Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"(Ей, Расулым!) Сен оларға былай де: Ей, кәпірлер!



Pdf көрінісі
бет83/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"(Ей, Расулым!) Сен оларға былай де: Ей, кәпірлер! 
Мен сендердің табынатын тәңірлеріңе, пұттарыңа ғибадат 
етпеймін. 
Менің (Аллаһыма) сендер де ғибадат жасағалы тұрған жоқсыңдар. 
Мен ешқашан сендердің табынғандарыңа табынған емеспін. 
Сендер де ешқашан мен ғибадат қылатын (Аллаһқа) құлшылық 
жасамадыңдар. 
Өз діндерің - өздеріңе, менің дінім - маған." 
Пайғамбар осы сүрені түскен бетінде мүшріктерге дауыстап оқыды. 
Кәпірлер бұл жолы да жеңіліс тапқандарын мойындап, кері қайтуға мәжбүр 
болды. 
Мекке мүшріктерінің жатса-тұрса ойлайтындары - Расулаллаһтың 
насихаттарына сызат түсіру болатын. Осы мақсатпен олар яһуди 
ғалымдарымен кеңескенді жөн көрді. 
Мұхаммед (с.а.у.) жайлы толығырақ мәлімет алу үшін Мәдинаға сапар 
шеккен мүшрік өкілдері яһуди оқымыстыларымен кездесіп, сүйікті 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) 
айтқандарын, 
істегендерін 
баяндады. 
Әңгімелерін түйіндей келе: 
"Сіздер 
Мұса 
пайғамбардың 
кітабы 

Тәураттың 
қожайыны 
саналасыздар. Білімділіктеріңізге ешкім шәк келтірмейді. Осы адам туралы 
дұрыс мәліметті бір білсе, сіздер біледі деген оймен келдік", - деп 
ұсыныстарын жеткізді. 
Яһуди оқымыстылары кәпірлердің талабын былайша қанағаттандыр 
ды: 
"Одан: 
Өткен замандағы жас жігіттердің қайран қалдырарлық ісі не еді? 
Жер жүзін шығыстан батысқа дейін бағындырған тұлғаның хикаясын 
білесің бе? 
Рухтың сырын түсіндіре аласың ба?" деп сұраңдар. Егер бұл сұрақтарға 
жауап бере алса, ол шын мәнінде Аллаһтың пайғамбары. Уағызына құлақ 
қойып, мойынсұныңдар. Ал егер жауап бере алмай күмілжісе, өтірікшінің 
нағыз өзі болғаны. Ұрсаңдар да, соқсаңдар да ерік өздеріңде". 
Мүшрік өкілдері Меккеге қайтып келіп жағдайды қауымдастарына 
бастан аяқ баяндады. 
Мүшріктер үлкен үмітпен пайғамбарымызға барып, яһудилердің айтқан 
үш сауалын сұрады. 


135
Мұхаммед (с.а.у.) сұрақтарға жауап беру үшін ойлануға бір күн мұрша 
берулерін сұрады. 
"Жауаптарды ертең айтайын" - дей тұрып иншаллаһ (Аллаһ қаласа) 
деуді есінен шығарды. Сол себепті бірнеше күн бойы Аллаһтан уахи түспей, 
Расулаллаһ іштей қиналысқа душар болды. Мүшріктердің: 
"Мұхаммед (с.а.у.) бізден бір күн сұрап, бірнеше күн бойы үнсіз қалды" 
деген алыпқашпа әңгімелерін естіген сайын жан азабы арта түсті... 
Арадан бірнеше күн өткенде мүшріктердің сауалдарына жауап ретінде 
аян келе бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет