Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


МҮШРІКТЕРДІҢ ӘБУ ТӘЛІПКЕ АРЫЗДАНУЫ



Pdf көрінісі
бет77/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

МҮШРІКТЕРДІҢ ӘБУ ТӘЛІПКЕ АРЫЗДАНУЫ 
Небір қитұрқы мазақтары да, жан қинаған азаптары да Мұхаммедке 
(с.а.у.) әсер етпегенін аңдаған мүшріктер ойласа келіп, енді Әбу Тәліпке 
арыздануды жөн көрді. Өйткені Әбу Тәліп пұттарға табына жүріп, бауыры 
Мұхаммедке (с.а.у.) "тәйт" демеген, керісінше оған шаң жуытпай, қорғаштай 
берген. 
Мүшріктердің басшыларынан он адам арнайы дайындықпен Әбу 
Тәліпке келіп: 
"Ей, Әбу Тәліп! Бауырың Мұхаммедті (с.а.у.) қорғаштауыңды 
қоймайсың, мұны қалай түсінуге болады? Ол біздің қастерлі пұттарымызды 
түкке алғысыз етті, ата-баба жолын қорлады, онымен қоймай бізді ақылсыз 
етіп шығарды. Иланбасқа иланып, теріс бағдармен текке әуре болып 
жүрсіңдер дейді. Сонда ең ақылдымыз сол болғаны ма? Соңынан ергендер 
қатары күннен-күнге көбейіп келеді, бара-бара не болмақпыз? Онсыз да 
қырық пышақ болып жүрген тайпа едік. Мұныкі тіпті сорақы болды. 
Мұсылмандарды сабап нәтиже шығара алмадық, таяғымыз еттен өтті 
де қойды. Бірақ Мұхаммедтің (с.а.у.) бізге айтқандары сүйегімізден өтті, 
жанымызға батты. Шынын айтсақ, сенің басың мен жасыңды сыйлап әлі де 
тартынып келеміз. Не бұзығыңды тый, не болмаса бұдан былай ісімізге 
араласпа. Алдыңнан өтуге келдік", - деп шарт қояды. 
Әбу Тәліп бірден не дерін білмей дағдарып қалады. Екі оттың 
ортасында деген осындай-ақ болар, бірі - сүйікті бауыры, оған қиянат жасау 


124
өңі түгіл, түсіне де кірмесі анық, екіншісі - ата-бабадан қалған әдет-ғұрып 
жолы. Екеуі де қымбат... 
Ол келгендерге кесіп ештеңе айта алмай, жай сөзбен қайтаруға мәжбүр 
болды... 
Араға бірнеше күн салып мүшріктер Әбу Тәліпке тағы келеді. 
"Уа, Әбу Тәліп! Ру ақсақалы ретінде сені құрмет тұтып, сөзіңді жерге 
тастамаймыз. Бірақ ел іші бүлінді, қашанғы шыдамақпыз, ана бұзығыңды 
тыймасаң, ендігі жерде бізге өкпелеме. Алдыңнан өттік. Ата-баба дәстүрін 
жамандап, салт-санамызды аяққа таптап, пұттарымызды күлкі етті. Әбден 
таусылдық. 
Егер сен оған түсінікті тілмен айтып қойғызбасаң, сенімен де, онымен 
де қырқысудан басқа амалымыз қалмады", - дейді олар. 
Әбу Тәліп мүлдем дүбара ойда қалды. Қауымымен қартайған шағында 
дұшпандасқысы да келмеді, жанындай жақсы көретін бауырымен ат 
құйрығын кесісу де оңай емес. Ойы онға, санасы санға бөлініп, ақыры 
Мұхаммедті қасына шақырып алады да жалынышты кейіпте: 
"Қарағым, бауырымнан қалған жалғыз тұяқсың. Сен үшін жанымды 
беруге даярмын. Бірақ мына жасымда руымнан бөлініп, қара бет атанғым 
келмейді. Бір аяғым - көрде, бір аяғым - жерде тұрған шағымда туған-
туыспен жүз шайысып, айырылысу қиын. 
Кеше құрайыштың ақсақалдары келді, сенің істеп жүргендеріңді баян 
етті. Ең болмаса өзіңді ая... екеумізге де қиын, қолымыздан келмейтін 
шаруаға араласпай-ақ қойсаң қайтеді... көптің көңілінен шықпайтын 
әңгімелерді доғарсаң деп едім...", - деді. 
Жағдай шарықтау шегіне жеткендей еді. Бүгінге дейінгі жалғыз 
қамқоры Әбу Тәліп те бас тартқаны ма, сонда? 
Пайғамбарымыз ойға шомып ұзақ отырды. Біраздан соң негізгі 
қорғаушысы Ұлы Аллаһ болғандықтан сенімді түрде, көңілін жайлаған 
кісіше көкесіне тура қарап: 
"Көке! Егер менің оң қолыма - Күнді, сол қолыма - Айды ұстатып, 
алған бетімнен қайтуымды өтінсе де, дінімнен, уағызымнан бас тартпаймын. 
Осыны есіңнен шығармағайсыз. 
Аллаһ осы дінді үстем етіп, мерейін көтеретін болады немесе мен осы 
жолда жанымды берермін", - деді. 
Нақпа-нақ бар айтарын айтса да Мұхаммед (с.а.у.) көкесінің өзін тастап 
кететінін ойлап, көз жасына ерік берді. Мүбәрак көзінен мөлтілдей сырғыған 
моншақтар құдды Әбу Тәліптің жүрегіне тырс-тырс тамып жатқандай әсер 
етті. Осы халде аяулы бауырын тастап кетуі мүмкін бе еді?! 
Әбу Тәліп Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жасымас жігеріне, қайтпас 
қайсарлығына тәнті болып: 
"Көңіл қалауың білсін. Бастаған ісіңді жалғастыра бер. Уаллаһи, мына 
жалғанда саған қорған бола алмасам, өлгенім артық", - деп көзіне жас алып, 
інісінің арқасынан қақты. 
Осы оқиға ауыздан-ауызға тарап, мүшріктер Әбу Тәліптің Хазіреті 
Мұхаммедті (с.а.у.) жалғыз тастамайтынын түсінді... 


125
Мұсылмандар қатары күн санап, сағат санап молая түсті. Мүшріктер 
дегбірсізденіп, ашуға булықты. Ары-бері қарайлап мәселенің бет алысынан 
шошынған кәпірлер қайтадан Әбу Тәліпке келді. Бұл келістегі ұсыныстары: 
"Уа, Әбу Тәліп, саған құрайыш жастарының арасынан ең күшті, ең 
келбетті, ақыл десең тұла бойы тұнған білім - Умара ибн Уәлидті берейік, 
бала қылып ал. Саған көмекші болсын. Оның орнына сен бізге ініңнің 
баласын - Мұхаммедті (с.а.у.) бер, өлтіріп көзін құртайық. Сөйтіп, сен де 
тыныш бол, біз де тыным табайық. 
Кісі орнына кісі береміз деп отырмыз, енді келісерсің". 
Әбу Тәліп қисынсыз ұсынысқа: 
"Бұл не дегендерің жарандар-ау, өлтіру оңай болса, алдымен туған 
балаларыңды беріңдер маған. Мен өлтірейін оларды, сонан соң ғана 
тілектеріңді қабыл етейін", - деп ащы мысқылмен жауап берді. 
Мүшріктер бұған қатты наразылық білдірді: 
"Біздің балаларымызды өз бауырыңмен салыстыруға Қалайша дәтің 
барады? Олар жолынан тайған емес, ескі дәстүрімізден ауытқыған емес. 
Сенікінің жөні тіпті басқа, оны өзің де білесің". 
Әбу Тәліп саспастан: 
"Уаллаһи, Ол сендердің балаларыңның бәрінен де қайырлы. Айтқан 
талаптарың жан түршіктірерлік. Байыбына барып сөйлесеңдер етті. Сендер 
менің бауырымның тырнағына татымайтын балаларыңды маған тәрбиелеуге 
бересіңдер. Ал мен көзімнің нұрындай болған асылымның сынығын сендерге 
өлтіруге беруім керек. Ынсап қайда? Өмір жалғанда бола қоймас бұл 
армандарың", - деді. 
Мүшріктер ызадан жарылардай болды. Кекке толы күпірлі кеуделер 
енді Хазіреті Мұхаммед пен мұсылмандарды ысырып қойып, Әбу Тәліпке 
өшікті. 
Мүшріктердің бұл әрекеттерінен сескенген Хашим руының ақыл 
тоқтатқандары Мұхаммедке (с.а.у.) өздері қамқор болуға ниет білдірді. Бүкіл 
рудың арасынан бөлініп шығып, паналатудан азар да безер басын ала қашқан 
тек Әбу Ләһаб қана. 
Әбу Тәліп өзі бас болып Хашимнің "мен" деген жігіттерін жинап, 
Пайғамбарымызға бас-көз болуды мықтап тапсырды. 
Аталмыш жиыннан да құлақтанып үлгерген азғындар ерегісіп, қалайда 
Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) өлтіруге сөз байласты. 
Арам пиғылдарын іске асыру үшін олар алдын ала келісіп, Харам 
мешітінде бас қосады. Көп ішінде сөз жата ма, бұл хабар Әбу Тәліпке де 
жетеді. Әбу Тәліп дереу Хашим руының жастарын жинап Қағбаға келеді. 
Мүшріктердің алдына шығып: 
"Менің інім Мұхаммедті (с.а.у.) кімде-кім өлтірер болса, өзінің аман 
қалуы неғайбыл. Өз көрін өзі қазғанның кебін құшып жүрмеңдер. Біздікі 
ескерту, арғы жағын ақылға салып таразылаңдар. Мұхаммед - Аллаһтың 
сүйіктісі, соның құрметіне жауын жауып, ел берекеге кенелген. Мүбәрак 
тұлға, қадірлі жан, Тәңірдің таңдаулысы ғой ол. Сондай адамға кім дәті 
шыдап қол көтермекші? Мейірімділігі мен сенімділігіне күмән келтіретін 


126
қайсысың? Хашим руының жетіміне қамқор, жесіріне қорғаушы, жоқ-
жітіктің жәрдемшісі екенін көріп жүрген жоқсыңдар ма? 
Уа, құрайыштар! Бәйтуллаһтың
(Қасиетті Қағба, Алланың үйі)
атымен ант етемін, 
оған жала жауып, жалған айтып, опа таппайсыңдар. Оны өлтіреміз 
дегендерің де - бос әурешілік, мына біз аман тұрғанда ешкім де тиісе 
алмайды", - деп жар салды. 
Еңселері түскен құрайыш "мықтылары" ләм-мим деместен жылыстап-
жылыстап шығып кетті. 
Мүшріктер мұнымен де қарап қалмады. Азаппен, қорлықпен, 
зұлымдықпен Мұхаммедті (с.а.у.) қорқыта алмайтындықтарын түсінген 
сыңайлы. Әбу Тәліп пен Хашим жігіттерінің қатаң ескертуінен біраз 
сескенгенмен үн-түнсіз қалмасы белгілі еді... 
Жаңадан жоспар жасап, қалайда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жолымен 
жүргендерге тосқауыл қоюды ойлады. Халықтың алдында пайғамбардың 
мәртебесін төмендетсе айыздары қанардай қызу іске кірісті. 
Осы мақсатпен іңір үйіріле бәрі сөзін сыйлайтын Уәлид ибн 
Мұғираның үйіне жиналды. Әрқайсысы кезекпе-кезек ойларын айтып, 
көрген-білгендерін жіпке тізгендей баяндады. Имансыздардың күңгірт 
тартқан армандары - қайтсе де Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) наразылар санын 
арттыру. 
Реті келгенде Уәлид ибн Мұғира мынадай пікір айтты: 
"Уа, ағайын, бәріміздің тілегіміз бір. Оны жүзеге асыру үшін 
ауызбірлік керек. Жақында жан-жақтағы араб тайпаларының өкілдері 
жылдағы дәстүрмен Қағбаны зиярат етуге келеді. Сол сәтті тиімді 
пайдалануға тиіспіз. Олар да Мұхаммед жайын ұзын құлақтан естіген болар. 
Сонда да болса жай-жапсарды нақтылау үшін бізден сұрайды ғой. Бәріміздің 
жауабымыз бір жерден шықсын". 
Әрине, бұл тауып айтылған айлакерлік ұсыныс еді. Әркім әр түрлі 
айтса, сенімсіз болары айтпаса да түсінікті. 
Құрайыш мүшріктері Уәлидтің өзіне сауал қойып, пікірін білмек 
болды. Алайда айлакерлікте алдына жан салмаған Уәлид көпшіліктің ойын 
ортаға салғанын мақұл көрді. 
Құрайыш мүшріктері жарыса шуласып: 
"Сәуегей дегеніміз дұрыс шығар..." Уәлид қарсылық білдірді: 
"Жо-жоқ, олай десек, мүлде қателесеміз. Біз талай көріпкелді көрдік, 
оның сөздері сәуегейлікке ұқсамайды. Сәуегейлер ырылдап-мырыңдап 
бірдеңе оқушы еді. Сосын кейде жалған, кейде рас шығып жататын. Ал, 
Мұхаммедтің (с.а.у.) өтірік айтқанын естіген кім бар?!" "... Онда жынды 
дейік..." Уәлид бұған да келіспеді: 
"О не дегендерің? Ол негізі жынды емес қой, жындылардың қандай 
болатынын жұрттың бәрі біледі." Үшінші біреу тұрып: "Шайыр дегенге қалай 
қарайсың?" 
Уәлидке бұл да ұнамады, қостамағаны, жауапты місе тұтпағаны 
жүзінен байқалды: 


127
"Басқа-басқа, арабтар өлеңнің майын ішкен халық қой. Мұхаммедтің
(с.а.у.) сөйлегендерінің өлеңге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Олай деп 
иландыра алмаспыз." "Сиқыршы десек ше?.." - деді көп арасынан бір дауыс. 
Уәлид ернін жымқырып, басын шайқады. Болмайды дегені. "Қисынсыз, ол 
сиқыршыға да ұқсамайды. Сиқырдың неше атасын көрдік, үрлеп, үшкіріп 
жататындардың бірде-біреуіне ұқсаса, мұрнымды кесіп берейін..." 
Айтқан ойларын өткізе алмаған мүшріктер шамданып: "Ау, енді не қыл 
дейсің бізге, онда тоқ етерін өзің айт", - деді. 
Уәлид естігендерін ой елегінен өткізген кісіше ұзақ үнсіз қалды. Әлден 
уақытта тамағын кенеп сөз бастады: 
"Шынымды айтсам, Мұхаммедтің (с.а.у.) сөздерін неге теңеуге 
болатынын мен де білмеймін. Оның айтқандарына мән беріп тыңдаған адам 
сол сөздерден тәтті наз, көңілдерді баурап алатын ерекше саз аңғармауы 
мүмкін емес. Мұхаммедтің (с.а.у.) уағызының тәттілігі балдай, не шырын 
құрмадай десем артық айтпаған болар едім." 
Мүшріктер Уәлидтің лебіздерінен ештеңе түсіне алмай, аң-таң. 
Кеңесші, ақылшылары санап жүрген Уәлид те мұсылман болғаннан сау ма 
өзі? Орнынан тұрып шығып кете барғанын не деп түсінеміз? Бір-біріне қарап 
аңтарылған күйлерінде "Уәлид те діннен безді.." - деп айтып үлгергендер де 
кездесті. 
Алайда Уәлид дінінен шыққан жоқ болатын. Сырттан келгендерді 
сендіретін ортақ пікір жайын оңашада ойланбақ. Біраздан кейін аңтарыла 
күтіп отырғандар алдына шығып: 
"Меніңше, жалған жалалардың ішіндегі ең қисындысы-сиқыршы 
сияқты. Өйткені ол сөзге дәлел ретінде дуалап әке мен баланы, бауырлас 
ағайынды, рулы елді бір-біріне қарсы қойып, ажыратып тынғанын айтсақ 
жеткілікті", - деді. 
Сөйтіп, бәрі осылай деп сөз таратуға келісіп, уағдаласты. Нұр тұлға - 
пайғамбарды сиқыршы атандырып, халықты одан бездірудің жобасы 
жасалды. 
Мүшріктер айтқандай, пайғамбарлар сардары сәуегей де, сиқыршы да 
емес Хақ жолының хабаршысы еді. Сәуегейдің сөзі ықтималдылықтардан 
тұрса, Оның бар айтқандары тек хақ пен шындыққа негізделген-ді... 
Жынды деу ұлы адамға көрер көзге жабылған жала болатын, оның 
достары тұрмақ, қас дұшпандарының өзі ақылының кемелдігіне бас 
шайқайтын. 
Шайырлықпен шатыстыру да орынсыз-тын, оның сөзі - Құдіреттің 
кәламы еді. Құранның әуезді әлемі өлеңдерде болатын қиял әлемінен алыс 
еді... 
Хақ Тағала бір жағынан мүшріктерді жазасымен қорқытып аян түсірсе, 
екінші жағынан сүйікті елшісіне жұбату айтып уахи жолдады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет