Бірінші жағдай. КС сыңарларының Д
1
,Д
1
қатынаста тұрғанын оларға
“жаймалау” (трансформация) тәсілін қолдану арқылы көз жеткіземіз, яғни атауды
сөйлемге “жаймалағанда” екі сыңардың немесе соңғы сыңардың ұғым- ды
беруде қайталануы екі комноненттің де тура мағынасында екендігінен хабардар
етеді. Мысалы, тоң май – “ерітіп, қатырылған іш май”; іш май – “малдың ішек-
қарнынан сылынып алынатын май”. Ал бұл – бөлек тұлғалаудың бір шарты.
Сөйтіп, бұл жағдайда босаралықпен жазылатын КС-дерді мынадай лексика-
семантикалық топтарға бөлуге болады.
1)
Ас-су, тағам атаулары: тоңмай, іш май, құйрықмай, ақмай,
шарбымай, сұйықмай, бүйрек май; қара шай, қызыл шай, көк шай,
жайдақ шай, бойдақ шай; құнан қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз,
кұда қымыз; қой ет(і), жылқы ет(і), сиыр ет(і), шошқа ет (і), түйе
ет(і) т.б.
2)
Дене мүшелері атаулары: бас сүйек, өкше сүйек, төс сүйек, жамбас
сүйек, шеміршек сүйек, жақ сүйек, бет сүйек; тоқпан жіілік, асық
жілік, қары жілік, құм жілік, ортан жілік; сан ет, бұлшық ет, қол
ет, мойын ет, өлі ет, қара ет, құс ет, қызыл ет; ортан қол, сұқ
саусақ, бас бармақ, ортан терек, шылдыр шүмек, балан үйрек,
кішкене бөбек; ұры тіс, сүт тіс, азу тіс, күрек тіс, ит тіс, қой тіс,
қабан тіс, қасқа тіс, сары тіс, ақыл тіс; ауыз омыртқа, азат
омыртқа, қалбағай омыртқа; ит жауырын, қозы жауырын, тобан
аяқ, маймақ аяк, шу аяқ, малма аяқ, жалаң аяқ, жалаң бас, қауға бас,
дода бас, қазан бас, қасқа бас, қалтақ бас; тоқ, ішек, ащы ішек,
көтен ішек, жылан көз, қыли көз, қара көз, қой көз, көк көз;
3)
Күнделікті тұтыну заттары: ақ құман, кара құман, mac құман, жез
құман, шойын құман; аяқкиім, бас киім, іш киім, сырт киім, тыс
киім, тіз киім, жаздық киім, қыстық киім, өң киім; аяқ бау, қол бау,
бәтеңке бау, уық бау; күрек can, үршық сап, қамшы сап,қалам can;
ибей ағаш, күрсі ағаш; сырт қалта, іш қалта, жан қалта, төс
қалта, кағаз қалта, сағат қалта, қойын қалта, кісе қалта; бас жіп,
кендір жіп, ұрғашы жіп, мойын жіп, өрмек жіп, күзеу жіп, тоқыма
жіп, еркек жіп, өре жіп, машина жіп, ноқта жіп; am арба, жайдақ
арба, өгіз арба, қол арба; mac көпір, ағаш көпір, темір көпір; бет
орамал, қол орамал, бас орамал, мойын орамал, дәс орамал; мақта
мата, жүн мата, жібек мата, тоқыма мата, шыт мата; жаяу
шам, жайдақ шам, ондық шиам, пілте шам, бестік шам; шап айыл,
тәс айыл, құр айыл, кер айыл, ызба айыл; ит шана, жайдақ шана, am
шана, өгіз шана, қол шана, жайма шана; тірі жүн, өлі жүн, күзем
жүн, жабағы жүн, жақ жүн, түйе жүн, пұшпақ жүн, қой жүн,
қылшық жүн, мойын жүн, бауыр жүн; mac ошақ, мор ошақ;
саптама етік, бастама етік, ұлтарма етік, былғары етік,
жайтабан етік, жайдақ етік, мықшима етік; үйрекбас ер, құранды
ер, құрама ер, жапсырма ер, құнан ер, кырғыз ер, қазақы ер, қайың
ер, қаптал ер; түс қағаз, жапсырма қағаз, көшірме қағаз, ватман
қағаз, қатырғы қағаз;
4)
Мекен атаулары: қараша үй, үлкен үй (этн.), қоржын үй, дабыл үй,
жоламай үй, ағаш үй, тұрғын үй, киіз үй, қара үй, жер үй, қазақ үй,
там үй, отау үй; mac жол, машина жол, жалғыз аяқ жол; көк базар,
жайма базар, am базар, жаяу базар; am қора, қой қора, шалы қора,
сиыр қора, тауық қора, шошқа қора; шыға беріс, кіре беріс, тастай
беріс, жата беріс, қаға беріс.
Байқағанымыздай, бұл қатар – алғашқы компоненттері, А.Байтұрсынұлы
терминімен айтқанда, тек сын, яғни түрлерін айыратын сапалық не қатыстық
сын есімдер немесе бұл заттардың неге арналғанын білдіретін сөздер де, соңғы
сыңарлары ортақ болып келетін тіркестер. Тірек компоненттің бір емес бірнеше
тіркесімділікте қайталануы және сол тіркесімділіктің қолдану жиілігі қабыса
байланысқан сөз тіркестерін күрделі номинативтік бірлік дәрежесіне жеткізеді.
Сондықтан бұл жағдайда КС-дің бөлек жазылуы атаулардың түрлерін айырып
көрсету мақсатынан
да
шығады. Бұл
–
КС
компоненттерінің
экстралингвистикалық фактормен Д
1
,Д
1
, немесе Д
2
Д
1
қатынаста тұрғанының
дәлелі. Мысалы, жоғарыдағы жілік, сүйек сыңарларымен келетін КС-дердің
бөлек жазылуы жілік компонентінің “жан-жануарлардың қол-аяғында болатын
негізгі он екі мүшесі”, сүйек сыңарының “адам мен хайуанаттар денесінің
қаңқасы” деген тура мағынасында жұмсалуына негізделеді. Ал қолдану
жиілігіне түскен соңғы қомпоненттердің кейбіреулері мағыналық жалпылану,
кеңею, грамматикалану құбылысына ұшырап," аффиксоид қатарына өтіп
жатады. “Синтаксистік тәсілмен сөздердің бірігу, тіркесу және қосарлану арқылы
жасалған лексикалық бүтіндер тілдің құрамына эволюциялық жолмен біртіндеп
қана енеді” (149. 40). Мысалы, бау, қағаз, май, сап, киім, үй компонента КС-дер
қатарынан шашбау, белбеу, қарақағаз, сарымай, қаламсап, баскиім, ішкиім,
Достарыңызбен бөлісу: |