Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ділдашова Меруерт 313-топ курстық жұмыс.

Іш сүзегінің патогенезі 
Іш сүзегінің патогенезі - циклді процесс. Патогенез сатылары 
қоздырғыштың адам организміне енү, тропты тіндерде көбею, 
қанға өту, қаннан барлық ағзаларға таралу және қоздырғыртың 
организмнен бөліну кезеңдеріне сәйкес болып келеді.
Іш сүзегі
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016


Іш сүзегінің патогенез сатылары: 
1. Жұқтыру сатысы. Қоздырғыш ауыз арқылы енеді. Инфекциялық 
процесс басталады. Аурудың әрі қарай дамуы қоздырғыштың 
мөлшеріне, патогенділігіне, вирулентілігіне байланысты. 
2. Біріншілік регионарлы инфекция сатысы. Қоздырғырғішектің 
регионарлы (мезентериальды) лимфа түйіндерінде көбейіп қабыну 
тудырады. Лимфаденит, лимфангит дамиды. Ащы ішектің лимфа 
түйіндерінің ми тәрізді қабынуы пайда болады. Патогенездің 1-2ші 
сатылары аурудың жасырын кезеңіне сәйкес келеді.
3. Бактериемия және токсинемия сатысы. Қоздырғыр шажырқай 
лимфа түйіндерінде қарқынды көбееді, нәтижесінде 
лимфогематогенді тосқауылдан өтіп қан арнасына түседіі - 
бактериемия дамиды. Бактериемия сатысы аурудың басталуына 
сәйкес келеді. Қанға тек қана бактериялар өткен жағдайда ауру 
біртіндеп басталады. Қанның бактерицидті қасиетінің әсері арқылы 
бактериялар жойлады, эндотоксиндер босатылады, олар 
организмнің жалпы улануын тудырады. Нейротропты қасиеттің 
көрінісіне ие болып, олар орталық жүйке жүйесін зақымдайтын 
әрекет көрсетеді және ауыр оқиғаларда status typhosus қоздыруға 
қабілетті. Вегетативті жүйке жүйелерінің зақымдануы, 
метеоризмнің дамуына, іштің ауруына алып келеді. Эндотоксин 
сүйек кемігінің қызметін бәсеңдетіп лейкопения тудырады. Ал 
қоздырғыш лимфа түйндерінде көбейіп, эндотоксин бөлініп қанға 
бактериялармен бірге токсиндер өтсе, онда ауру жедел басталады.
4. Паренхиматозды диссеминация сатысы. Қан айнайымындағы 
жүрген бактериялар иммунокомпетентті жасушаларымен ұсталып 
паренхиматозды ағзаларға жетіп бекінеді. Ағзаларда гранулемалар 
түзіледі. Гранулеманың түзілуі организмнің қорғаныс реакциясына 
жатады, себебі қоздырғыш ошақтанып сол жерде жойылады. Бірақ, 
бактериялардың мүшелерде бөгеліп қалуы ошақтық зақымдануға 
алып келуі мүмкін (гепатит, пиелит, өкпе қабынуы, менингит, 
остеомиелит және т.б. Қоздырғыш дерманың қан тамырларына 
жетіп, сол жерде продуктивті қабынудың әсерінен бөртпелер пайда 
болады. Патогенездің 3-4ші сатылары аурудың өршукезеңіне 
сәйкес келеді.


5. Қоздырғыштың элиминациясы және аллергиялық өзгерістердің 
дамусатысы. Қоздырғыш бүйрек, өт жолдары, ішек арқылы сыртқы 
ортаға бөліне бастайды. Бактерияның организмнен бөлінуі, сондай- 
ақдәреттен, теріден, сілекейден, баласын емізетін ана сүтінен де 
Болуы мүмкін. Капилялларларда микроциркуляция бұзылыстары 
қалыптасып микротромбтар түзіледі. Жергілікті аллергиялық 
реакциялар дамиды, себебі қоздырғыш қайтадан ішекке түскенде 
сенсибилизация қалыптасады. Зақымдалған лимфа түйіндерде 
некроз дану процестері пайда болады. Некрозданған тіндер 
бөлінгенде жара пайда болады. 
6. Иммунитет қалыптасужәне айығусатысы-реконвалесценция 
кезеңіне сәйкес келеді. Ауру қоздырғышының элиминациясына 
бағытталған иммунитеттің реакциясы құрылады. Аурудан кейін 
тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады. Іш сүзегінің 
қайталануы сирек кездеседі. Жұқпалы аурулардың даму кезеңінде 
қорғаушы реакциялар пайда болып, олар организмнің 
қоздырғыштардың босануына көмектеседі. Бұл процесте маңызды 
роль ерекше антиденелерге тән (опсониндер, агглютининдер, 
бактериолизиндер, преципитиндер, антиэндотоксиндер), сонымен 
қатар микро және макрофагтардың рагоцитарлық белсенділігінің 
күшеюіне де тән екендігі анық.
Қазіргі уақытта ұзаққа созылатын бактерия жұқтырушы, іш сүзек 
ауруының созылмалы түрі сияқты қарастырылуда, мұнда 
мононуклеарлы-фагоцитар жүйелерінің клеткаларында қоздырғыш 
сақталады. Созылмалы бактерио-тасымалдашыларында 
макроглобулинді О-антиделердің (19 S немесе IgM) дефициті 
табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет