120
Əрбір ішкі есеп үшін жоғарыда көрсетілгенге ұқсас сыртқы специфика-
ция құрылады. Бұл кезеңде программаны модульдерге бөлу мəселелері де
шешіледі, негізгі критерий – олардың өзара əрекеттесуін барынша азайту. Бір
есеп бірнеше модульдер көмегімен орындалуы жəне керісінше, бір модульде
бірнеше есеп шығарылуы мүмкін. Жоғарғы деңгейлі жобалауды аяқтағаннан
кейін ғана одан төменгі жобалау деңгейіне көшу жүргізіледі. Алгоритмдерді
жалпылама түрде – мысалы, сөздермен жазу, жалпыланған блок-схемалар
түрінде немесе басқаша да тəсілдер арқылы жазу атқарылады. Егер алгоритм
жазуда қиындықтар туындаса, онда ол алгоритмнің нашар құрылғандығының
белгісі болып табылады.
Жобалау кезеңінде болашақта программаға өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін
ескеріп, өзгерістерді енгізу барынша жеңіл болатындай етіп жобалауға
ұмтылған жөн. Қандай өзгерістерді енгізу қажеттігі туындайтыны белгісіз
болғандықтан, бұл талап «барлығының ортақ теориясын» құруға ұқсас бо-
лады; практика жүзінде нұсқаларды саналы түрде таңдаумен шектелу керек.
Программалаушы өзінің тəжірибесі мен санасына сүйене отырып, болашақта
программның қандай қасиеттерін өзгерту керек немесе жетілдіру қажет бола-
тынын шешеді.
Нақты көлемдегі программалардың барлық егжей-тегжейлерін бірден
ойластыру мүмкін емес болғандықтан, жобалау үрдісі итерациялық процесс
болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: