182
Егер көлік иесі өз машинасын алып кетуге келіп, бірақ көлігі шығатын жолға
ең жақын орналаспаған болса, жолды бөгеп тұрған барлық көліктер жойы-
лады, берілген адамның көлігі тұрақтан шығарылады да, жойылған көліктер
тұраққа бастапқы ретпен қайта орналастырылады.
Көліктердің кіру жəне шығу əрекеттерін модельдейтін программа құрыңыз.
Көліктің кіруі немесе шығуы командалық жол арқылы беріледі, мұнда көліктің
келуінің немесе кетуінің белгісі жəне көлік нөмірі көрсетіледі. Программа кез кел-
ген көліктің келген жəне кеткен уақыты жайлы хабарлама шығаруы керек. Көлік
тұрақтан шыққан кездегі хабарламада басқа көліктердің шығуын қамтамасыз ету
үшін осы көліктің тұрақтан неше рет жойылғандығын көрсету керек.
9-нұсқа
Иілгіш магниттік дискінің мəліметпен толуын модельдейтін программа
құрыңыз.
Дискідегі жадының жалпы көлемі 360 Кбайт. Файлдардың ұзындықтары
18 байттан 32 Кбайтқа дейінгі аралықтағы кез келген мəнді қабылдай алады.
Жұмыс барысында файлдар дискіге жазылады немесе дискіден өшіріледі.
Жұмыс басында файлдар бірінен соң бірі кезекпен жазылады. Файлды
өшіргеннен кейін дискіде бос жады аймағы пайда болады жəне жаңадан жа-
зылатын файл осы бос аймаққа немесе файл бұл аймаққа сыймаған жағдайда
соңғы жазылған файлдан кейін орналастырылады.
Егер файлдың көлемі дискідегі бос аймақ көлемінен асып кетсе, қате ту-
ралы хабарлама шығарылады. Файлдарды жазу немесе өшіру туралы сұраныс
команда жолында беріледі, мұнда файл аты, оның байтпен берілген көлемі,
жазылу немесе жойылу белгісі көрсетіледі. Программа сұраныс бойын-
ша дискідегі бос немесе пайдаланылатын аймақтары туралы мəліметтерді
шығарып беруі керек.
Нұсқау: дискідегі бос жəне пайдаланылатын аймақтар тізімін жеке-жеке
құрған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: