Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет100/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

#ifndef HEADER_INCLUDED
#include "myheader.h"
#defi ne HEADER_INCLUDED
#endif
#undef директивасы
#undef атауы
директивасы символдың анықтамасын жояды. Ол сирек 
қолданылады, мысалы, компилятордың қандай да бір қызметін болдырмау 
үшін пайдаланылады. 
Алдын ала анықталған макростар
С++ тілінде, программаның нұсқасын көрсетуге немесе қатенің пайда 
болған жері туралы ақпарат беруге арналған бірнеше макрос анықталған.
Егер программа C++ тілінің файлы ретінде компиляцияланса, онда 
_
cplusplus
анықталған болып табылады. Көптеген ксмпиляторлар 
.c
кеңейтілуі бар файлдарды өңдеу кезінде оларды С тілінде жазылған программа 
деп есептейді. Осы макросты қолдану C++ тілінің мүмкіндіктерін пайдалануға 
болатындығын көрсетеді:
#ifdef _cplusplus
// С++ тіліне тəн əрекеттер
#endif


103
Мұндай макростар программалық кодты С тілінен С++ тіліне немесе кері 
бағытта ауыстыру кездерінде қолданылады. 
_DATE_
 

ағымдағы мерзімді ай күн жыл форматында сақтайтын 
тіркесті береді, мысалы:
printf(" Компиляция мерзімі – %s \n", 
_DATE_);
_FILE_-
ағымдағы файлдың толық аты сақталған тіркесті береді.
_LINE_- 
бастапқы мəтіннің ағымдағы жолы.
_TIME _- 
ағымдағы уақыт, мысалы:
printf("%s файлында қате бар \n Компиляция уақыты: 
%s\n", _FILE_, _TIME_);
Идентификаторлардың əрекет ету аймақтары
Əрбір программалық объектінің түрі мен жариялану орнына байланысты 
өзіндік əрекет ету аймығы болады. Келесідей əрекет ету аймақтары болуы 
мүмкін: блок, файл, функция, функцияның прототипі, класс жəне атау берілген 
аймақ.
Блок. Блок ішінде сипатталған идентификаторлар жергілікті (локал-
ды) болып табылады. Идентификатордың əрекет ету аймағы оның анықталу 
нүктесінен басталып, блок соңында аяқталады, көріну аймағы – блок жəне 
оның ішкі блоктары, өмірлік кезеңі – осы блоктан шыққанға дейінгі мерзім 
болып саналады. Блоктан шыққаннан кейін жады босатылады.
Файл. Кез келген блоктан, функциядан, кластан немесе атаулар кеңістігінен 
тыс сипатталған идентификаторлардың көріну аймағы ауқымды (глобалды) бо-
лып саналады, өмірлік кезеңі тұрақты болады жəне олар анықталу уақытынан 
бастап қолданылуы мүмкін. 
Функция. Əрекет ету аймағы функцияның іші ғана болып табылатын
идентификатор – ол оператор белгілері (label) ғана болып табылады. Бір функ-
ция құрамындағы белгілер əртүрлі болуы тиіс, бірақ олар басқа функциялар 
ішіндегі белгілермен сəйкес келуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет