20
Көбінесе
функция кез келген бір мəнді есептеу үшін қолданылады,
сондықтан функция атауының алдында оның типі көрсетіледі.
Функциялар
туралы 74 б. айтылады, ал төменде ең маңызды болып табылатын мəліметтер
келтірілген, олар:
□ егер функция мəн қайтармауы тиіс болса,
void
типі көрсетіледі;
□ функцияның
тұлғасы блок болып табылады, сондықтан ол жүйелі
жақшаға алынады;
□ функциялар қабаттасқан түрде берілмейді;
□ əрбір оператор нүктелі үтірмен аяқталады (құрама оператордан
басқасы).
Құрамында
main,
f1
жəне
f2
сияқты функциялары бар программа
мысалы:
Препроцессор директивалары
сипаттамалар
int main(){
негізгі функция операторлары
}
int fl (){
fl функциясының операторлары
}
int f2(){
f2 функциясының операторлары
}
Программа бірнеше
модульден (бастапқы файлдардан) құралуы мүмкін.
Енгізу/шығару туралы бірқатар алдын ала ескертулер. C++
тілінде
құрамдас енгізу/шығару құралдары жоқ, ондай операциялар стандартты
кітапханалардағы функциялар, типтер жəне объектілер көмегімен жүзеге асы-
рылады. Көбінесе екі тəсіл қолданылады: С тілінен мұраланған
функциялар
жəне C++ тілінің объектілері.
С тілі стиліндегі негізгі
енгізу/шығару функциялары:
int scanf (const char* format, ...) // енгізу
int printf(const char* format, ...) // шығару
Бұлар шамалардың кез келген санын
format
форматы тіркесіне сəйкес
форматталған түрде енгізу жəне шығару əрекеттерін орындайды.
Формат
тіркесінде мəлімет шығару кезінде ағымға (экранға) көшірілетін немесе
мəлімет енгізу кезінде ағымнан (пернетақтадан) шақырылатын символдар
жəне % белгісінен басталатын, енгізу жəне
шығару кезінде нақты шама-
лармен алмастырылатын
түрлендіру спецификациялары болады. Програм-
малау кезінде жиі қолданылатын түрлендіру
спецификацияларының тізімі
2-қосымшада берілген.
С тілі стиліндегі енгізу/шығару функцияларын пайдаланатын програм-
маның мысалы: