16-нұсқа Кітапханадағы кітаптар туралы ағымдағы ақпаратты қамтитын программа
кұрыңыз.
Əрбір кітап туралы төмендегідей ақпараттар бар:
□ ƏОЖ – əмбебап ондық жіктелу (УДК) нөмірі;
□ автордың тегі мен инициалдары;
□ кітап аты;
□ басылып шығарылған жылы;
□ кітапханадағы осы кітап саны.
Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
□ кітапханадағы барлық кітаптар туралы мəліметтерді бастапқы тізім
түрінде қалыптастыру;
□ кітапханаға жаңадан түсетін кітаптар туралы мəліметтер қосу;
□ есептен шығарылатын кітаптар туралы мəліметтерді өшіру;
□ сұраныс бойынша кітапханадағы басылып шығарылған жылы бойынша
реттелген кітаптардың бар-жоқтығы туралы мəліметтер беріледі.
17-нұсқа Қаларалық телефон станциясындағы телефондар мен олардың иелері
туралы ақпарат жазылған абоненттер картотекасы сызықты тізім түрінде
ұйымдастырылған.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы сызықтық тізім түрінде бастапқы қалыптастыруды
қамтамасыз етеді;
□ картотеканы толығымен экранға шығарады;
□ телефон нөмірі мен сөйлесу уақытын енгізеді;
□ телефон арқылы болған байланысты төлеуге хабарлама шығарады.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
18-нұсқа Қаларалық телефон станциясындағы телефондар мен олардың иелері
туралы ақпарат жазылған абоненттер картотекасы екілік бұтақ түрінде
ұйымдастырылған.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы екілік бұтақ түрінде бастапқы қалыптастыруды
қамтамасыз ету;
□ картотеканы толығымен экранға шығару;
□ телефон нөмірі мен сөйлесу уақытын енгізеді;
□ телефон байланысын төлеуге хабарлама шығарады.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.