ә) картада жер бедерін кӛрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-
қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар,
олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың
физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) кӛрсету оңайға
түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың
(магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын,
тікелей кӛруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат кӛзі
мен оны ӛңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) кӛрнекі түрде
кӛрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне
ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны
мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) кӛрсетуді оңайлатады,
яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
үшіншіден, географиялық картада кӛрсетілетін құбылыстарды
іріктеудің
және
қорытындылаудың,
яғни
картографиялық
генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта
адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол
– жол кӛрсеткіш, ӛнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын
барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске
асырудың
негізі. Ауыл
шаруашылығын жерге
орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып,
оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние
туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті кӛрсетуде ӛте маңызды
кӛрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі
әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық
шаруашылығын кӛптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды
дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына
келтіру және табиғатты ӛзгертудің жоспарларын жасау, ӛндіргіш
күштерді
дұрыс
орналастыру,
экономикалық
аудандарды
комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның ӛте сапалы
болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы
болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің
геология құрылысын кӛрсетумен қатар, қазбалардың таралу
заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың
кеңістегі ӛзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да
аса қажетті құрал