Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет67/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

struct Options{
bool centerX:l;
bool centerY:l;
unsigned int shadow:2;
unsigned int palette:4;
};
Биттік өрістер кез келген бүтін типте бола алады. Өрістің атауы көрсетілмеуі 
мүмкін, мұндай өрістер аппараттық шекараға туралау үшін қолданылады. 
Өріске қол жеткізу қарапайым тəсілмен – оның атауы арқылы орындалады. 
Өрістің адресін алу мүмкін емес, алайда басқа қасиеттері бойынша биттік 
өрістерді карапайым құрылымның өрістері сияқты пайдалана беруге болады. 
Жеке биттермен орындалатын операциялар байттар мен сөздерге карағанда 
аса тиімді орындалмайтынын ескерген жөн, өйткені мұнда компилятор ар-
найы кодтарды генерациялауы керек, сондықтан айнымалылар үшін жады 
үнемдеу ісі программа коды көлемінің артуына алып келеді. Биттік өрістерді 
компьютер жадында орналастыру компилятор мен аппаратураға тəуелді бо-
лып саналады.
Құрылымдармен жұмыс практикумның [11] алтыншы семинарында толық 
қарастырылған.
Біріктірмелер (union)
Біріктірме (union) барлық өрістері бір ғана адрес бойынша орналасатын 
құрылымның жеке бір түрі болып табылады. Біріктірмелердің сипатталу 
форматы құрылымның форматымен бірдей, тек 
struct
түйінді сөзінің ор-
нына 
union 
сөзі қолданылады. Біріктірме ұзындығы оның ең үлкен өрісінің 
ұзындығына тең. Əрбір уақыт мезетінде біріктірме типіндегі айнымалыда тек 
бір ғана мəн сақталады жəне оның дұрыс қолданылуына программалаушы жа-
уапты болып саналады.
Біріктірмелерді программаны орындау барысында бір мезгілде бір өрістен 
артық қажет етілмейтіні белгілі болған жағдайларда компьютер жадын 
үнемдеу үшін қолданады:
#include  
int main(){


71
enum paytype {CARD, CHECK}; 
paytype ptype; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет