сonst модификаторын жазған жөн. Бұл көлемді программаларды түзетуді жеңілдетеді, себебі
функцияның тақырыбы бойынша оның қандай шамалары өзгеретіндігі, қандайлары
өзгермейтіндігі туралы қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар,
const& типті
параметрдің орнына тұрақты берілуі мүмкін, ал айнымалы үшін, қажет болған жағдайда,
типтерді түрлендіру операциясы орындалады.
Сонымен, функция ішінде өзгермеуі тиіс бастапқы мəліметтерді
тұрақтылық сілтемелер арқылы берген жөн.
Келісім бойынша жиым мен функциядан басқа кез келген типтегі па-
раметрлер (мысалы, нақты, құрылымдық тип, тізбе, біріктірме, нұсқауыш)
функцияға мəні арқылы беріледі.
Жиымдарды параметрлер ретінде беру Функция параметрі ретінде жиымды қолданған кезде функцияға
жиымның алғашқы элементіне нұсқауыш беріледі, басқаша айтқанда,
жиым əрқашанда адрес арқылы беріледі. Мұнда жиым элементтерінің
саны туралы мəлімет жоғалады, сондықтан оның өлшемін жеке параметр
арқылы берген жөн
1
(символдар жиымын бергенде, яғни сөз тіркестерін
1
Егер жиымның өлшемі тұрақты болса, қиындықтар туындамайды, себебі оны формалды
параметрді сипаттау кезінде де, жиымды функция ішінде өңдеу кезінде циклдер шекарасы ретінде
де көрсетуге болады.
81
пайдаланғанда, оның нақты ұзындығын нөл-символдың орны арқылы
анықтауға болады):
#include int sum(const int* mas, const int n); int const n = 10; int main(){
int marks[n] = {3, 4, 5, 4, 4}; cout << "Жиым элементтерінің қосындысы: " << sum(marks, n); return 0; } int sun(const int* mas, const int n){ // нұсқалар: int sum(int mas[], int n) // немесе