Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"Пайғамбарға немесе басқа мұсылмандарға туысқан да болса



Pdf көрінісі
бет98/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Пайғамбарға немесе басқа мұсылмандарға туысқан да болса
жәһаннамдық екені белгілі мүшріктер үшін кешірім сұрау дұрыс емес" 
(Тәуба сүресі 113-аят). 
Әбу Тәліптің өлімі ардақты да сүйікті Пайғамбарымызды мұңға 
шомдырып, терең ойға жетеледі. Бала жасынан қамқор болып, мүшріктердің 
азабынан қорғап келген аяулы жанның қазасы төбеден жай түскендей ауыр 
тиді. 
Келмеске кеткен арысын, әке орнына әке болған қимасын пайғамбар 
көңілі шарқ ұрып іздеуде еді. Дегенмен пешенеге жазылғанға көндігу - 
Пайғамбар сабыры мен Аллаһқа берілуінің көрінісі. Өйткені Ол әрдайым 
ақиқат қорғаушы - Аллаһтың назарында. 


157
Әбу Тәліптің иманы тұрғысында 
Әбу Тәліптің иманы мәселесінде алуан түрлі пікірлер айтылған. Шиит 
ғалымдары оның демі үзілер шақта иман келтіріп, кәлиманы қайтарғанын 
айтса, суннит оқымыстылары имансыз кеткеніне тоқталады. 
Осы тұрғыдағы таласты пікірге 
өз көзқарастарын білдіруші 
Исламтанушы ғалымдар өте көп. Солардың бірі былай дейді: «Шииттер иман 
келтіргенін айтады. Сунниттердің көбісі бұл көзқарасқа келіспейді. 
Ал менің жеке пікірім бойынша, Әбу Тәліп Аллаһ Елшісінің 
пайғамбарлығын емес, жеке басын аса жақсы көрген, дәріптеген». 
Әбу Тәліптің қазасына Мұхаммед (с.а.у.) бастаған мұсылмандар аза 
тұтып уайымдаса, мүшріктер көктен іздегендері жерден табылған кісіше 
қатты қуанды. Пайғамбарды қорғайтын, оның сөзін сөйлейтін Хашим 
басшысының болмауы мүшріктердің азғындаған үстіне азғындай түсуіне жол 
ашты... Әбу Тәліптің көзі тірісінде бата алмай жүргендер тістерін қайрады. 
Бірде көшеден өтіп бара жатқан Расулаллаһқа имансыздардың бірі 
топырақ шашып, үлкен іс тындырғандай қарқ-қарқ күледі. Мұхаммед (с.а.у.) 
ештеңе болмағандай кете барады. Үйіне келгенде әкесінің шаң-топырақ 
болған күйін көрген қызы Хазіреті Фатима, мұның дұшпан әрекеті екенін 
дереу аңғарып, жылап жібереді. Анасының артында боздап қалған жас 
қыздың онсыз да жарым жан көңілі босап кеткен. 
Сондағы баласының басынан сипап, көз жасын сүртіп тұрып пайғамбар 
- әкенің айтқаны: 
"Жылама ботам, жылама. Ұлы Аллаһ сенің әкеңді қорғайды... 
Әбу Тәліптің барында мүшріктер маған бұлай жасауға бата алмайтын." 
Мүшріктер 
есірген 
сайын 
есіріп, 
ойларына 
келгенін 
істеді. 
Құтырғандары соншалық, кейбір қылықтары азулы дұшпан Әбу Ләһабтың да 
намысына тиіп, өзінің жақтастарын тыйған. 
Бірақ ол жақтастық ұзаққа бармады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәухидке 
үндеп, қызметіне кіріскен сәтте дұшпандық сезімі басым түскен Әбу Ләһаб 
бәз баяғы қалпына келеді. Мұны көрген имансыздар айтуға ауыз бармас 
әрекеттерімен мұсылмандарды тұқыртады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет