Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

6) Алтай – Саян таулары. Аймақ герцин қатпарлығында пайда болған
гнегізгі гранитті батолиттен, саздақты, кремнийлі тақтатастан және құм тастан 
түзілген. Неоген – антропоген жамылғысы жұқа, жер қойнауындағы кендері 
жер бетіне жақын жатыр. Кенді Алтай интрузиясында қорғасын, мырыш, 
қалайы, мыс, күміс бар. Нарын және Күрішім жоталарында алтын және сирек 
металдар, Қалба жотасында қалайы, вольфрам кендері кездеседі. 
7) Жоңғар – Сауыр – Тарбағатай таулары. Бұл аймақтың геологиялық 
негізі өте күрделі құрылымнан тұрады. Төменгі палеозойлық кристалды 
тақтатастан, 
кварциттен, 
гнейс, 
мәрмәрден, 
орта 
палозойлық 
теңіз 
шөгінділерінен, карбон мен пермь дәуірлерінің жанартаулық жыныстарынан 
түзілген. 
Беткі 
жамылғысы 
неогендік 
құмтас, 
сазтас 
қабаттарынан, 
антропогендік лесс, қойтас, малта тастан түзілген. Қойнауында полиметал, мыс, 
сирек металл кендері бар. Аймақ Сауыр – Тарбағатай және Жоңғар өлкелеріне 
бөлінеді. 
8) Тянь – Шань таулары. Аймақ кембрий дәуіріне дейінгі тастьанған 
шөгінділерден, метаморфты жыныстардан, палеозойлық интрузиялар мен 
эффузивтерден түзілген. Геологиялық негізінің тектоникалық түзілісі өте 
күрделі. Каледон және герцин тектогенездерінің нәтежиесінде көтерілген тау 
жоталары неоген дәуіріне дейінгі аралықта денудацияланып тегістелген
абсолют биіктігі орныққан. Неоген – антропоген дәуірлерінде альпі тектогенезі
мен қазіргі неотектоникалық қозғалыстың нәтежиесінде қайтадан тау блоктары 
көтеріліп, жас тау пішініне ие болды. Аймақ ландшафтысының ерекщеліктері 
екі өлкенің бөлшектенуіне негіз болып отыр. 
А) Солтүстік Тянь – Шань таулы өлкесі кәдімгі ортаазиялық 
ландшафтысымен сипатталады. Таулы орманды қара түсті және қара топырақ 
түстес таулы шалғынды дала топырақты жерлерде шөлейтті дала, орманды – 
шалғынды дала зоналары орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет