Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (50). 2010 5
117
әкесінің өз балаларынан бас тартуы сияқты
тұстардан Махфуздың әлемді танудағы
көзқарасын байқауға болады.
Оның
әлемге, жаратылысқа деген
көзқарасы деизмге («деизм» - әлемді құдай
жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен
табиғатқа құдай әсерінің қатысы жоқ
дейтін діншіл – философиялық ағым)
негізделген сыңайлы. Ол күллі әлемді
жаратып, өз жаратылысының бойына жан
бітірген
Құдай
қүдіретін,
оның
адамгершілік санасынан алатын рөлін,
сонымен
қатар
жаратушы
өз
жаратылысының бойын, яғни, адамзаттың
ақыл-оймен, санамен марапатталғанын
толығымен мойындайды. Сондықтан да,
Адхамның ақылы мен білімі, ой-санасы
асып-тасардай жеткілікті болғандықтан
ғана, әкесі салт-дәстүрді бұзып, басқару
міндетін үлкен ұлы Идристің еншісіне
емес, кіші ұлының еншісіне жазады.
Адамның басты қасиеттерінің ішіндегі ең
бастысы ретінде ақыл мен білім және ой-
сананы бастапқыда мойындау арқылы
Нагиб Махфуз ғылымның ұлылығы мен
күшін адамның ой-санасының жемісі
екенін айқындайды. Қорытынды бөлімде
алдыңғы
бөлімдердің
логикалық
байланысын
жасай
отырып,
соңғы
кейіпкер Арафаны Габлауидің ұрпақтары
мен ұлдарымен қатар бір деңгейге қояды,
яғни, «ғылымды» әділеттік орнату
жолындағы «діннің» ізбасары қылады.
Алайда, адам баласын ақылды етіп
дүниеге әкелгенмен, Жаратушы оған
көмек бермейді, оның ісіне араласпас
бұрын қиын жағдайларда қол ұшын да
бермейді, роман бойынша, ол адам
баласын ақылды етіп жаратқандықтан да
өз қателіктері мен істері үшін өзі жауап
беруін талап етеді. Габаль, Рифаа,
Қасымдардың іс-әрекеттерінің өзі олардың
аталары Габалауидің ақ батасын алдым
деген өздерінің ішкі наным-сенімдерінің
нәтижесінен
болып
отыр.
Ал
бас
кейіпкерлердің
қиналған
сәттеріндегі
Габалауидің
«келу көріністерінің»-
өңінде емес, түсінде болған жайт сияқты,
немесе, өз қиялынан шығарып алғандай
оқырмандарға күдік ұялатып, күмән
тудырады.
Романда бас кейіпкерлердің қол
жеткізген жетістіктерінің нәтижесі де,
әлеуметтік-реформаторлық
жұмыстарының
негізінде
орнаған
әділеттілік те шектеулі ғана . Әр кейіпкер
«біздің
көшенің»
тұрғындарының
арасында әлеуметтік, мүліктік теңдікке,
қоғамдағы әділеттілікке қол жеткізеді.
Өкініштісі сол- қоғамдағы бұл қол
жеткізген өзгерістердің барлығы өткінші
ғана, кейіпкерлер көз жұмғаннан кейін
бәрінің күл талқаны шығып, өткендегі бір
елес, кейіпкерлер аңыз сияқты болып қана
көрінеді. Қайтадан бай мен кедей пайда
болып, күштілер билікті өз қолдарына
алып, бұрынғы қоғамның қатаң тәртібіне
оралады.
Махфуз заманының талабы қиын
еді. Романның жазылуына қойылатын
талаптарға қарамастан, Нагиб Махфуз кез-
келген діннің әлеуметтік-реформаторлық
маңыздылығының нәтижесіздігі туралы
батыл ой-тұжырым жасайды. Осы себепті
де роман көптеген араб елдерінде,
сонымен қатар Египетте де көпке дейін
жеке кітап ретінде жарық көрмей жүрді.
Арафаның Жаратушыны қапыда өлтіріп
алып, кінәлі болуы адамзат ой-санасында
көптеген залалды ойлар тудырады. Ондай
ойларға өз заманында Достоевский
кейіпкерлері де берілген. Ол - адам қарым-
қатынастарын
реттеп
отыратын
адамгершілік критерийлері, жер бетіндегі
кез-келген нәрсені істеуге рұқсат деген
ойлар. Махфуздың түсінігіндегі ғылым
дегеніміз-
адам
ой-санасының
материалдық әлемді игеруі және ол
әлемнің ресурстарын адам игілігіне жарата
білу қабілеті. Адамзат табиғатты өзіне
бағындырып,
ғылыми-техникалық
прогресске
қол
жеткізгенмен,
оның
жетістіктері адам баласына бақыт әкеледі
деген,
әлеуметтік
құрылымның
адамгершіліктік, әділеттілік мәселесін
шешеді деген жауапкершілік қайда?!
Арафаның қайғылы тағдыры Махфуздың
әлеуметтік
адамгершілік
философиясының мағынасын нақтылай
түседі, әрі адамгершіліктің критерийлері
мен әділеттілік идеяларын іске асыру
жолдарын ары қарай іздеуге бағыт
береді. Біріншісі де, екіншісі де халық