Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет40/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   206
ГЕОГРАФИЯ (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің 
географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-
ӛндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін 
жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі. Г-лық 
зертеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен 
жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, 
ӛндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты 
қорғаудың және қалпына келтірудің ғыл. негіздерін жасау. 
География ӛте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары ӛздерін 
қоршаған 
орта 
элементтерінің 
екінші 
бір 
жермен 
ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі 
екендігін байқап отырған. Кӛрген-білген жерлерін, кӛкжиектің ӛзі 
басып кӛрмеген арғы жағын ой ӛрісімен жалғастыра білген. Ӛз 
ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың 
қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Геогр. алғашқы 
мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде 
жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын 
сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. 6 ғ-да Г-да екі бағыт — жалпы 
жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) 
айқындала бастады. Содан бері География ӛзінің дамуында бірнеше 
сатыдан ӛтті. Эллиндік дә-уірде Эратосфен ӛзінің ―География‖ атты 
еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек 
болды. Б.з.б. 1—2 ғ-дағы күрделі Г-лық еңбектерге Страбонның 


―Географиясы‖ (ел тануы), Птолемейдің ―География жӛніндегі 
нұсқауы‖ (геогр. координаттары кӛрсетілген елді мекендер тізімі) 
жатады. Орта ғасырларда География Қытайда, Парсы, Орт. Азия 
және Араболып келді. 16 ғ-дан бастап География аса маңызды ғы-
лымға айналып, жеке салаларға бӛліне бастады. Осы кезеңдерге Г-
ның ерекше ғыл. тілі картография қалыптасты. Ұлы геогр. 
ашылулардың ғыл. қорытындылары голланд ғалымы 
Б. 
Варениустың―Жалпы география‖ атты еңбегінде (1650 ж.) 
жинақталды. 17 — 18 ғ-ларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын 
зерттеуге және оларда ӛтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге 
кӛңіл күшейе түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). 19 
ғ-да неміс саяхатшысы А. Гумбольдт ӛзінің ―Космос‖ (1845—1862) 
атты еңбегінде физ. географияның міндеті — табиғат 
құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі ӛзара 
байланыстарын зерттеу десе, неміс географы К. Риттер ӛзінің ―[[Dіe 
Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des 
Menschen[[‖ (1822 — 1859) еңбегінде Г-ның басты міндеті — 
табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана деп түсіндірді. 
География ӛзінің одан әрі даму сатысында (18 ғ.) геологияға, 19 ғ-
дың 1-жартысында экон. (алғашында ―статистикалық‖) және физ. 
геогр-ларға жіктелді. Г-ның зерттеу объектілері мен тәсілдері 
күрделене түсіп, 20 ғ-дың басында География ғылымдарының 
жүйесін қалыптастырды. Г-лық ғылымдар негізінен 2 топқа 
бӛлінеді. Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық 
география (ӛз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография, 
елтану, т.б. салаларынан тұрады), геоморфология, климатология, 
құрлық гидрологиясы, мұхиттар гидрологиясы, гляциология, 
геокриология, топырақ географиясы, биогеография; қоғамдық 
географиялық ғылымдарға: экономикалық география, әлеуметтік 
география, 
ӛнеркәсіп 
географиясы, 
ауыл 
шаруашылық 
географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы, 
мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді. Бүкіл 
География ғылымдары картографиямен тығыз байланысты. 
География табиғатты зерттеуде физика, химия, геология және 
биология, т.б. ғылымдармен ұласып отырады. Қоғамдық-аймақтық 
зерттеулерде экономикаға, социологияға, демографияға арқа 
сүйейді. Олармен түйіскен бағыттарда жаңа ғыл. салалар — 
аймақтық экономика, геодемография, т.б. бӛлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет