Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

аяққиім, қонакүй атаулары БС-ге айналып отыр. Мұндағы шашбау, белбеу
атаулары баудың бір түрі мағынасынан гөрі, әдеміліктің, сәннің бір элементіне
айналып бара жатқандай, яғни “өрілген шаштың ұшын бекітетін алтын, күміс
тиындар қадалған лента тәріздес ызған мата” (ҚТТС, 10- т., 174-6.). Бұл атау енді
шашраула болып, туынды етістік жасауға қатысады. Ол – шаштың ұшын ғана


бекітіп қоймай, әдемілік үшін шашбау салып, шаштың түбінен бастап өруді
білдіреді. Атау тура мағынасымен қатар шашбауын көтеру сияқты тұрақты
тіркес және қошеметтеу, көтермелеу мағынасын беретін шашбаулау ауыспалы
мағынасында жұмсалады. Мысалы: “Әй, пәленбайдың баласы, кәне, айтып
жіберші, деп, шашбаулағанда ағылта жөнелетін болдық,” (Ғ. Қабышев.
Күлелең.). Белбеу кіріккен сөз қатарына өтуімен бірге, бүгінде сөзжасам
процестерінде актив қолданылады, “болбыр” мағынасында бос белбеу тұрақты
тіркесін жасайды. Ал қаламсап біріккен тұлғасында доминант мағына алғашқы
сыңар үлесінде. Соңғы сыңардың эллипсиске ұшырау “қаупі” бар. Ішінде сиясы
жоқ ағаш, не пластмасса сап гиперонимі бүтіннің (ішінде сиясы бар, сыртында
ұстайтын сабы бар кеңсе құралы) мәніне айнала, соңында сол бүтіннің атауына
көшкен. “Қаламсабыңды берші” дегенде, біз сиясы жоқ құр сапты сұрамаймыз,
бүтін затты сұраймыз. Біздіңше, күрексап, ұршыққап, қамшысап сияқты бөлек
тұлғаланып жүрген КС-дерде – бірігу процесіне түсіп, бір форманы қажет еткен
құрама сөздер. Осы тұста проф. Н. Оралбаеваның мына пікірі ойымызға
оралады: “Күрделі сөздің біртұтас мағынасының қалыптасуында оның
құрамындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анықтау мәселесі қазір өте үлкен
қиындық туғызып жүрген теориялық мәселеге жатады. Біріккен сөздер емлесінің
дұрыс шешілуімен байланысты басқа да бірсыпыра мәселелер өз шешімін
табатыны күмәнсіз. Біріккен сөз ғана реестр сөз бола алады. Бұл тіліміздегі сөз
санын белгілеуде кемшілік туғызады, осы жағдай басқа тілдерде күрделі сөз
атаулыны бір сөз деп тануға себеп болған ба деген ойға келтіреді. Жазу мәдениеті
– күрделі мәселе. Оны шешуді ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды”
(26.39).
Ал тобылғы can, мүйіз can тіркестері өз кезектерінде саптың неден
жасалғанын көрсетіп, соңғысы алдыңғысын анықтап тұруы себепті қабыса
байланысқан сөз тіркесі болып табылады. Сөйтіп, бір сөздің қолданыс жиілігі –
оның бойындағы кейбір дифференциалды, интенсионалды семалардың
көмескіленуіне, архисемасының жалпыланып, кеңеюіне, абстрактіленуге, кейін
грамматикалануына әкеледі екен. Неміс тілінде бұл құбылыстың “синтаксистік
жылжу” мәнін беретін Zusammenruchkung немесе Juxtoposition деген арнайы
термині бар. Сонымен, біріккен атауға қарай қадам басқан КС-дің универбтенуі
мынадай процесс арқылы жүзеге асады. КС-дерде алғашқы компонент
доминанталық сипат алады, яғни КС-дерде лексикалық мағынаны бірінші сыңар
көтеруге бейім. Мысалы: ас қасық, ас бөлме, am қора, жан қалта, бал қасық,
қызыл ала, он бір, алып кел. Ал егер соңғы компонент бірнеше тіркес құрамында
ұзақ, ұдайы қайталана берсе, мағынасы жалпыланып, абстрактіленіп, тіпті кейде
морфемдік деңгейге өтуі ықтимал. Мұндағы абстрактілену дегеніміз – заттар мен
құбылыстарды оның нақты белгілері мен байланысынан ойша қол үзіп,


елестететін тану формасы. Мысалы, сандық, қап, аяқ қап, кесе қап, уық қап, тізе
қап, желін қап, қазан қап – бір кездері (ҚТОС, 1963) сөзсіз бөлек жазылатын еді,
бүгінде БС деп танылады.
Сонда, біздің пайымдауымызша, КС-де алғашқы сыңар доминанталық
сипатта болады. Тірек компонент бірнеше денотатив құрамында қайталанып,
мағына беру дәрежесі дерексіздене берсе, БС пайда болады. Мысалы, тоң май,
сұйық май, іш май, шарбы май, бүйрек май сияқты ортақ компонент құрама сөз
қатарынан сарымай сөзі БС сатысына өтеді. Бұл – бірнеше тіркесімділікте
қайталанатын, ортақ сыңардың дербес мағынасынан айырылуына бастайды.
Проф. М.Балақаев тірек компоненті бар құрама сөздердің құрылымын басыңқы-
бағыныңқы сыңарлар деп анықтайды да (20. 74), бұл терминге валентность –
актанта сәйкес келетінін айтады.
Алғашқы сыңардың мағына үстемділігіне ие болатынын ритмикалық
екпіннің түсуіне байланысты да аңғаруға болады. Проф. Ә.Жүнісбектің
көрсетуінше, мал қора тіркесінде алғашқы сыңардағы [а] дауыстысына түскен
екпін, екінші сыңардағы [а] дауыстысына түскен екпінге қарағанда 40% көп екен
(65. 67).
Бұл процесті қарапайым химиялық реакция негізінде де түсіндіруге болады.
Судың химиялық формуласы Н
2
О десек, ол оттегі мен сутегінің сәйкес
валенттіліктерінен құралатыны белгілі: Н
4
+ 0
2
= Н
2
0. Жеке тұрғанда лексикалық
дербестігі бар екі сөзді мұндағы сутегі мен оттегінің төрт және екі валентгілігіне
тең деп алып, олардың лексика-семантикалық контаминацияға ұшырап, БС
кұрауын ортақ валенттік алған су формуласына теңестіруге болады: Н
2
0.
Ал КС компоненттерінің бөлек жазылуының екінші жағдайы бұдан
өзгешелеу. Мұнда КС-дің соңғы, ортақ компонентінің эллипсистену мүмкіндігі
негізге алынады. Мысалы: пәтір нан  пәтір, жаппа нан – жаппа, тандыр нан
– тандыр, төңкерме нан – төңкермекүлше нан  күлше, көмеш нан – көмеш,
шелпек нан – шелпек, бөлке нан  бөлке, қатырма нан  қатырма; рұқсат қағаз
рұқсат, куәлік қағаз куәлік, жолдама қағаз жолдама, қатынас қағаз
қатынас, мақтау қағаз мақтау, шақыру қағазшақыру; даңғыл жол
даңғыл, тастақ жолтастақ, соқпақ жол  соқпақ; шабақ балық  шабақ,
қайыс бауқайыс; құм сылақ  сылақ, mac қайрақ  қайрақ, қара балшық
балшық, қайыр құм  қайыр; өре ағаш  өре, жақтау ағашжақтау, жәке
ағашжәке, қада ағаш қада, сандал ағаш сандал, әрмек ағашәрмек,
өткел ағаш — өткел, бастырық ағаш  бастырық, дар ағаш дар, саба ағаш –
саба, білік ағаш – білік, метке ағаш метке, тірек ағаш – тірек, қада ағаш –
қада, жіпсе ағаш – жіпсе, маржан mac – маржан, лағыл mac  лағыл, меруерт
macмеруерт, гауһар macгауһар болып қолданылып, мағына
доминанттылығын гипероним сыңары ала алуы себепті бұл құрама сөздер бөлек


таңбалану сипатына ие болған. Соңғы сыңардың жасырын қалуы КС беретін
нақты мағынаға нұқсан келтірмейді. Қайта эллипсистену нәтижесі “сәтті”
аяқталады. Мысалы: “Қаптан қос уыстап бидай алып, қол диірменге зулатып
тартады да, бірде қатырма, бірде бәтір, кейде жаппа мен тандыр жабады”.
Соңдықтан соңғы компонент бөлек жазылады немесе түсіп, жасырын қалады.
Бұл жерде бір жағынан ағаштың “древесина” мағынасында, қағаздың
“жазылған” дүние (25.55) мағынасында, яғни сыңардың экстралингвистикалық
мәнділікпен Д
2
қатынаста жұмсалуы негіз болып отыр.
Сол сияқты қалың мал этнографиялық атауының бөлек жазылып келуі
қалың сөзінің екінші сыңарынсыз-ақ “айттырылған қалыңдыққа төленетін мал-
мүлік” ұғымын бере алу себебінен туындайды. Және аяқ киім, бас киім, іш киім
сөздерінің ҚТОС-інде әр түрлі таңбалануын осы үрдіс негізінде түсіндіруге
болады. Аяқ киім, бас киім, іш киім КС-дері осы мағынасында аяғы жаман
төрді былғар, аяғыңды су қылма, бастарыңды шешіңдер, ішің жұқа емес пе,
ішіңде не бар деп, тірек компонентсіз де қолданыла береді. Сөйтіп, ортақ
сыңардың эллипсистену мүмкіндігі құрама атаулардың бөлек таңбаланып
жүргеніне себеп болған.
Ал, екінші жағынан, аталған лексемалардың бірге таңбалану үрдісіне
ұшырауы (аякқиім, баскиім, ішкиім) – соңғы компоненттің мағына
жалпылануынан, аффиксоидтық сипатқа көшуі себебінен. Біздіңше, аяқкиім,
баскиім, ішкиім атаулары бірге жазылуы тиіс. Осы реттегі пікірімізді
Н.Оралбаеваның мына тұжырымы арқылы бергенді жөн көреміз: “Жазудың үш
рет өзгеруі күрделі сөздердің жазылуын бір ретке келтіруге мүмкіндік бермеді.
Бұл жағдай орфографияның үстемдік алуына кедергі болуы да мүмкін.
Сондықтан күрделі сөздердің басым тобы сөз тіркесі кезіндегі қалпынша бөлек
жазылуы сақталып қалды....біріккен сөз бен күрделі сөздің айырмасы тек ем-
леге катысты” (26).
Сонымен қатар бау сыңарлы КС-дердің ішінде қарғы бау сөзі соңғы
сыңарынсыз да “иттің мойнына тағатын қайыс бау” мағынасын бере алуы
себепті бөлек жазылып жүр деп түсіндіруге болады. Мысалы: “Күшіктің
мойнына ою-өрнекті әдемі қарғы(бау) жасатып тақты да, содан ұстап жүретін
болды” (Мағауин М. Ақша қар.). Синтаксистік негізде шыққан КС доминанттық
мағынаны бірінші сыңарға көшіреді де, соңы сыңар эллипсиске ұшыраса да,
формант дәрежесінде (морфемдік жұрнақ) қалса да, атаулық сипаты өзгермейді.
Аса таяқ сөзінің де бөлек таңбаланып жүруін осы ыңғайда түсіндіруге болады.
Сонымен, күрделі сөз дегеніміз не? Күрделі сөз кеміңде екі негізден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет