3-ТАРАУ Программаларды құру технологиясы Біз С++ тілінің бірсыпыра құралдарын қарастырдық (олардың басым
бөлігі С тілінің ішкі жиынына жатады). Енді программа жазу нəтижесінде
көркем əрі сенімді конструкцияға қол жеткізу үшін басшылыққа алынуы тиіс
қағидаларды талқылайтын мезгіл келді, əрине ол тиіп кетсең, сынып кететін
күркешік тəрізді болмауы тиіс.
Бұл тарауда үш бөлім қарастырылған. Бірінші бөлімде ең қарапайым про-
грамма құруда пайдаланылатын ұсыныстар көрсетілген. Олар, негізінен, С++
тілінде алгоритмдер жазуға жəне программаларды құжаттауға қатысты ма-
териалдар. Көлемді программалар құру жəне оларды тесттен өткізу техно-
логиясы екінші бөлімде қарастырылған (117 б.). Үшінші бөлім мəліметтерді
өңдеудің тиімді процедураларын құру үшін кең қолданылатын мəліметтердің
динамикалық құрылымдарын карастыруға арналған.
Программаны кодтау жəне құжаттау Бірсыпыра тəжірибе жинақтағаннан кейін программалаушы өз ережелері
мен стилін қалыптастырады. Бұл үшін тек кездестірген сəтсіздіктеріңнен
ғана сабақ алмай, төменде көрсетілген ұсыныстарға да саналы түрде
жүгіну көптеген кең таралған қателіктерді болдырмауға көмектеседі.
Программалаудың өнерге жатқызылуы (əсіресе дамуының бастапқы
кезеңінде) да себепсіз емес қой, сондықтан, барлық туындайтын жағдайларға
арналған кеңестер беру мүмкін емес.
Біздің қол жеткізетін негізгі мақсатымыз – жеңіл оқылатын, мүмкіндігінше қарапайым құрылымды программа жазу. Көбінесе дұрыс
нəтиже беретін “Better simpler than clever” («ақылға салып созғаннан,
оңайлатып озған жақсы») ұстанымы көпшілікке əйгілі. Барлық програм-
малау технологиялары да осы мақсатқа жетуге бағытталған, өйткені
тек осындай жолмен жеңіл əрі сенімді түрде өзгертілетін программа
1
жазуға болады. Жоғарыдағы ұстанымның мағынасын былайша түсіндіруге
болады: егер кез келген бір əрекетті əртүрлі тəсілдермен программалуға бола-
тын болса, онда олардың ішінен ең ықшамды немесе ең тиімдісін емес, оқуға,
түсінуге жеңіл болатын жолын таңдап алу керек. Бұл, əсіресе, программаны
біреулер жазып, ал оны жұмыс барысында пайдаланып сүйемелдеу басқа-
лар ға жүктелетін жағдайларда өте маңызды болып табылады.
1
Басынан бастап программадағы өзгерістер туралы ойлау қажеттігі түсініксіз болуы мүмкін. Алайда
кез келген сəл де болса сəтті шығарылған коммерциялық өнім үшін жаңа нұсқаларды шығару –
қолданушылар арасында өзектілікті сақтаудың жалғыз тəсілі.
110
Егер сіз жоғарыда көрсетілген тезисті əлі де жеткілікті түрде мойында -
май тын болсаңыз, онда төменде көрсетілген программаны талдап көріңіз. Бір
қара ғанда
1
программа түсініксіз болып көрінгенмен, ол С тілінде жазылған
жəне нəтижелі түрде жұмыс істейді: