79
Функцияның параметрлері
Параметрлер механизі шақыратын жəне
шақырылатын функциялар
арасындағы ақпарат алмасудың негізгі жолы болып табылады. Функция
сипаттамасының тақырыбында көрсетілген параметрлер формалды параметр-
лер немесе
жай ғана параметрлер деп аталады, ал функцияны шақыру опе-
раторында жазылған параметрлер нақты параметрлер
немесе аргументтер деп
аталады.
Функцияны шақыру кезінде алдымен аргументтердің орнында тұрған
өрнектер есептеледі; содан кейін стекте функцияның формалды параметрлері
үшін солардың типіне сəйкес жады бөлінеді де, олардың əрқайсысына
өздеріне
сəйкес аргументтің мəні меншіктеледі. Мұнда типтердің бір-біріне сəйкестігі
тексеріледі, егер қажеттілік туса, оларды түрлендіру орындалады. Типтердің
сəйкессіздігі байқалса, диагностикалық хабарлама беріледі.
Функцияға параметрлер берудің екі тəсілі бар, олар: мəні арқылы жəне
адресі арқылы.
Параметрлерлерді
мəн арқылы беру кезінде стекке
аргументтер
мəндерінің көшірмелері енгізіледі де, функциялардың операторлары осы
көшірмелермен жұмыс істейді. Функция оған берілген параметрлердің
бастапқы мəндеріне қол жеткізе алмайды,
сондықтан оларды өзгерту
мүмкіндігі де жоқ.
Параметрлерлерді
адрес арқылы беру кезінде стекке аргументтер
адрестерінің көшірмелері енгізіледі, ал функция осы адрестер бойынша жады
ұяшықтарындағы аргументтерді пайдаланады да, олардың бастапқы мəндерін
өзгерте алады:
Достарыңызбен бөлісу: