Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет19/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

auto, extern, static
жəне 
register
мəндерінің біреуін қабылдай алады. Олар туралы 
төменде айтылады.
const
модификаторы программада айнымалының мəнін өзгертуге 
болмайтынын көрсетеді. Мұндай айнымалыны атаулы тұрақты не-
месе жай ғана тұрақты деп атайды;
□ Сипаттау кезінде айнымалыға бастапқы мəн меншіктеуге болады, бұл 
инициалдау деп аталады. Инициализаторды екі формада жазуға бола-
ды, алғашқысы – теңдік белгісімен:
= мəні
немесе дөңгелек жақшада:
( мəні )
Тұрақты жариялану кезінде инициалдануы керек. Бір операторда бір 
типтегі бірнеше айнымалыны үтір арқылы бөле отырып, сипаттауға болады.


23
Мысалдар:
short int a = 1; // а бүтін айнымалы 
const ch
а
r C = 'C';
// С символдық тұрақты
char s, sf = 'f'; // инициалдау тек sf-ке қатысты
char t (54);
fl oat c = 0.22, x(3), sum; 
Егер инициалдаушы мəннің типі айнымалы типімен сəйкес келмесе, белгілі 
ережелер бойынша типтерді түрлендіру орындалады (3-қосымша жəне 32 б.). 
Тип пен жады класынан басқа айнымалы сипаттамалары айқын түрде не-
месе келісім бойынша оның əрекет ету аймағын береді. Жады класы жəне 
əрекет ету аймағы тек сипаттаманың өзіне ғана емес, сонымен қатар оның про-
грамма мəтініндегі орналасуына да тəуелді болып келеді.
Идентификатордың əрекет ету аймағы – идентификатормен байланысқан 
жады аймағын пайдалану (онымен қатынас құру) үшін осы идентификатордың 
өзін қолдануға болатын программа бөлігі. Əрекет ету аймағына байланысты 
айнымалы жергілікті (локалды) немесе ауқымды (глобалды) болуы мүмкін.
Егер айнымалы блок ішінде анықталған болса (блок жүйелі жақшамен 
қоршалып тұрады), ол жергілікті айнымалы болып табылады да, оның əрекет 
ету аймағы сипатталу нүктесінен блок соңына дейінгі аралықты қамтиды. 
Ал егер айнымалы кез келген блоктан тыс анықталған болса, ол ауқымды ай-
нымалы болып саналады да, оның əрекет ету аймағы болып осы айнымалы 
анықталған сипаттау нүктесінен файл соңына дейінгі аймақ есептеледі.
Жады класы программалық объектінің (жеке жағдайда, айнымалының) 
өмірлік уақытын, яғни пайдаланылу кезеңін жəне көріну аймағын анықтайды. 
Егер жады класы айқын түрде көрсетілмесе, оны компилятор жариялану 
мəтініне тəуелді түрде (контекстіне байланысты) анықтайды.
Айнымалының өмірлік кезеңі (уақыты) тұрақты (программаны орындап 
біткенше) жəне уақытша (блокты орындап біткенше) болуы мүмкін.
Идентификатордың көріну аймағы деп идентификатормен байланысты 
жады аймағына қарапайым қатынас құру мүмкін болатын программа мəтінінің 
бөлігін айтады. Көбінесе идентификатордың көріну аймағы оның əрекет ету 
аймағымен бірдей болып келеді. Мұндағы ерекше жағдай – ішкі блокта да дəл 
осындай атпен сипатталатын айнымалы болған кезде туындайды. Мұндайда 
сыртқы айнымалы ішкі блоктың əрекет ету аймағына кіргенменен, ол онда, 
яғни ішкі блокта көрінбейді. Дегенмен, егер бұл айнымалы ауқымды болса
онда оның көріну аймағына қатынас құру операциясын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет