компонентном анализе действует модель вычленения и отбора единиц, то на II
стадии в действие вступает модель синтаксических связей таких отношений,
которая соединяет отдельные абстракции в единое целое, доводя этот процесс до
полного их
слияния и устраняя т.о. структурную расчлененность языкого
содержания и внеположность компонентов по отношению друг к другу” (117.
64.).
Мысалы,
ақсақал сөзі “бұрынғы кездегі қазақ ауылының ру басы, билік
иесі, жасы үлкен құрметті ер адам” мағынасында жұмсалатын тұрақты тіркес
негізінде біріккен тұлға болып табылады.
Ақ сөзі “қар, сүт тәрізді нәрсенің түріндей, қараға қарама-қарсы түс”
мағынасын береді. Мұндағы “түс” лексеманың архисемасы болса, “қар, сүт
тәрізді нәрсенің түріндей” дифференциалды семасы болып табылады да, “қараға
қарама-қарсы түс” интегралды семасы болып саналады. Универбтің екінші
сыңары
сақал сөзінде “түк” архисеманы, “иекке шығатын түк” дифференциалды
семаны, ал “ер адам” семалары интегралды семаны құрайды. Сөйтіп, бұл
аталған семалар лексеманың денотатив семаларын құрайды, яғни сөздің тура
мағынасын білдіреді.Мағына қашан да даму үстінде болатыны белгілі.
Ақ сөзінің
де,
сақал сөзінің де денотат мағыналарымен қатар коннотат мағыналары бар.
Мысалы,
ақ сөзі “асыл, таза, әділ" және “жасы ұлғайған кезде сақал, мұртқа
енген ақ тал ” деген ауыспалы мағыналарында жиі қолданылады. Ал
сақал сөзі
“егде тартқан, көпті көрген ер адам” мағынасында бірнеше тұрақты тіркес
құрастыруға негіз болған. Мысалы:
сақалды басымен, сақалын бұлдады, сақалы
сапсиғанша, сақал шықты, сақалын сыйлады, аппақ сақалымен. Сонда
ақ және
сақал сөздерінде “егде тартқан ер адам", “түк” деген ортақ коннотат семалардың
болуы біреуінің жұтылуы, сөйтіп, семалардың будандасуы қатар
қолданылатын екі лексеманың мазмұн өресінде универбтенуіне, жеткізу
өресінде босаралықсыз таңбалануына әкеледі (1-кесте).
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: