процестер, ауа массасының қимылы бақыланады және ауа
райы туралы болжам жасалады. Климатологияда Жер шарының
климат жағдайлары зерттеледі. Сондай-ақ, Геофизика ғылымының
құрамына океанология (Дүниежүз. мұхитты, теңіз физикасын, теңіз
геологиясын, теңіз химиясын және теңіз биологиясын зерттейтін
ғыл. салаларының жиынтығы); құрлық гидрологиясы (ӛзен, кӛл,
т.б. туралы ілім);гляциология (мұздықтар туралы ілім); Жер
қойнауының физикасы (Жердің ішкі бӛліктерінің физикасы мен
оның
құрылысы
туралы
ілім); сейсмология (жер
сілкінуді
зерттейтін ілім); гравиметрия (жер бетіндегі ауырлық күшінің ӛрісі
туралы ілім); жер бетінің кӛтерілуі туралы ілім (құрлық, теңіз,
мұхиттар беткейінің Ай мен Күннің тарту күші әсерінен кӛтерілуі,
тасуы туралы); Жер қабығының қазіргі уақыттағы қозғалыстары
туралы ілім де кіреді. Геофизика геология, геодезия, география,
геохимия, физика және астрономия сияқты ғылымдармен тығыз
байланыста дамиды.
Сондай-ақ, Жердің терең қойнауларын зерттей отырып, Геофизика
геологиямен бірге Жердің пайда болуы мен даму тарихын да
анықтайды. Геофизиканың барлау Геофизикасы, ӛндірістік
Геофизика деп аталатын салалары кен барлау, Жер қабығын, оның
түрлі
қабаттарының
құрылысын
зерттеуде
қолданылады. ҚазақстандаГеофизиканың метеорология, ионосфера
физикасы, сейсмология және барлау Геофизикасы сияқты салалары
кең дамыған. Қазіргі кезде гидрометеорология қызметі ондаған
метеостансалар арқылы ауа райы мен гидрол. құбылыстарға жан-
жақты бақылау жүргізіп, зерттеп отыр. Жер сілкінуі ықтимал деген
аудандарда жаңадан бірнеше сейсмостансалар құрылып, ондағы
бақылау
жұмыстары
кеңейе
түсуде.
Сондай-ақ,
Бат. Қазақстанның мұнайлы-газды
аудандарының
тереңдегі
құрылысын бақылау және геофиз. жұмыстар тәсілін жетілдіру
жолдары зерттелуде. Қазақстан геофизиктерінің геол., геохим. және
геофиз. кешенді зерттеулерді жүргізуі негізіндеҚазақстан жер
қыртысының терең құрылысы және геол. дамуының тарихымен
байланысты кен байлықтарының орналасуындағы аймақтық
заңдылықтар
анықталды.
Қазақстанның
орта
масштабты
құрылымдық-геофиз. картасы жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: