Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет23/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҰСТАЗ ТУРАЛЫ
Ақ Сарбазға алғаш барып жүрген кезім еді. Басында аядай 
бөлмеде таңнан кешке дейін түк істемей отыруға тура келді. 
Ауылға кетейін десем: «асықпа, бола бер» деп жібермейді. 
Істейтін жұмыс жоқ. Әңгіме де айтпайды. Әркім өзімен өзі. 
Таңғы алтыдан кешкі 11-ге дейін 2х3 метр тар жерде үнсіз 1-2 
апта отырып көріңізші.
Қазір байқасам сол кезде менің өзіне сәйкессіз төмен 
вибрациямды үнсіз өңдеп, жоғары жиілікке сәйкестендірген 
шығар деп ойлаймын. Өйткені менің жанымда үн-түнсіз отырса 
да анда-санда: «уһ, жан-ай!» деп қинала, терең күрсініп 
қоятыны есімде қалыпты.
Осындай күндердің бірінде ішім әбден пысқасын, рұқсат 
сұрап базар аралап қайтпақ болдым. Базар Ұстаздың үйінен 
алыс емес. Жаяу барып аралап жүрмін. Бірдеңе алатындай 
ақшам да жоқ. Менікі жай әшейін уақыт өткізу еді. Сөйтіп 
сәмсіреп жүріп бір шеткі тар көшеге тап болдым.
Бір биіктеу ғимараттың алдына келіп тұрмын. Көшеде 
әлем-жәлем киінген, сөмкеше асынған бір жас қыз тырнадай 
сидиып тұр. Мен тура қыздың тұсына келіп тұрып қалыппын. 
Сол мезетте ғимарат есігінен галстугі бар, шырттай киінген, 
қабағы сұсты бастық сипатты бір шал шықты да: «Әй, қыз! кел 
бері! мен сені қалап тұрмын!» – деп әлгі қызды дөрекі түрде 
ішке алып кетті. Әрі қарай бұрылып кетіп бара жатыр едім, 
алдымнан 4-5 жігітпен қосылып әңгіме айтып тұрған қараторы 
қазақ қызы көрінді. Мен жақындағанда маған жүзін беріп 
тұрған қыз қасын керіп, көзін қысып қылмыңдады да қалды. 
«Артымда қыздың танысы келе жатыр-ау» деп бұрылып 
қараймын. Менен басқа жан жоқ. Қастарынан жайлап өтіп 
кеттім.
Осы көргендерімнің бәрі ой да сезім де тудырмай, ұйқыдағы 
түсім сияқты өтіп жатты. Кеште үйге келіп көргендерімді 
сараптап отырып, бағанағы екі қыздың жезөкше екенін 
түсіндім. Көргенімді Ұстазға әңгімелегенде:
Ұстаз туралы


72
Ақ Сарбаз Әлемі
– Мен оны қалай көрмей қалдым? – деп таңдана дауыстап 
жіберді.
– Сіз ол жаққа барып жүрген жоқсыз ғой – деп қоямын, 
тура мағынада түсініп. Ұстаз бұл сөзіме езу тартып күлді де 
үндемеді.
Сөйтсем Ұстаз менің әр қадамымды алдын-ала тексеріп, 
көріп отырады екен ғой. Егер мен жаңағы жерде қыздарға 
көңіл аударып, байланысатын болсам ол Ұстазға көрінбей 
қалмайды.
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дейді. Байлап 
тұрған жағымсыз кармаңыз болмаса, дұшпан сізді туралап 
атып та тигізе алмауы мүмкін. Осыған көзім анық жетті.
Ақ Сарбазды да деңгейі жеткен адам түсінеді, деңгейі 
жетпеген адам түсінбек тұрғай – көрмейтін соқыр, естімейтін 
саңырау секілді болатынына талай куә болдым.
Әңгімем жарасқан бір көкеме қатар жатып Ақ Сарбаз туралы 
айта бастауым мұң екен, әлгі көкем қор етіп ұйқыға аттанып 
кетті. Мен айтқан сайын қорылы күшейе түсті. «Енді қайтер 
екен?» деп тақырыпты ауыстырып, жай әңгімеге көшкенде 
оянып, түк болмағандай әңгімені жалғастыра берді.
Ол ол ма, жоғары санатты, қатаң тәртіпті мұғалима 
келіншек кабинетте әңгімелесіп отырып, мен Ақ Сарбаз 
туралы айта бастағанда көзі жұмылып, басы салбырап қалғып 
қоя берді. Әңгіме тақырыбын ауыстырып едім, көзін ашып, түк 
болмағандай әңгімеге араласты.
Бұл нені білдіреді?
Меніңше бұл Түнек Күштерінің біздің өмірімізге әбден еніп, 
көңілімізді көлеңкелеп, санамызды тұмшалап тастағанының 
белгісі.
Карма байланысы жоқ ортаға тап болған да жаман. Сен 
состиып тұрасың. Жаныңа жан жоламайды. Өйткені кармалық 
байланыс жоқ.
Кейбір жерде адамдардың мені көрмеген сияқты өтіп 
кететінін жиі байқаймын. Олар мұны әдейі істемейді. Бәлкім 
мендегі ой мен сезім ырғағы олардың ырғағына үйлеспейтін 
шығар? Бейнелеп айтқанда сіздің ой-сезіміңіз олар үшін енді 
инфрақызыл сәуленің жарығындай болмақ.
Ақ Сарбаз ойындағысын бүкпесіз тура айтатын, егер біреудің 
аярлығын байқаса, бетің бар жүзің бар демей сойып салатын, 


73
тілі уытты Жан. Әңгіме кезінде алтыншы қасиет көзімен оқиға 
барысын көріп отыратындықтан кейде қызбаланып жаман 
сөздерді де жібере салады.
Боғауыз айтатын әулиелер болыпты деп еститінмін. Марал 
Ишан қорымында жерленген Оспан қожа әулие әңгіме үстінде 
үнемі бір жаман сөз қосып айтып отырады екен. Бір күні 
кемпірі:
– Сені халық тыңдайды. Боғауызың не? Мүридтеріңе 
көрсеткен үлгің осы ма? – деп ренжіпті.
– Халық та Құдайдың бір аты ғой. Халық айтқанымды 
қаламаса мен боғауызды қойдым – депті Оспан.
Сол күннен бастап Оспан әулие халық арасына келмей 
қояды. 4-5 күннен кейін ел оны іздеп үйіне барыпты. Сөйтсе 
Осекең шапаны жалбырап, аяғы салбырап шаңыраққа басымен 
тіреліп қалықтап тұр екен дейді.
– Осеке Жерге түсіңіз! Бұл тұрысыңыз қалай?
– Сендер боғауыз айтпа дегесін, осындай күйге ұшырадым 
ғой – депті Оспан жарықтық.
– Не істесеңіз де біз көндік. Жерге түсіңізші – деп жалыныпты 
жұрт. Сол кезде Оспан әулие бір балағатты айтып, Жерге топ 
ете түсті дейді аңыз.
Адамның жетінші қасиет көзі ашылғанда Жердің Физикалық 
Дүниесінде қала алмайды екен. Денесі трансформацияланып, 
Гиперкеңістікке тірілей өтіп кетеді.
Адамзат тарихында мұндай оқиғалар санаулы болса да 
болған. Соның бірі Қызыр Ілияс (Қыдыр ата)
Ілияс Ақ Сарбаздың бір өмірі – Елисейдің Ұстазы болған. 
Ілияс Ғайып Әлемге тірілей аттанатынын жариялап шәкіртінен: 
«не қалайсың?» деп сұрағанда Елисей: «менің күшім сіздікінен 
екі есе көп болсын» деп қалауын айтыпты.
«Егер менің Ғайып Әлемге қалай өткенімді көрсең, тілегің 
орындалады» деген екен Ұстазы.
Ұстазынан бата алып, екі есе үлкен қасиетке ие болса 
да Елисей өзін мазақтаған жас балаларға қарғыс айтам деп 
кармасын ауырлатып алды. Оны көптеген ғұмыр бойы өтеуіне 
тура келді.
Ақ Сарбаз кітабындағы Ұстаздың өткен өмірлерін зерттеу 
арқылы әркім өз өміріндегі түйткілді нәрселерді түсіне алады.
Ұстаз туралы


74
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет