Орфографиясы


таңбаланатыңдар, босаралықсыз таңбаланатындар деп екіге бөліп қарастырдық



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

таңбаланатыңдар, босаралықсыз таңбаланатындар деп екіге бөліп қарастырдық.
Босаралықсыз таңбаланатындардың, яғни біріккен сөздердің негізгі
белгілерін айқындау тіл-тілдің қайсысында болмасын бір арнаға сайды деп айту
қиын. Орыс тіл білімінде сөздердің жұрнақ-жалғаумен тұтас түрленуі, ағылшын
тілінде семантикалық тұтастық, неміс тілінде қосымшалардың редукциялануы,
ұластырғыш жалғаулықтардың болуы және БС-дің ортақ бір екпінге ие болуы
осы тілдерде БС-дердің негізгі белгісі ретінде алынады.


Қазақ тілінде босаралықсыз жазылатындарды екі белгісіне формалды
және семантикалық белгілеріне қарай топтастырдық. Формалды белгіні
ұластыруыштар көне құрастыруыштар деп бөлдік. Біріншісі, -лық, -ар, -ғыш,
-ты, -ыс, - қ, -қы, -лар, -ма сөз ұластыратын қызметі бар қосымшалар болып
табылады. Құрастыруыштарды аффиксоид (хана, жанды, ара, аралық, кұмар,
жай, тану), стандарт (көш, басы, шөп, от, гүл, хат, той, жегі, ауру, балық),
жинақтаушы (бас, тікен, тамыр, жапырақ, құрт, тасағаш, аяқ, сөз) тұлғалар деп
үшке бөлдік. Мұндағы аффиксоид кұрастыруыш соңғы екеуінен мағынасының
дерексіздігімен, дербес қолданысының сиректігімен, талғап жалғануымен
(жұрнаққа тән сипаттың болуы) ерекшеленсе, стандарт құрастыруыш соңғы
топтан өзі кұрастырған БС-дің жалпысына ортақ стандарт мағына үстеуімен,
сандық жағынан көп БС бере алатындығымен өзгешеленді. Ал толық мағыналы
сөздің аффиксоидқа айналуына көп мағыналылық, сөз мағынасының кеңеюі,
жалнылануы себеп болады. Тірек компоненттің екі сөзден артық ретте алдыңғы
компонентпен бірге тұлғалануы оны аффиксоидқа айналу үрдісінде екенін
байқатады. Сөйтіп, ҚТОС-іне енген БС-дердің 30 пайызы формалды белгілердің
үлесіне тиетіні анықталды.
Бұл айтылған формалды белгілер бәрін қамти алмайды. Соңдықтан
семантикалық белгілерді айқындауға тырыстық. Бір зат не құбылыстың атауы
болатын БС-дерді семантикалық белгілерге топтастырдық. Мұнда фразеология-
дағы коннотат-денотат теориясын сөздердің бөлек, бірге жазылуына негіздеуге
қолданған әдіс басшылыққа алынады. Осы сөздерді уәжді-уәжсіз-идиомалану
сипатына қарай эндоцентрлі, экзоцентрлі БС-дер деп екіге бөліп алдық. Мұндағы
бірінші топ БС мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағынасынан шығу
сипатын негізге алады. Бұл топ үшке бөлінетіні анықталды. 1-не
экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2

1
, қатынаста тұратын сармай, құрбақа,
көлбақа, ақайрауық, жерошақ сияқты сөздер жатқызылды. Д
2

1
, қатынас КС
тобына тән болғанмен, бұл топтың универбтенуі олардың терминдік мән алуына
байланыстырылды. 2-топқа
жертөле, жертөсек, қонақүй 
сияқты
экстралингвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
2
қатынастағы сөздер жатқызылды. Бұған
көз жеткізу мақсатында трансформация әдісі қолданылды. Ол әдіс универбті
ұғымға “жаймалағанда” композит сыңарларының біреуінің сөйлем мүшесі
болып жұмсалуына негізделді. Мысалы, жертөле – “уақытша мекендеу үшін
жерден қазылып, төбесі жабылған баспана немесе ұрыс даласындағы
әскерлердің уақытша баспанасы”, яғни соңғы сыңар сөйлемде қайталанбайды,
қатынас көрінеді. Сол сияқты баспасөз – “баспадан шығатын газет, журнал”
болып, Д
1

2
, катынаста тұрса, дәл осы үлгідегі қаратпа сөз – “біреуді өзіне
қарату үшін айтылатын сөз” болып жаймаланғанда, Д
1
Д
1
қатынас көрініс беріп,
босаралықпен таңбалану негізі ашылды.
Эндоцентрлі БС-дің 3-тобына қосауыз, ақиық, дөңмаңдай сияқты бүтіннің
орнына бөлшек жұмсалатын синекдохалық қолданыстың атаулық қызметі
негізінде жасалған БС-дер жатады. Гипер-гипонимдік қатынастағы бинарлы
атаудың жалпы мағынадағы сыңарының эллипсистенуі, алдыңғы екі сөздің


универбтенуі Д
1

2
, Д
2

1
қатынаста болуынан шығатыны айқындалды, яғни
қосауыз сөзінің алғашқы компоненті Д
1
-ді көрсетсе, соңғы сыңары ауыз емес
тесікті, яғни Д
2
-ні көрсетеді.
Экзоцентрлі БС-дер БС мағынасының компоненттер мағынасынан шықпау
сипатына негізделіп, олар өз ішінде үш топқа бөлінді. 1-топ Д
2

1
, К
1

2
қатынаста тұрған метонимиялық қолданыстың атаулық қызметінің актуалдануы-
нан пайда болған аюқұлақ, қазтабан, бұзаубас сияқты БС- дерден тұрады.
Мұнда бір заттың архисемасы келесі заттың дифференциалды семасына айналу
себебі  ұқсату негізінде болса, кейде уәжі көрінбейтін катынастардың болуы бұл
қатарды экзоцентрлі БС-ге жаткызуымызға себеп болды.
2-топ ақсақал, ақ сүйек, бойкүйез, бақталас, төлтума, қолтаңба сияқты
метафора негізінде пайда болған БС-дер- ден тұрады. Бұлардың универб
формасына көшу негізін іздеуде семалық талдау әдісі қолданылды. Семалық
талдау бір тіркесімділіктегі екі сөздің ортақ бір семасының болуына негізделеді.
Мысалы, қолтаңба сөзінің алғашқы компоненті қол сөзі “адамның дене
мүшесі” деген архисемасынан, “ұстайтын”, “көтеретін”, “жазатын саусағы”,
“алақаны” бар “дене мүшесі” деген дифференциалды семаларынан адамның
“жазуы”  ауыспалы мағынасында көрінеді. Оның “белгі, мөр” архисемасының
мағыналық дамуға түсіп, “адамның жазуы” мағынасындағы таңба атауымен
тіркесуі қайталанған қатар семаның біреуінің жұтылуына апарады. Сөйтіп, тіркес
универбтелген. Экзоцентрлі БС-дердің бұл тобын К
1

1
, қатынасында көрсетуге
болады. Келесі топ аққұс, ақлақ, ақжүрек, ақбикеш, далантопшы, күлдәрі
(үлбіреген жібек мата) итсабын(өс.), итсандық(өс.) сияқты К
2

2
қатынастағы
сөздерді қамтыды. Сонда бірге жазылатын сөздер Д
12

1
, қатынасынан бастап,
қатынасына дейінгі аралықтағы кұрама сөздерді қамтитыны белгілі болды.
Босаралықпен таңбалануды тілдік бірліктің дербес сөз екенін білдіретін
синтаксистік кұрылымның ерекшелігі деп алып, бөлек түлғалануды бес сатыға
бөлдік: 1) сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы; 2) синтаксистік сөз тіркесі
деңгейіндегілердің бөлек тұлғалануы (алтын сағат,күміс қасық, кеңсе құралы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет