Аппликация



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата07.01.2023
өлшемі401,17 Kb.
#60567
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
апликация 3

2. Негізгі кезең. 
Педагог:
–Біз бүгін сендермен балапанды жапсыруды үйренеміз.
Үлестірмелі материалға назар аударады. 
–Бізге дайыннегізгі бет берілген, осы негізгібетке балапандарды 
орналастырамыз. Ең алдымен негізгі бетке балапанның денесін жапсырамыз, 
өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші 
бөлігі – басын жапсырамыз.
–Балалар, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды? Енді қанаттарын 
жапсырамыз. 
Сергіту сәті: 
Ал, балалар тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып алайық. 
Оңға, оңға, түзу тұр, 
Солға, солға, түзу тұр. 
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым. 
Жоғары-төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 
 
Балалар жұмысқа кіріседі. Жұмыс барысында педагог балалармен жеке 
жұмыс жүргізеді.
 
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.  
–Балалар, балапандар қайда серуендеп жүр? Көгалда неше балапан серуендеп 
жүр?
 


21 
№9 ұйымдастырылған оқу қызметі 
Білім беру саласы: шығармашылық. 
Бөлімі:аппликация. 
Тақырыбы:Достарыма арналған шарлар. 
Мақсаты:заттардың орналасуы, олардың арасында арақашықтықтың сақталу 
заңдылығы туралы дағдыларын қалыптастыру. 
Білімділік міндеті: негізгі түстер туралы білімдерін нақтылау; белгілі 
ретпен түрлі пішіндегі дайын бейнені қағазға жапсыруды үйрету. 
Дамытушылық міндеті:аппликация дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік міндеті:аппликация қызметіне деген қызығушылығын ояту
достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды; 
түсінді: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді 
үйлестіре алуды; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет