130
"Өзім көрдім, әрине", - деген жауаптан соң Хазіреті Хамза ашуға
булығып Қағбаға қарай беттейді.
Әбу Жәһилдің бір топ достарымен бірге әңгіме-дүкенінің үстінен
түскен ол бір ауыз сөзге келместен, Әбу Жәһилді көздеп, садағын тартып кеп
қалады. Басы жарылып қанға бөккен Әбу Жәһилдің жағасына жармасып:
"Сен неңе сеніп қоқаңдап жүрсің? Менің бауырымды балағаттап, боқтаған
сен ғой. Айт, тез жаныңның барында. Мына мен де соның дініндемін, ал
әйтпесе. Мықты болсаң енді маған көрсет күшіңді", - деп жұлқылады.
Әбу Жәһил қорықса да өзін қорғаштап: "Өзі ғой, бізді ақымақ санап,
пұттарға тіл тигізген. Аталар дінін сатып, қайдағы жоқты шығарып, елді
арбап жүрген соң... ", - деді.
Хазіреті Хамза тістенген күйі: "Ақылсыз демей, не десін. Аллаһтан
басқа бар нәрсені Тәңір санайсыңдар. Мына мен де Аллаһтан өзге
Жаратушының жоқтығына, Мұхаммед те оның елшісі екендігіне куәмін", -
деп айтып салды.
Мүшріктер Хазіреті Хамзаға қарсы шығуға батылы жетпей, дымдарын
ішіне бүкті. Әбу Жәһил ғана: "Мұхаммедті (с.а.у.) балағаттағаным рас. Осы
соққыны өзім тілеп алдым", - деп кінәсін мойындады мырыңдап.
Достарыңызбен бөлісу: