрігерлердің этикасы туралы көзқарастары әлі күнге дейін
қолданыс табуда.
Аристотель – жануарлар
туралы көп жылдар бойы зерттеп, еңбектері зоология,
салыстырмалы
эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының
пайда болуына жол
ашты. Сондай-ақ физиологияның даму тарихын айтқанда тағы да бірқатар ғалымдарды сөз
етсек болады. Мәселен, тәжірибелік физиологияның дамуына жол ашқан К.Гален,
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әль Фараби, шығыстың екінші
дарынды ғұламасы Абу Али ибн Сина немесе Авиценна және т.б. ғалымдар физиологияның
дамуына айтарлықтай үлестерін қосты.
Ал,енді физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі жөнінде
сөз етейік. Олардың ішінде орыс физиологтары И.М.Сеченов, И.П.Павлов және
П.К.Анохин ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: