сабақ үлгірімі); 3) түйдекті тіркестердің бөлек тұлғалануы (келе жатыр,
сабақтан кейін, үйдің алды, егер де); 4) фразеологиялық тіркестердің бөлек
тұлғалануы (ит әуре, мысық тілеу); 5) лексикалық синтагмалардың, яғни КС-
дердің бөлек тұлғалануы (тандыр нан, am қора).
Күрделі сөздердің босаралықпен таңбалану сипатын ашу үшін оларды сөз
таптары аясында қарастырдық.
Күрделі зат есімдердің бөлек жазылуының екі жағдайын көрсеттік.
Біріншісінде күрделі сөз компоненттерінің заттық мәнділікпен К
1
,К
1
, қатынаста
тұруы олардың бөлек жазылуына таяныш болды. Оған трансформация тәсілін
қолдану арқылы көз жеткіздік. Мысалы: ортан жілік – “жамбас пен асықты
жілікті ұштастыратын аралық жілік” т.б.
Ал КС компоненттерінің бөлек жазылуының екінші жағдайында соңғы,
ортақ компоненттің эллипсистену мүмкіндігі негізге алынды. Мұнда пәтір нан –
пәтір, жаппа нан – жаппа, куәлік қағаз – куәлік, жолдама қағаз – жолдама,
қатынас қағаз – қатынас, мақтау қағаз – мақтау, шақыру қағаз – шақыру;
даңғыл жол – даңғыл, тастақ жол – тас- тақ, сокпақжол – соқпақ; шабақ
балық – шабақ деп қолданылып, соңғы компонент жасырын қалса да атау
мағынасының өзгермеуі ескерілді. Бұны “тасалау” әдісі деп атадық.
Күрделі сан есімдердің босаралықпен таңбалануының мынадай негіздері
көрсетілді: ортақ сыңардың алғашқы компонент болуы универбтелуге кедергі
келтіреді және күрделі сан есімдер экстралингвистикалық мәңділікпен Д
1
Д
1
қатынаста тұрады; үшіншіден, күрделі сан есімдер кемінде екі құрамды
иероглифтермен берілетіні (11,12) де дыбыстық жазуда ескерілуді керек етеді.
Күрделі сын есімдер компоненттері ажыратыла таңбалануы сыңарлардың
экстралингвистикалық мәнділікпен тура байланыста тұруынан деп табылды.
Мысалы, сары – “піскен егіннің немесе жұмыртқаның сарысындай” түсті берсе,
ала – “ақ пен басқа түстің араласуы” негізінде жасалған түсті білдіреді, сонда
сары ала “сары мен ақ араласқан түсті” тура атайды.
Күрделі етістік сыңарларының дербес тұлғалануы олардың морфологиялық
тұтастығына кедергі келтіреді. Ал қосымшаны тікелей қабылдай алу лексеманың
дербестігін көрсетеді.
Сөйтіп, қорыта келгенде, зерттеу нәтижесі мынадай тұжырым жасауға
мүмкіндік беретінін айтамыз.
Тілдік бірліктердің бірге, бөлек жазылуы – адамның психо-физиологиялық
табиғатына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі” ерекше құбылыс. Ол – графикалық
шарттылық емес, тілдің мазмұн межесіндегі мағыналық өзгерістерін көрсететін,
тілдік бірліктердің сөзайналымдағы сипатын айқындайтын айрықша белгі.
Сондықтан емле сөздіктері сөздердің бірге, бөлек жазылу нормаларын
қаншалықты кодификациялап отырғанмен, қазақ жазу тәжірибесінде
практикалық дағды сөздерді біріктіріп жазу ісінен алға озып отырды.
Тілдегі дыбыстар белгілі бір заңдылықпен біріккенде ғана мағыналы бірлік
құрайтыны сияқты, дербестігін жоғалтқан сыңар екінші сыңарға қосылып, басқа
мағынаға, жаңа қолданысқа көше алады.
Бір зат не кұбылыстың атауы болатын күрделі лексема атаулық жиілікке
түскен сайын бірге таңбалану үрдісіне ұшырай бастайды. Бұл – әсіресе соңғы
позициядағы ортақ компоненті бар КС-дерге қатысты. Оның бір себебі – тілдің
жалғамалылық сипатынан өрбісе, екінші себебі – көп денотатқа ортақ сыңардың
мағыналық құрылымындағы бірнеше дифференциалды семалардың пассив
элементке айналуына баланысты. Осыған байланысты мынадай ерекшелікті
атауға болады. Ол – алдыңғы позициядағы ортақ сыңарлы құрама сөздер соңғы
позициядағы ортақ сыңарлы құрама сөздерге қарағанда бірігу құбылысына жиі
ұшырамайтындығы.
Сөздердің бірге тұлғалануы алдымен семантикалық тұтастықпен ұштасып
жатады.
Сөздер бірігуіне форма жағы да әсер етеді. Көп буынды сөздер бірігуін сана
“ауыр” қабылдайды. Сол себепті тілде қысқарту амалы пайда болған.
Қазақ тіліндегі жиі қолданылатын БС-дер 3000-дай болса, әр түрлі ғылым
салаларының біріккен тұлғалы терминдік атаулары 2000-нан асады. Бұл сандық
көрсеткіш жалпы сөздік қордағы БС үлесінің қомақты емес екенін көрсетеді.
Себебі қазақ тілі орфографиялық ережелері мен емле сөздіктері жазу
тәжірибесінде сөздердің ретсіз бірігуіне регламент қойып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |