Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет64/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөздердің бөлек, бірге тұлғалануы орфография мәселелерінің ішінде
шешуі қиын аса күрделі мәселе болып табылады. Әдетте сөздердің бірге, бөлек
тұлғалануы күрделі сөз, күрделі-құрама сөз, құрама сөз деп әр түрлі терминге ие
болып жүрген, кемінде екі сөзден тұрып, бір ғана зат не құбылыстың атау бірлігі
болып жұмсалатын сөздерге қатысты айтылады.
Сөздердің бұл тобы морфология саласында, сөздерді таптастыру аясында
мүмкіндігінше зерттелді. А.Байтұрсынұлының жазуда сингармонизмнің
лингвалдық түрін бейнелуі құрама сөздердің үндесу заңына сәйкес келгенін
бірге, сәйкес еместерін сызықша арқылы жазуға әкелген. Қ.Жұбанов кіріккен
сөздің сипатын айқындап, КС-дің мағыналық тұтастық белгісін, А.Ысқақов
біріккен сөз, күрделі сөз, қос сөз, қысқарған сөздің айырмашылықтарын,
компоненттерінің арақатынасын көрсетеді. К.Аханов КС бен еркін сөз тіркесін
ажырататын белгілерді, М.Балақаев біріккен сөз сыңарларының мағыналық
жылжуға түсуін айқындайды. Біз бұларды құрама сөздердің мазмұн межесіне
қатысты зерттеулер деп атадық.
Ал құрама сөздердің тұрпат межесі орфографиялық сөздік, емле ережелері,
анықтағыштар көлемінде ғана қаралып, арнайы зерттеу нысанасына алған
жұмыстар (Г.Жәркешова, Ә.Ермеков) БС-дің этимологиясына, яғни мазмұн
межесіне көп көңіл бөлді. Сондай-ақ тұрпат межесі Р.Сыздықова, Б.Қалиев,
Н.Уәлиұлы зерттеулерінде талданады.
Терминдерді реттеу мақсатында мынадай таптастыру жасауға тура келді. Сөз
құрамына қарай жалаң және құрама болып бөлінеді. Жалаң сөз түбірден, туынды
түбірден, кіріккен түбірден тұрады да, құрама сөз қос сөз, қысқарған сөз, біріккен
сөз, күрделі сөздер тобын құрайды.
Құрама сөздердің бірге, бөлек тұлғалану негіздерін іздеуде тілдік таңбаның
ассимметриялы екі жақты сипатына тұрпат межесі (план выражения) мен
мазмұн межесіне (план содержания)  сүйендік. Тілдік таңбаның жазба түрінің
мазмұн межесі фонема; морфема; морфемалардың универб, предикаттық
катынас формалары болса, тұрпат межесі әріп, бас әріп, кіші әріп; олардың
босаралықпен, қосаралықпен, босаралықсыз таңбалануы болып шығады. 
Сөйтіп, БС бен КС-ді тұрпат межесі тұрғысынан босаралықпен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет