106
Атау берілген аймақтар
Атау берілген аймақтар жарияланымдарды логикалық түрде
топтау
жəне оларды пайдалану мүмкіндігін шектеу үшін қолданылады. Програм-
ма неғұрлым
көлемді болған сайын, атау берілген аймақтарды қолдану
да соғұрлым өзекті болады. Оны қолданудың
қарапайым мысалы ретінде
бір адамның жазған кодын басқа адамның жазған кодынан ажыратуды
келтіруге болады. Жалғыз ауқымды көріну
аймағын қолданған жағдайда
жеке бөліктерден программа қалыптастыру атаулар сəйкестігі мен
қайшылығына байланысты күрделі жұмыс болып табылады. Атау берілген
аймақтарды қолдану қажет емес құралдарды
пайдалану кезінде жұмысқа
кедергі болады.
Атау берілген аймақты (оны атаулар кеңістігі деп те атайды) жариялау
форматы:
namespace [ аймақ_атауы ] { /* Жарияланымдар */
Атау берілген аймақ бірнеше рет жариялануы мүмкін,
мұндайда келесі
жарияланымдар алдыңғыларының кеңейтілуі ретінде қарастырылады. Осы-
лайша, атау берілген аймақты бір файл шекарасынан тыс жариялауға жəне
өзгертуге болады.
Егер аймақ атауы берілмесе, компилятор оны əрбір модуль үшін əртүрлі
болып келетін, қайталанбайтын бірегей идентификатор арқылы анықтайды.
Объектіні атау берілмеген
аймақта жариялау оны
static
модификаторының
көмегімен ауқымды объект ретінде сипаттаумен бірдей болып саналады. Жа-
рияланымдарды осындай аймаққа орналастыру код жергіліктілігін сақтау
үшін тиімді болады. Бір файл ішінен басқа файлдың
атау берілген аймағының
элементіне қол жеткізу мүмкін емес.
Мысал.
namespace demo{
int i = 1;
int k = 0;
void func1(int);
Достарыңызбен бөлісу: