178
□ кездейсоқ пернені басқан кезде мəтіндегі сөздер арасындағы артық бос
орындарды
ерекшелеу;
□ мəтіннің сөздері арасындағы артық бос орындарды өшіріп жəне əрбір
сөйлемді жаңа жолдан бастап жаза отырып, мəтінді дисплей экранына
тағы бір рет шығару.
19-нұсқа
Мəтіндік редактордың көмегімен ұзындығы 700 символдан аспайтын
мəтін жазылған файл құру керек (бір жол мəтіннің ұзындығы 70 символдан
артық болмауы тиіс).
Файл атауының кеңейтілуі DAT болуы тиіс.
Келесі əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ мəтінді дисплей экранына шығару;
□ кездейсоқ пернені басқан кезде мəтіндегі берілген сөзді кезек бойынша
біртіндеп ерекшелеу (берілген сөз пернетақтадан енгізіледі);
□ берілген сөздегі кіші əріптерді бас əріптермен алмастыра отырып,
мəтінді дисплей экранына тағы бір рет шығару.
20-нұсқа
Мəтіндік редактордың көмегімен ұзындығы 1000 символдан аспайтын
мəтін жазылған файл құру керек (бір жол мəтіннің ұзындығы 70 символдан
артық болмауы тиіс).
Файл атауының кеңейтілуі DAT болуы тиіс.
Келесі əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ мəтінді дисплей экранына шығару;
□ мəтіндегі қатар орналасқан бос
орындардың максималды санын
анықтау;
□ кездейсоқ пернені басқан кезде максималды ұзындықты бос орындар
тізбегінің əрқайсысын кезекпен бірьіндеп ерекшелеу.
Достарыңызбен бөлісу: