МҮШРІКТЕР ҰСЫНЫСЫ
Меккелік мүшріктер дүние-дәулеттің де, атақ-мансаптың да, азап пен
қорлықтың да Мұхаммедті (с.а.у.) алған бетінен тайдыра алмасын түсінген-
ді.
Түсінген де енді Оған басқаша ұсыныстар айтуға көшкен. Бір күні олар
тағы да пайғамбарымызға келіп:
133
"Сен Жаратқаныңнан мынаны тіле, егер Сафа төбесін алтынға
айналдырар болса, онда біз саған иланып, иман келтірейік", - дейді.
Бұл - адам қолынан келмесі айдан анық, тек жоғары құдірет иесінің
жаратуымен ғана болатын іс. Мүшріктер осындай адам қиялында ғана
болатын шаруаларды талап етіп, Мұхаммедтің (с.а.у.) қиналғанын көрсе,
өздері рахатқа бөленердей сезінетін. Сөйтіп өздерін жұбататын. Олардың
армандары - қалайда ұлы тұлғаны мұқату, кекету, өзгелердің басын шырмап,
соңдарынан ерту.
Әрдайым Аллаһтың Расулы олардың тілектерінің орынсыз екендігін,
ондай іске Аллаһтың ғана құдіреті жететіндігін түсіндіруге тырысатын.
Мүшріктер бұл жолы да пайғамбар бас тартады деп ойлаған. Бірақ Мұхаммед
(с.а.у.):
"Егер Сафа алтынға толса, шынымен мұсылмандықты қабылдайсыңдар
ма?" - деді.
Бәрі бір ауыздан келіскен сыңай танытты.
Олардың жауабынан соң пайғамбарлар сардары көкке қол жайып,
қайырымды Жаратқанына жалбарына бастады. Дүние сұлтанының дұғасы
жауапсыз қалмасы белгілі. Сол заматта-ақ Жебірейіл періште келіп:
"Аллаһ Тағала саған сәлем жолдады, қаласаң Сафа төбесін алтынмен
аптайын, бірақ мұнан соң олардың арасынан иман етпегендер шықса, оларды
адам айтқысыз азапқа душар етемін.
Не болмаса бұл тілектерін орындамай, тәубеге келгенше күтейін деп
айтты", - деді.
Он сегіз мың ғаламның берекеті боп жаратылған пайғамбарға таңдау
еркі берілді. Соған қарамастан ол өзіне соншалық зұлымдық жасаған
қауымына жаны ашып:
"Ей, Құдіреті күшті жасаған ием, олардың бұл жолғы тілектерін
орындама, ақыретке дейін оларға тәубе мен рақымшылық жолын ашық
қылғайсың", - деп жалынды.
Пайғамбарлар сәруары бүкіл әлемге рақымдылық үшін жаралған-ды.
Жүрегі мейірімге толы, жүзінен нұр төгілетін. Шалқайғанға еңкейіп,
жылатқанды күлдіріп, залымға қайырымдылық жасаудан танбайтын.
Кектену, өштесу деген оған мүлде жат болатын. Осыншалықты кең пейілі,
асқан сабыры, кешірімшілдігі арқасында жүректерді жаулап, қалың
көпшілікті соңынан ерткен.
Кәпірлердің тұзағы күн сайын түрленді.
Бір күні тағы да мүшрік ақсақалдары жиналып, Аллаһ Елшісіне:
"Сені қалаған әйеліңе үйлендірейік, байлыққа қарық қылып,
ауқаттылардың алды қылайық. Тәңірімізді түкке алғысыз етуіңді тыйсаң
болды", - деп қоқан-лоққы көрсетті, болмаған соң жалынып та көрді. Мұнан
түк шықпасын сезген соң олар:
"Ұсынысымызға құлақ сал, саған да, бізге де қайырлы амал
қарастырдық", - деді.
Расулаллаһ:
"Қайырлы дегендерің не?" - деп сұрады.
134
Құрайыш мүшріктері:
"Сен біздің тәңірлерімізге - Лат пен Уззаға бір жыл табын, сосын біз
сенің жаратқаныңа бір жыл құлшылық қылайық", - деді.
Әрине, бұл да кәпірлердің кезекті тұзағы еді. Осы ойындарымен
Пайғамбарымызды алдап түсірмек болған-тын. Алайда жүз ойланып, мың
толғанып тапқан айлалары да жүзеге аспай қалды.
Осы оқиғаға байланысты Аллаһ Тағала тарапынан "Кафирун" сүресі
түсірілді. Онда былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: |